Home » Жаңалықтар » «Педагогикалық  идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық конкурсының өңірлік кезеңі қорытындыланды

«Педагогикалық  идеялар панорамасы» бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық конкурсының өңірлік кезеңі қорытындыланды

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  Н. Назарбаевтың  2018 жылғы 10 қаңтардағы  «Төртінші  өнеркәсәптік  революция  жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының  педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістері  бойынша жариялағаң «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР  ПАНОРАМАСЫ» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің өткізілуіне  орай, даярлық жұмыстары маусым айында басталған болатын.

Байқаудың  мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының Аймақтық кезені  2018 жылдың 1 маусымы мен 15 қазаныңда  өткізілді.

Осы аралықта  білім беру мекемелерінен қатысушыларының өтініштері мен бейне-сабақтары, бейне дәрістері қабылданды.

15 қазанда конкурсқа қатысуға өтініштер  мен  бейне сабақтар және бейне дәрістерін қабылдау жұмыстары аяқталды.

Сарапшылар комиссиясы  «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің  Республикалық конкурсы  қоржынына келіп түскен 22 аталым бойынша  153 жұмысты   ережеге сай зерделеп,   сұрыптап,оның ішінен  62-ін  жеңімпаздар деп анықтады.

Атырау біліктілікті арттыру институтының Акт залына жиналған мұғалімдердің  жүздері қуаныштан бал-бұл жанып, алған әсерлерін бөлісумен болды. Тағы бір қуанарлық жағдай педагогтардың  басым көпшілігі жастар екенін айта кеткен жөн.

Алғы сөз сөйлеген институт директоры жиналған жеңімпаздарды құттықтап, шығармашылық еңбектеріне табыс тілеп, келешекте бұл конкурс жалғасын табатындығын айтты.

Кезекпен сөз алған марапатталушылар, ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасуда да   үлкен серпіліс болғандығын, жалғасын табатындығына қуана білгендіктерін көрсетті.

Жеңімпаз деп танылған педагогтардың жұмыстары облыс көлемінде насихатталып, «Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына жарияланады.

 

Қаленова Гульзахира Сапаргалиқызы
«Өрлеу»БАҰО»АҚ филиалы Атырау облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 
Қоғаммен байланыс және баспа бөлімінің басшысы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.