«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» кафедрасының ПОҚ М.Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында Солтүстік Қазақстан облысының білім беру ұйымдарымен әлеуметтік серіктестікті жүзеге асыру мақсатында өткен «Педагогикалық серіктестік білім сапасын арттырудың факторы ретінде» ашық ғылыми-әдістемелік алаң жұмысына қатысты.
Университеттің білім беру ұйымдарымен серіктестік бірлестігінің өзектілігі жоғары білім беруді модернизациялаумен негізделеді.
Ашық алаңға М.Қозыбаев атындағы СҚМУ «Бастауыш және мектепке дейінгі білім берудің теориясы мен әдістемесі» кафедрасының оқытушылары, Петропавл қаласынан №42 ОМ, №2 ОМ, №6 ОМ мұғалімдері және «Арай» балабақшасының әдіскерлері қатысты.
Қатысушылар сындарлы диалог барысында білім беру ұйымдарының серіктестіктерін ұйымдастыруда кездесетін негізгі мәселелерді белгіледі:
— бастауыш сынып мұғалімдері және мектептке дейінгі педагогтердің кәсіби дамуын және ғылыми-әдістемелік жетекшілік етудегі қызмет мазмұны мен бірыңғай бағыттарын үйлестіру;
— «Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ» мен М.Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында үздік педагогикалық тәжірибені жинақтау үшін жалпы білім беретін мектептердегі әдістемелік кабинеттер мен мектепке дейінгі ұйымдардың әдістемелік қызметін белсендіру.
Сонымен қатар қатысушылар бастауыш сынып мұғалімінің кәсіби бейнесін бекіту және мектепке дейінгі ұйымдары педагогтерінің дәрежесін арттыру бағыты бойынша бірлескен жұмысты күшейту керектігін алға басты.
Қатысушылар іс-шараның соңында М.Қозыбаев атындағы СҚМУ базасында ашық алаң жұмысын тұрақты өткізіп тұрудың қажеттілігі туралы шешім қабылдады.
Л.С. Альмагамбетова
«Өрлеу» БАҰО» АҚФ «СҚО ПҚ БАИ»,
«Мектепке дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру»
кафедрасының меңгерушісі