Home » Мақалалар » Педагогика психологияның қоғамдағы рөлі

Педагогика психологияның қоғамдағы рөлі

Халқымыздың тәлім-тәрбиелік педагогикалық-психологиялық ой пікірлері ерте заманнан бастау алған. Одан әрі өткен замандаға көз жүгіртсе, Орхон-Енисей түркі тас жазуларынан түрлі ойлар көптеп кездескен. Ұлттық психология жайында көптеген ойларын зиялы қауымнан бастап, тәжірибелі психологтарда, қызмет атқарып жүрген психологтарда көтеріп жүргені мәлім. Өз заманында Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов,Төлеген Тәжібаев сынды  ғалымдарымыз іргесін қалап бастаған, жалғасын тапқан бұл – Қазақ психологиялық қоғамын. [1]

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасында  ұлттық бірегейлікті сақтау жайында «Ұлттық жаңғыру деген ұғым  қоғамның кемелденуін дегенді білдіріп, ал прагматизм жайында « нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетелеуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану-мінез-құлықтың прагматизмі жайында «нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.» делінген.  Елбасының осы еңбегінде рухани жаңғыруда қоғамдық, гуманитарлық ғылымдардың  дами түсуіне (тарих, саясаттану, әлеуметтану, философия, мәдениеттану, филология, психология) барлық жағдайды жасауға тиіспіз делінге. Осы қоғамға педагогика психологияның дамуына әлі де күш салуымыз қажет. Қазақстанда психологиялық ілімді насихаттау, ғалымдар мен мамандарды осы ғылымның дамуына ат салысу үшін жұмылдыру мақсатында қоғам құрылғаны мәлім. [6]

Қазақ халқының кемеңгерлеріміз «адам баласының мінезін түзеп болмайды» деген пікірге келіспеген. Керісінше адам тәрбиесіне зор ғылым екендігін, кісіні бұзатын да, түзейтін де тәрбие екеніне сипаттама беріп кеткен. Адам баласын тәрбиелеу үшін нақты мақсат міндеттер керек. Тәрбие туралы әр заманнан шыққан зиялы қауымның пікірлері әртүрлі  біреуі-кісінің мінезін түзеп адамгершілікке тәрбилеудің  ерекше мән береді дейді [4-]

Тәрбие сан-саналы  болады олар: дене тәрбиесі мен рух тәрбиесі екені мәлім. Адамның тән сырқатын емдейтін дәрігер мамандығы болса, білім беру ұйымдарында  ақыл есін, мінез-құлқын, рухани байлығын жан-жақты жетілдіретін мектеп психологы немесе мұғалім.

Басқару психологиясында басқарушы үш түрлі стиль анықтаған: авторитарлық (әкімшілдік, әміршілдік), демократиялық (жұрттың пікірімен санасу, тіл табысу), либералдық (бейтарап). Авторитарлық стиль қай қызмет саласында болмасын негізінен мынандай өкім,бұйрық басымдылығымен сипатталады, яғни шешімді өзі қабылдап, қол астындағы жұмыс жоспарына құлақ аспайды, негізгі шешім өз пікірі болады. Демократиялық стиль  шешім қабылдамас бұрын қол астындағылардың пікіріне құлақ асады, мәселені бірге талқылайды. Либералды стиль қызметкерлермен тек қана  жұмысқа қажетті ақпараттарды, материалдарды жеткізуші делдал ретінде әрекет етеді. Басқару психологиясы аталған үш стиль бір-бірін толықтырады. Бұл орайда, білім беру мекемесінде де ықпалы тиетіні мәлім. Макаренконың сөзімен айтқанда «Ата-ана баланы тек онымен сөйлескенде, бұйырғанда, бір нәрсені айтқанда ғана тәрбиелемейді, ата-ананың жүріс тұрысынан қоғамда қарым-қатынас жасағаннан сабақ алады». «Ұрпақ тәрбиесі бесіктен» деуге де болады. [20]

Қазіргі таңда барлық мекеме, білім беру ұйымдарында психология саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Атап айтсақ семинарлар, отбасылық мәселе бойынша, жас өспірімдермен жеке, топпен жұмыс түрлері, іс-шаралар өтізілуде. Қоғамға педагогика психологияның ғылым ретінде  мәдениетінің қадам басуына әлі де атқарар шаруа көп. Деректерге сүйенсек кейбір басқа мемлекеттерде  психолог маманы және  тек танушы ретінде де  екі саланы бірге қамтып, халықтармен жұмыстарды ойдағыдай жүргізуде.

