Қазақстан Республикасы Президентінің Н. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістері бойынша жариялағаң «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» Республикалық конкурсының өңірлік кезеңінің өткізілуіне орай, даярлық жұмыстарын маусым айында басталған..
Байқаудың мақсаты – бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.
Мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейнесабақтар мен бейнедәрістердің жыл сайынғы Республикалық «Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауының Аймақтық кезені 2018 жылдың 1 маусымы мен 15 қазаныңда өткізілді.
Осы аралықта білім беру мекемелерінен қатысушыларының өтініштері мен бейне-сабақтары, бейне дәрістері қабылданды.
15 қазанда конкурсқа қатысуға өтініштер мен бейне сабақтар және бейне дәрістерін қабылдау жұмыстары аяқталды.
Сарапшылар комиссиясы «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің Республикалық конкурсына қоржынына келіп түскен 22 секция бойынша 153 жұмысты ережеге сай зерделеп, қарап, сұрыпталып, 66 жұмыс бойынша жеңімпаздар анықталды.
Жеңімпаз деп танылған педагогтардың жұмыстары облыс көлемінде насихатталып, «Хабаршы Вестник» республикалық ғылыми-әдістемелік журналына жарияланады.