Home » Жаңалықтар » Педагогтар өзіндік қалыптастыру жолында

Педагогтар өзіндік қалыптастыру жолында

2017 жылдың 27-наурызынан 17-сәуіріне дейін АҚ «Өрлеу»БАҰО СКО БАИ базасында Қазақстан Республикасы орта білім мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептердегі бастауыш сынып пəндері бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курсы жүргізілді.

Аталған бағдарламаның өзектілігі орта білім мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін және критериалды бағалау жүйесін енгізуді арттыру. Жалпы жұмыс үш бағытта ұйымдастырылды: біліктілікті арттыру және оқыту, бағалау жүйесін жаңарту және бағдарламаны енгізудегі педагогикалық тәжірибемен алмасу (Иванова Ю.В., Петропавл қ. КММ №21 ОМ. және Савенкова И.А., Петропавл қ. КММ №2 ОМ бастауыш сынып мұғалімдері).

Педагогикалық шеберлікті нығайтуға институтта барлық жағдай жасалған. Тренер К.К. Жамантаеваның жетекшілігімен сабақтар тренингтер, ширату және сын тұрғысынан ойландыратын жаттығулар, зияткерлік ойындар және т.б. белсенді оқыту әдістері негізінде құрылған.

Тренер өзінің білімін және тәжірибесін тыңдаушыларға ұсынды. Қолайлы жасалған оқу ортасы, жағымды қарым-қатынас тыңдаушыларға бағдарламаның теориялық сұрақтарын меңгеруге жәрдемдесті.

Белсенді оқыту әдістерді, теориялық материалды меңгеріп қана қоймай, оларды өз тәжірибесіне пайдалануға бағыт берілді. Жүргізілген курс мазмұны педагогтарды бір орында болу емес, керісінше үнемі өзгеріп, өзіндік қалыптасуына ойландырды.

Жаңартылған білім беру жүйесі оқушыларға маңызды технологиялар әлемінде өз орнын табуға, табысты, бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік беретініне сенеміз.

Қорыта келе, жаңаша білімді меңгеруге қолайлы оқу ортасын ұйымдастырғаны үшін институт әкімшілігіне және тренерге алғысымызды білдіреміз.

 

Бастауыш сынып мұғалімдері тобының атынан

Черепанова Т.Н., Гончарова Н.А., Стерхова Е.Ю.,

Кучерова О.А., Иванцова Н.В., Долгушева О.А., Александрова О.Н.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.