Home » Ашық сабақтар » Педагогтардың кәсіби өшуінің алдын алу жұмыстары

Педагогтардың кәсіби өшуінің алдын алу жұмыстары

«Жанашырлық танытудың
қайтарымы – эмоциялық жану
Кристина Маслач

 

Сәлеметсіздер ме! Әріптестер! Қош келдіңіздер!
Ортаға шеңберге жинала қояйық.
Тренинг: Танысу мақсатында .Өзіңізді есіміңіздің басқы әрпінен басталатын ерекше есіммен айтыңыз. Мысалы:Мен №10 «Балапан» бөбекжайының педагог-психологі  Жанат Амангелдіқызы. Мен өзімді жақсы көремін.  Себебі  Мен  Жұмсақ, Жақсы қызбын.т.б

-Енді,әріптестер,отырған орындығыңызда кімде көк көбелек болса – мына орталыққа,кімде қызыл көбелек – мына орталыққа бөліне қойыңыздар.

Слайд көрсету

Маған айт, мен ұмытып кетемін

Маған үйрет, менің есіме қалады

Өзіме істет, мен үйренемін.

1-тапсырма: «Түрлі-түсті доптар» (ламинатталған ақ кағаз бен маркерлер)

Мақсаты: есту арқылы есте сақтауын дамыту.

Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп,қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал,ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.

2 — тапсырма: «Тек көрген түсті оқыңыз».

Қара,ақ,жасыл,қоңыр,сары,сарғылт,ала,күрең қызыл,көк,қара,көгілдір,сұр т.б

(сыни тұрғыдан ойлау).

3 — тапсырма: Кәсіби өшу дегеніміз не? ( сұрақ қойылады,жауап алынады)

( Екі топқа  жеребе ойнатылады. Кәсіби өшу, Кәсіби өсу. Қағазға жазылған сөз қай топқа түседі,сол топ өз жұмысын плакатқа түсіріп,қорғап шығуы керек.

(коллаж жасау) (түрлі-түсті  журналдар,қайшы,желім, т.б) Слайд

Кәсіби жану — ол созылмалы стрестен пайда болатын, адаммен жұмыс жасайтын маманның тұлғалық және эмоциялық күш-қуатының сарқылуы.

Кәсіби жану синдромы — адамдармен жұмыс жасайтын педагог,әлеуметтік қызметкер, психолог, дәрігер, менеджер,журналист,іскер және саясаткер адамдар көп шалдығатын аса қауіпті кәсіби күйреу.

Кәсіби жану іште жиналған жағымсыз эмоциялар сыртқа уақтылы шықпағанда пайда болады.Ол адамның эмоциялық күш-қуаттық қорларын тоздырады:пессимизм,апатия,депрессия,өмірдің мән-мағынасынан айырылуы:өзін кінәлі,тәуелді сезінуі.

«Жанашырлық танытудың қайтарымы — эмоциялық жану» деп Кристина Маслач текке айтпайды. Олай болса оған шалдықпаудың жолдарын бірге үйренейік!

«Үрленген қуыршақ» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың қысылу сезімін жеңу,бұлшықетті босаңсытуға жаттығу.

Нұсқау: Қазір сіздер үрмелі қуыршаққа айналасыздар,ал қазір сіздерден ауа шығарылған. Бастарыңызды еңкейтіп, қолдарыңызды төмен түсіріңіздер,бүкіл денелеріңізді бос ұстаңыздар. Мен қазір үрлеуіш құралдың қызметін атқарамын және «пш,пш,пш», деген дыбыс шығара отырып,доңғалақты желге толтырып жұмысын еске түсіріп,қимылдарын жасаймын. Ал сол кезде сіздер жіберген ауамен толығасыздар,денелеріңізді  түзете бастайсыздар.

Барлығы тұрып,бұлшық еттеріне қысым түсіргеннен соң,жүргізуші:мен қазір тығынды аламын,барлық қуыршақтар шардан жел шыққандағы дыбысқа ұқсас дыбыс шығарады да,орындықтарына отырады,денелерін босаңсытады.Рахмет.

«Обруч» Обручтарды жерге қойып,1.2.3.нұсқаулығы берілген кезде секіру,әркім өз орнына келгенше. Мақсаты:көңіл-күйлерін көтеру,қарым-қатынастарын нығайту.

«Күрек» ойыны.

Мақсаты:педагогтарды жинақылыққа,ұйымшылдыққа, бірізділікке, әділдікке, тату қарым-қатынасқа шақыру.

Жіппен байланған күректі тек жіптерінен ұстау арқылы екі топ кішкентай допты күрекпен алып,ортадағы шелекке салуы керек.

Келесі тапсырма бір рет қолданылатын ыдыстарға сурет салғызу.

Керекті материалдар: Бір рет қолданылатын ыдыстар,гречка, сөк, күріш, манка, фасоль, гуашь, қылқалам, акварельді бояу,желім.т.б.

«Жіп бойындағы суреттер»  Қазіргі өз көңіл-күйіңіздің суретін салыңыз.

Қорытынды: Бойыңыздағы дерт – сіздің ойыңыздың,мінезіңіздің сәулесі.Демек дерттің себебі,сіздің өз бойыңызда.Барлық дерт,барлық күйзеліс-түйсігіңіз бен тілегіңіздің үйлеспеуінің қорытындысы.

Ән: «Әріптестер алға,қанаттарың талма».

  1. Бәріміз де бір дәуірдің ұстазымыз,

Бірге өтуде талай-талай  қыс-жазымыз.

Құрметтейік ең қадірлі ұстаз атын,

Әріптестер ,әз жандар!

Қайырмасы:

Тренингте бас қостық біз бәріміз де

Көп болсыншы айтар талай әніміз де.

Әріптестер алға,қанаттарың талма,

Биіктерге,биіктерге самғаңдар.

  1. Көбейсінші білімқұмар шәкіртіміз,

Жақсылықпен ата берсін әр күніміз.

Жалақымыз уақытында қолға тиіп,

Жете берсін бәріне.

Қайырмасы:

Қаламдардың сиялары таусылмасын

Азаймасын бастықтардың тапсырмасы.

Бітпейтұғын қағаздардың арасында,

Аман-есен,аман-есен  жүрейік!

Жүрекшелер ұсынылады.

Бүгінгі тренинг,ойындар көңіліңізден шықса яғни ҰНАСА жол сөмкесіне жапсырыңыз,ҰНАМАСА қоқыс шелегіне тастаңыз!

 

 

Жанат Амангелдіқызы Турсынбаева,
«№10 «Балапан» бөбекжайы»
МКҚК педагог-психологі,
Орал қаласы, БҚО

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.