Home » Жаңалықтар » ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ»

Республикалық конкурсы жарияланды

Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсәптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын іске асыру аясында «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ педагогтер үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» Республикалық конкурсын жариялайды.

Педагог мамандығы ұдайы өзін-өзі дамыту мен жетілдірудің қайнар бұлағымен астасып жатады. Ұстаз өз ұлағаттылығы мен кәсібилігінің шыңын бағалау үшін қоғамда жан-жақты танымал болуы шарт. Сондықтан да «ӨРЛЕУ» Сізге шебер-педагог ретінде барынша өзіңізді танымал етіп, шығармашылық ойлауды, педагогикалық шеберліктің жоғары деңгейін, зерттеу батылдығын көрсетуге және білім беру мазмұнын жаңарту аясында қазіргі заманғы оқыту технологиялары мен әдістемесін қолдану тәжірибеңізбен бөлісуге мүмкіндік береді.

Бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтердің ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру мақсатында өтілетін байқау: мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, жоғары, қосымша білім берудегі заманауи технологиялар бойынша жиырма екі бағыттарды қамтиды.

Құрметті әріптестер!

Жыл сайынғы дәстүрлі «ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ПАНОРАМАСЫ» атты республикалық байқауға қатысуға Сіздерді белсенді қатысуға шақырамыз.

Бізбен бірге болыңыз!

 Толық ақпарат http://www.orleu-uko.kz филиал сайтында, www.facebook.com/pg/orleushymkent  бизнес-парақшасында жарияланған.

Конкурсқа қатысу мәселесі бойынша «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ОҚО ПҚБАИ хабарласыңыз.  Байланыс телефондары: Садиков Бахыт 87012305859, Нарметова Дильдар 87758334234. Байқауға қатысу өтінімін bakit_74@bk.ru электрондық адресіне жолданады.

 

«Қоғаммен байланыс және баспа ісі» бөлімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.