«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында «Педагогикалық қызметті критериалды бағалау жүйесі: жаңа стратегиялар мен мүмкіндіктер» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция он-лайн тәртібінде өткізілді.
Конференцияда көтерілген негізгі мәселелер – білім берудегі критериалды бағалау жүйесін енгізуде инновациялық тәжірибе алмасу үшін бірыңғай пікірталас кеңістігін қалыптастыру, біліктілікті арттырудың жаңа үлгісі жағдайында педагогикалық қызметті дамыту, білім беру сапасына жетуде қазіргі заманғы бағалау технологияларының рөлі.
Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы С.Р. Умербекова алғы сөзінде конференция қатысушыларына сәттілік тіледі.
Конференция модераторы – филиал директоры, филилогия ғылымының кандидаты Абишева Нургул Молдабаевна өз баяндамасында заманауи білім берудің қажеттілігіне байланысты мектептерде критериалды бағалау жүйесін енгізудің конференция тақырыбына таңдалғанындығын атап өтті. Аталған тәсіл орта білім беру жүйесінде мектеп оқушыларының жетістіктерін бағалау үшін белсенді қолданысқа енді.
Институтта бірнеше жыл бойы біліктілікті арттырудың қазіргі моделі аясында педагогикалық қызметті бағалау бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілді.
Халықаралық конференцияға жоғары оқу орындарының ғалымдары, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарының басшылары, филиалдардың профессорлық-оқытушылық құрамы, білім беру ұйымдарының және әдістемелік қызметтің басшылары, педагог-экспериментаторлар, орта білім беру ұйымдарынан шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер қатысты.
Сонымен қатар, пленарлық мәжілісте облыстық мәслихат депутаты, т.ғ.к. Мухамбетпаизова Жеңіскүл Сагидолаевна; білім және ғылым қызметкерлерінің облыстық кәсіподақ комитетінің төрағасы Серикова Раушан Сериковна; Ресей Федерациясы Челябинск педагогикалық қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтының п.ғ.к., доцент Чипышева Людмила Николаевна; Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы Умербекова Сауле Рахимовна; Ақтөбе қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры Акимова Тавиля Адиетовна; Корей тілі орталығының директоры Сон Шимон; «Назарбаев Зияткерлік» мектебінің директоры Садуакасов Сабыржан Умиртаевич; білім жүйесін бақылау департаментінің басшысы, ф.ғ.к. Кайшыгулова Жанна Тілеуовна; Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ф.ғ.д., профессор Кусанова Бибигуль Хакимовна; Ақтөбе облыстық мамандандырылған дарынды жасөспірімдерге арналған қазақ-түрік мектеп-интернатының директоры Мызрак Якуп; «Назарбаев Зияткерлік» мектебінің мұғалімі Аймжанова Агилаш Адигановна қатысты.
Ғылыми-зерттеу жұмысының мазмұнымен, нәтижесімен таныстырған «Өрлеу» БАҰО» АҚ Ақтөбе облысы бойынша филиалының деңгейлік бағдарламалар орталығының жетекшісі, п.ғ.к. Давлеткалиева Елизавета Султановна біліктілікті арттырудың жаңа моделі жағдайында критериалды бағалау технологиясын қолдану арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігінің деңгейін анықтаудың тәсілдеріне тоқталып өтіп, Ақтөбе облысының эксперименталдық алаңдарымен таныстырды:
Олар – Ақтөбе облысының М.Құсайынов атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты, Ақтөбе қаласы №9 орта мектеп-гимназиясы, №41 орта мектебі, №26 орта мектебі, №57 орта мектебі, Мартук ауданының №2 мектеп-гимназиясы.
Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік педагогика және әлеуметтану кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессоры С.В.Сальцева Светлана Васильевна, Сейнайоки қаласы Скандинавиялық (Финляндия) Ұтқыр академиялық институтының ректоры Элина Ванхемпинг он-лайн тәртібінде әріптестерімен критериалды бағалау технологиясын зерттеу мен оны тиімді жүргізудің озық тәжірибелерімен бөлісті.
Конференцияның қорытынды бөлімінде облыстың экспериментальдық алаңдарының директорлары мен басшыларын марапатталды.
Конференцияның екінші бөлімі 3 секция жұмысымен жалғасты.
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарынан жинақ шығарылды. Білім беру басқармасы ұйымдарының басшыларына, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалдарына және білім беру ұйымдары мен педагогтерге арналған конференция ұсынысы қабылданды.
К.Ж. Рахатова
институттың инновациялық даму және
әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің басшысы