Қазіргі ғылым мен техника өркендеп қарыштап дамыған заманда адамдық болмысын сақтау үшін педагогика  психология саласында атқарар шаруа көп.

Айта кетсем қоғамға «Медиация» мамандығының енгізіліп жатқаны белгілі. «Медиация» деген (латын тілінен – mediare-делдалдық ету) Бұл орайда Медиация рәсімі отбасылық қызметтік, мәдениетаралық, мектепішілік мәдени қарым-қатынас қалыптастыруда  үлесін көрсетеді.  Ал кәсіптік медиатор қызметін атқаруда қосымша  психолог білімінің  болуын қажет етеді. Себебі тек білім беру ұйымын алсақ, оқушылары  арасында туындаған түсініспеушілік, дау-дамайды туындағанда келіссөздер жүргізеді. Өзге мемлекеттерде мектеп медиациясы қалыптасып жүргізіліп жатқаны белгілі. Халықаралық статистикаға сүйенсек барлық даулар медиация рәсімімен шешілетіні мәлім. Медиаторға жүгіну керек пе? жоқ па? дегенге де  өзара келісіп шешеді. Біздің ерте заманнан билеріміз халық арасындағы дау-дамай туындаған кезде ақылмен тапқырлығымен, сабырлыққа шақырып татуластыра білген. Ерте заманда ата-бабамыз ел ішінде істерді ушықтырмай ымыраға келу, тапқыр оймен ынтымақтастырып, қоғамда бейбітшілік пен келісім орната білген екен.

Жаңартылған білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің маңыздылығын түсініп, бағалайды. Отбасындағы ер адамның психологиялық бағыты: батылдық, ептілік, шыдамдылық, болса отбасындағы әйел адамның бағыты: сыпайылық, әдептілік, мейрімділік, адамгершілік. Қазіргі өркендеген заманда тұлғаны білімді, тәрбиелі жан-жақты етіп қалыптастыруда жауапкершілік ата –анамен, мектеп ұстазы қатар жүре отырып, үйлесімдік орнататын психология саласы. Халықтық педагогика кешегі дана қариялардың, ойшылдар мен ақын-жыраулардың ұрпақтан-ұрпаққа берілген ұлы тәрбие құралы. [13]

Еліміздегі психологтардың қызметін жақсартып,мәртебесін көтеруде, өткізілген іс-шаралар педагогикалық психологиялық тұрғыда тәжірибе алмасуға көмектеседі. Жастар арасында құқық бұзушылық, мінез — құлық және салдары, үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс түрлерін сондай-ақ психологиялық қызметтің сапасын жоғарылатуға бағытталады.

Тұлғаның жүрек кілтін аша білу, құпия сырын оқи білу кез келген адамның қолынан келмейді. Адам бойындағы тылсым сырды ашу ол-тек психология әлемі. Психолог-жәрдемші, көмекші. Қоғамда болып жатқан жетістіктер бірінші кезекте адамдардың зияткерлік белсенділігне байланысты. Жаhандау дәуірінде бәсекелестікке шыдай алатын, табандылық көрсете алатын педагог психолог болашақтың мамандығы. Өзін-өзі тану да және адасқанға жол тура жол сілтер жан-психолог.

Қоғамдағы педагог-психологтың атқарар шаруасы өте көп. Қазіргі психология ғылымының саласына жүктелген жауапкершіліктер көп Ұлы дала жан іліміне педагогика психология ғылымы әлі де жаңа қырынан дамитынына кәміл сенеміз.

 

Жагыпарова Толкын Токеновна,
Нұр-Сұлтан қаласы, «Тұран-Астана» Университеті
«Педагогика және психология» кафедрасының магистранты

 

Әдебиеттер:

  1. Бейсенбаев Ғ.Б. «Мектептегі психология» 2017 жыл
  2. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» 12 сәуірдегі 2017 жылғы Елбасы мақаласы
  3. Аққөзова Қ. «Мектептегі психология» 2018 жыл
  4. Қазақстан Мектебі №11-2006ж

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.