Өткізу орны: Астана қ., №73 мектеп-лицейі
Өткізу мерзімі: 17.11.2017 жыл
Басталуы: 10 сағат 00 минут
Марапаттау рәсімі: 14 сағат 00 минут
Ақпараттар ағымына ілесіп, сын тұрғысынан ойлай алатын адамдарды дайындау – бұл заманауи білімнің ең басты мақсаты. Инновациялық идеяларды таратушылар бүгінгі күннің батырлары болуы тиіс.
Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ақылымен, білімімен, дарынымен, озық идеяларымен заманауи Қазақстанды жасауға үлес қосып жатқан адамдарды қоғамға таныту керектігін ерекше атап көрсеткен.
Педагогтардың кәсіби өсуі мен өзін-өзі жетілдіруге шығармашылық ынталандыру, елорданың заманауи мектептерінің мұғалімдері мен басшыларының инновациялық тәжірибелерін тарату және зерттеу мақсатында Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы «Педагогикалық идеялар фестивалі» Х қалалық конкурсын ұйымдастырып отыр.
Фестиваль қоғамға өзінің зияткерлік еңбегінің нәтижесін көрсеткісі келетін және кәсіби қауымдастықтың ішінде үздік педагогикалық тәжірибесімен бөліскісі келетін белсенді және шығармашыл педагогтарға бағытталған.
Елордалық білім беру мекемелерінен фестивальға 124 инновациялық жоба ұсынылды. Жұмыстарды Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті және С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғалымдары сараптамадан өткізді.
Х «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық конкурсының іріктеу кезеңінен өткен 69 педагог келесі бағыттар бойынша қатысады:
- Қоғамдық-гуманитарлық бағыты;
- Физика-математикалық бағыты;
- Ғылыми-жаратылыстану бағыты.
- Қолданбалы цикл;
- «Шығармашыл толқын»
- «Сабақ аяқталған соң…»
Фестивальдің қорытындысы бойынша жоғары нәтиже көрсеткен қатысушылар диплом және мақтау қағаздарымен марапатталады. Қалалық фестивальдің жеңімпаздары республикалық фестивальға қатысып, Астана қаласының намысын қорғайды.
Қосымша ақпаратты: «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығынан алуға болады: Мәскеу көшесі, 41, №62 МЛ (3 қабат), 39 83 42,
e-mail: astanadaryn@mail.ru
Астана қаласы Білім басқармасы