Home » Мақалалар » Педагогтер педогогикалық идеяларымен бөлісті

Педагогтер педогогикалық идеяларымен бөлісті

Жезқазған қаласы №13 «Ертөстік» бөбекжайы ғимаратында 2016-2019 жылдарға арналған даму стратегиясы негізінде «Парасат кәсіби қоғамдастығы аясында бөбекжай педагогтеріне арналған қалалық «Педагог: кеше, бүгін, ертең» тәжірибелік семинар өтті.
Мектепке дейінгі ұйымдардың Даму стратегиясының «бәсекеге қабілеттілік» бағытын іске асыруда педагогтердің кәсіби деңгейін арттыру, жаңа педагогикалық бастамаларға қолдау көрсетуді мақсат етеді. Тәрбиешілер мен педагогтердің педагогикалық шеберлігін арттыру, үздік инновациялық-педагогикалық тәжірибелерді тану және тарату мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, заман талабына сай оқыту үрдісін ұйымдастырушы болып табылатын педогогикалық қызметкерлердің кәсіби біліктілігін зерделеу және насихаттау. Тәжірибелік семинарға қала бөбекжайларының ішінде №5 «Тамаша», №7 «Айгөлек», № 12 «Салтанат», №13 «Ертөстік», №14 «Балдырған», №15 «Гүлдер» педагогтері қатысып, өзекті баяндамалар оқып, тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар инновациялық ресурстары мен «Әдістемелік қоржын» тақырыбында көрмелерімен таныстырды.

Тәжірибелік семинарға арнайы қонақ ретінде Ө. А. Байқоңыров атындағы «Педагогика және психология дене шынықтыру мен спорт секциясы» кафедрасының аға оқытушысы Н.М. Федченко, Жезқазған қаласындағы балалар және жасөспірімдер кітапханасының меңгерушісі Ж.Ж.Тукенова, білім бөлімінің әдіскерлері Ж.С.Демесинова, Ш.А.Қуанышбекова, қалалық білім қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.А.Күнеділова қатысты. Семинарға ұсынылған материалдардан шағын жинақ әзірленіп, бөбекжайларға табысталды.
Сондай-ақ семинарға қатысқан бөбекжайлардың жұмыстары жоғарғы деңгейде бағаланып, жеңімпаздар «Ең үздік баяндама», «Жаңа форматтағы баяндама», «Әлеуметтік мәнді баяндама» номинациялары бойынша I, II, II дәрежелі дипломдармен, алғыс хаттармен, сертификаттармен марапатталды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады» делінген.

Ендеше бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу жолында жаңашыл педагогтің шығармашылығындағы ең басты қасиет – оның сабақты түрлендіріп, бір мәселені әр-түрлі жолдармен шешуді үйрете отырып, алдындағы оқушының жүрегіне жол таба білуі.
Педагог –тәрбиеші өз кәсібін, алдындағы барлық тәрбиеленушілерін, қызмет ететін бөбекжайын шексіз сүйетін адам. Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация педагогі – педогогикалық құралдардың барлығын меңгерген, өзін – өзі тұрақты түрде жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға болып есептеледі.

 

Сатибалдина Лаура Ергалиевна, І санатты әдіскер.

Рахметова Динара Бакытовна, ІІ санатты информатика мұғалімі

«Жезқазған қаласының білім бөлімінің №13 «Ертөстік» бөбекжайы» КМҚК

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.