Қызылорда облысы Жаңақорған кенті №56 қазақ орта мектебінде 2018 жылдың 26 қаңтары күні республикалық «Білім айнасы» газетінің қызметкері Ботагөз Маратқызы семинар-тренинг ұйымдастырды. Алдымен бұл жобаның «Білім айнасы» газетінің редакторы Қуантай Қатшабаевтың басшылығымен жүзеге асырылып отырғанын, мұғалімдер үшін тиімділігін айтып өтті. Тренингке мектеп ұжымы белсене қатысты. Өйткені семинар ұстаздар үшін маңыздылығымен құнды болды. Семинар барысында Б.Маратқызы «Білім айнасы» газетінің қызметімен таныстыра келіп, газетке мақала жариялаудың әдіс-тәсілдерін, түрін үйретті. Семинарға қатысушы ұстаздарды «Тұлпар», «Сұңқар» екі топқа бөліп, мақаланың міндеті, түрі, құрылымы жайлы топтық тапсырмалар берді. Екі топ өз пікірлерін ашық айтып, қызығушылық танытты. Семинардан мұғалімдер мақаланы қалай жазу керектігін, эстетикалық талғамға сай суреттер жіберуді меңгерді.
Соңында мектеп ұжымы Б.Маратқызы мен «Білім айнасы» газетінің ұжымына өз алғыстары мен ризашылықтарын білдіріп, келешекте сапалы мақала мақалалар жазатындықтарын айтты. «Білім айнасы» газеті редакциясымен алдағы уақытта байланыс үзілмейді деген сенімдеміз.
Басқожаева Роза,
№56 қазақ орта мектебнің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы