Home » Жаңалықтар » Педагогикалық шығармашылық – «Білім айнасында»

Педагогикалық шығармашылық – «Білім айнасында»

Ақпан айының 11-күні Қарағанды қаласының Назарбаев Зияткерлік мектеп педагогтары  Республикалық «Білім айнасы» газетінің редакциясы ұйымдастырған «Педагогтардың шығармашылық жазу дағдыларын дамыту» атты тренингіне қатысып, БАҚ және ӘЛЕУМЕТТІК желімен жұмыс тәсілдерін меңгерді.
Шығармашыл педагог болу — қазіргі дамуы жылдам ақпараттық ғасыр  талабы. Қазіргі таңда маман өзінің шығармашылық әлеуетін үнемі жетілдіріп отыру дағдысын қалыптастырмайынша оның кәсіпке жарамдылығы да төмендей береді. Сондықтан өскелең ұрпаққа сапалы білім  мен саналы тәрбие беруде мұғалімдер өздеріне аса жауапты іс жүктелгенін саналы түрде сезініп, ол еңбекті атқаруда барлық ерік-жігерлерін, күш-қайратын, білім, іскерліктерін жұмсап табысты нәтижеге жетуді көздеулері керек. Бұл жерде педагогтардың білімін шыңдап, біліктіліктерін арттыруда аса қажет – шығармашылықпен жұмыс жасап, тәжірибе бөлісу  екені айғақ.  Ал оның бірден-бір жолы  БАҚ және ӘЛЕУМЕТТІК желімен жұмыс тәсілдерін меңгеру.

Сол себепті  «Білім айнасы» газетінің журналисі Арман Тоғызбаев тренингте көптеген маңызды мәселелерді айтып өтті. Мақала жазудың алуан түрлі тәсілдері мен құрылымына, міндеттеріне тоқталып, мақала түрлерімен кеңірек таныстырды. Бір қуантарлық жайт, тренингтің таза қазақ тілінде  өткізілгені, соған қарамастан түрлі  ұлт өкілдері бар мектеп педагог ұжымы аса белсенділік көрсетті. Бұл әрине, мектебімізде елбасының сындарлы саясатының арқасында қолға алынған үш тілділіктің  жақсы жолға қойылғандығын дәлелдегендей. Аталған тренинг тартымды  әрі нәтижелі өтті, педагогтар өздерін қызықтырған сұрақтарын  қойылып, ұтымды жауаптар алды. Тренинг соңында ұжым фотоға түсіп, журналистке өз алғыстарын білдіріп тарасты.

Б.А.Абылбаева
 Назарбаев Зияткерлік мектебі
 Қарағанды қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.