Елбасы Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауында білім беру жүйесіне әлемдік стандарттар деңгейіне сәйкес сапалы қызмет көрсету, еліміздің әлеуметтік–экономикалық дамудың мықты ресурсы болуы үшін және мемлекет пен қоғамға барынша пайда әкелу үшін білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру міндеттері қойылуда.
Бұл бағытта білім беру саласында да кезек күттірмейтін бірқатар шешілуі тиіс мәселелер мен атқаратын ауқымды жұмыстар–білім беру жүйесіндегі жаңашылдық үдерістердің жүзеге асуы, біліктілік арттыру жұмыстарының қарқынды дамуы, оны жаңарту мен тиімділігін арттыру бағытындағы атқарылып жатырған жұмыстар осының дәлелі. Әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және қоғам қажеттіліктеріне сай заманауи көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыра отырып, уақыт талабына лайық жауапты, сапалы, білікті, құзіретті педагогты қалыптастыру көзделеді.
Білім беруді жаңарту жағдайында білімнің жаңа сапасына жету білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз етуге тәуелді болып табылады. Білім беруді дамыту және оны сапалы өзгеру мәселелерін шешу педагогикалық қызметтегі өзгерістерге де, біліктілікті арттыру жүйесіндегі өзгерістерге де байланысты болады. Бұл жағдайда біліктілікті арттыру жүйесі ретінде педагогтардың кәсіби дағдылары мен іскерліктерін бекіту механизмі емес, педагогтардың кәсіби қызметін, оның педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту айтылып отыр.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін қояды.
Бүгінгі күнде әлемнің басты ерекшелігі – жылдам өзгерістер. Біздің еліміздің экономика, саясат, қоғамдық өмірдегі өзгерістер бойынша алға қойған бағыты қоғамның барлық институттарында болатын өзгерістерге әкеледі. Жаңартылған жүйеде адам миссиясының, оның саяси және рухани көзқарастарының өзгеруі болашақ қоғам мүшесінің тұлғасына, оның білімдік және кәсіби дайындығына жаңа талап қоюды қажет етеді.
Қазақстандық білім беру–тұлғаны өзінің қандай жағдайда өмір сүріп, еңбек ететіндігін түсіне отырып, қалыптастыруға бағытталған.
Заманауи білім беру жүйесін реформалау педагогикалық кадрларға жаңа талаптар қояды. Еркін және белсенді ойлайтын, өз қызметінің нәтижелерін болжайтын және оқыту – тәрбие үрдісін тиімді модельдейтін педагог қойылған міндеттерді шешудің кепілдемесі болып табылады.Бүгінгі таңда жоғары білікті, шығармашылық жұмыс жасайтын, әлеуметтік белсенді,бәсекеге қабілетті, заманауи әлемге бейімделген тұлғаны тәрбиелеуге қабілетті педагогқа сұраныс артып отыр.
Еліміздің жарқын болашағы, мектеп болашағы – ұстаздардың ізденісінде, балаларға деген сүйіспеншілігінде, кәсіптік деңгейіне байланысты болып табылады. Қазіргі заманғы зерттеулерді талдап отырсақ,табысты педагогикалық қызмет үшін маман кәсіби дайындық, педагогикалық құзыреттілік, өзіндік кәсіби сана,педагогикалық қызметке дайындық,педагогикалық қарым– қатынас, өзін–өзі кәсіби дамыту, біліктілікті арттыруға ұмтылу секілді кәсіби дағдыларға ие болуы шарт.Осы талаптарды орындауға ынтасыз педагог өз қызметінің толыққанды маманы бола алмайды. Кәсіи даму үрдісінде педагог өз қызметінде жетістікке жетіп, оның жұмысы тиімді болып, кәсіби деңгейі арта түседі. Осы міндеттерді табысты шешу қажеттілігі педагогтардың кәсібилік деңгейін арттыру,әр педагогтің өз күші мен қабілетіне сенімділігін арттыратын жетістікке жету мүмкіндігі болатындай жағдай жасау мәселесін өзекті етеді.
