Home » Жаңалықтар » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТЕДІ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚУЛАР ӨТЕДІ

2017 жылғы 9-10 наурызда елордалық Оқушылар сарайының (Б. Момышұлы көш.,5) мәжіліс залында «Полюбите будущее – крылья вырастут» тақырыбында І республикалық педагогикалық оқулар өтеді.

Шараны ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен Қазақстандық гуманистік педагогика орталығы (Алматы қ.), «Авиценна» жеке тұлғаны дамыту орталығы (Астана қ.), «Гуманистік педагогика» білім орталығы (Астана қ.) ұйымдастырып отыр.

Шара білім беру саласында қолданылатын заманауи әдіс-тәсілдерді кеңінен талқылауға, ынтымақтастық қағидасына және дәстүрлі педагогикалық құндылықтарды руханият және адамгершілік іспетті басты түсініктермен қабылдауға негізделген.

Шара аясында танымал педагог, психология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей білім беру академиясының академигі Шалва Александровича Амонашвили баяндама жасайды. Халықаралық гуманистік педагогика орталығының директоры Паата Шалвовича Амонашвилидің және Қазақстандық гуманистік педагогика орталығының директоры Марина Замшарифовна Таргакованың шеберлік сыныптары жоспарланған.

Бүгін 9 наурызда күннің екінші жартысында жоғарыда көрсетілген мекенжай бойынша Шалва Амонашвили өзінің шығармашылық зертханасының құпияларымен бөліседі.

10 наурызда сағат 10.00-10.30 балалар өздерінің өнерлерін концертте паш етеді. Кейін Марина Таргакованың «Бала әлеміне саяхат» және Шалва Амонашвилидің «Гуманистік педагогиканың тұжырымдамасы» шеберлік сыныптары өтеді.

10 наурызда сағат 15:00-ден бастап шығармашылық зертханалар жоспарланған. «Рухани өмірімізді жақсартып, адамдардың болашақтағы өмірін жақсартамыз» (Ирмине Погребняк, «Халықаралық гуманистік педагогика орталығы» қоғамдық бірлестіктер халықаралық қауымдастығының вице-президенті, Латвия гуманистік педагогика қауымдастығы басқармасының төрағасы), «Болашаққа бағытталған білім берудің қос қанаты» (Омарова Гүлжан Амангелдіқызы, «Болашақ» академиясы Педагогика және психология кафедрасының доценты, педагогика ғылымдарының кандидаты, «Өзін-өзі тану» жаңартылған адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасы авторларының бірі), «Сказки добрые науки: читаем и мечтаем вместе» (Шаймерденова Нұрсұлу Жамалбекқызы, филилогия ғылымдарының докторы, профессор, «Гуманистік педагогика» білім беру орталығы директорының орынбасары, Аманжолова Джемма Болатқызы, филология ғылымдарының кандидаты, Еуразиялық гуманитарлық институттың доценті).

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.