Мұндай жағдайларды қамтамасыз ету жолдарының бірі – мектептегі білім беру ортасын өзгерту мен дамыта алатын педагогикалық біліктілікті арттырудың жаңа жолдары мен формаларын іздеу болып табылады.
Оларға педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру мен жоспарлауды жетілдіру,педагогқа шығармашылығын көрсетуге, өзін тұлға және маман ретінде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жағдай жасау, педагогтардың жаңа педагогикалық ойлауы мен әдістемелік мәдениетін дамыту, мүмкін болатын педагогикалық кадрлармен қызметті ұйымдастыруды жатқызуға болады.
Педагогтардың біліктілігін үздіксіз арттыру мақсатында институтта өткен жылы, яғни 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша қысқамерзімді 28 біліктілік арттыру курсы ұйымдастырылып, оған 772 тыңдаушы қамтылды. Бұл курстар мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық қызметкерлеріне,негізгі орта,жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының педагогтеріне, және инклюзивті білім беруді дамыту бағыты бойынша жұмыс жасап жүрген мұғалімдерге арналды. Сонымен қатар робототехника негіздері бойынша, мемлекеттік тіл бойынша, алғашқы әскери және технологиялық дайындық оқытушы-ұйымдастырушыларына да курстар ұйымдастырылды.Және де жоспардан тыс «Әліппе-Букварь» әдістемесін апробациялауға қатысты біліктілік арттыру курсы өткізілді.
Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында, яғни пәндер бойынша оқу бағдарламаларын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу мәнмәтінінде мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру мақсатында 1741 мұғалімді қамтыйтын 67 курс ұйымдастырылды, оның 52-сі қазақ тілінде, 11-і орыс тілінде, 4-еуі ағылшын тілінде өткізілді.
Сонымен қатар 2017 жылы мемлекеттік тапсырыс аясында шет тілдерін меңгеру деңгейлерін айқындайтын жалпы еуропалық тілдік құзыреттілік параметрлеріне сәйкес А1 деңгейінен А2 деңгейіне дейін мұғалімдердің ағылшын тілін меңгеруін жетілдіру және ағылшын тілінде жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді оқыту әдістемесін меңгерту мақсатында орта білім беретін мектептердің биология, информатика, физика, химия пән мұғалімдеріне «Үш тілде оқыту жағдайында мұғалімдердің пәндік және тілдік-қатысымдық құзыреттіліктерін қалыптастыру» тақырыбы бойынша 640 сағаттан тұратын 2 біліктілік арттыру курсы өткізілді. Аталған осы курсқа 35 тыңдаушы қатысып, өздерінің біліктіліктерін арттырды.
2017 жылы орта білім беретін мектептердің жалпы пән мұғалімдеріне «Тиімді оқыту» бағдарламасы бойынша /үшінші (базалық) деңгей/ және «Өзін-өзі тану»рухани адамгершілік білім беру бағдарламасының «Сабақтағы жалпыадамзаттық құндылықтар» деңгейі бойынша біліктілік арттыру курстары ұйымдастырылды.
Үстіміздегі 2018 жылы өткізілетін біліктілік арттыру курстарының жайына тоқтала кетсем, орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында өткізілуі тиіс 59 біліктілік арттыру курсының 49-ы өткізілді.Ал қысқамерзімді курстардан 26 курс өткізілуі тиіс болатын, оның 5-еуі ұйымдастырылды.Алдағы уақытта қалған курстан өтіледі деп күтілуде.
Бұның барлығы білім беру жүйесін модернизациялау бағытындағы игі істер ел дамуының стратегиялық міндеттерімен ұштасады және осы білім саласында болып жатқан реформаларды жүзеге асыруға педагогтар еңбегі үлес қосады деп институтта атқарылған ауқымды жұмыстармен жауап береміз.
Институттың әдістемелік жұмысы–ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы уақыт талабына лайық жетілдіру жағдайына сүйене жүргізіледі. Өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір педагогтың біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталады.
Галимжанова Маржан Анесқызы
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы
Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институтының директоры, п.ғ.к, профессор