Home » Жаңалықтар » Патриоттық ән байқауы өтті

Патриоттық ән байқауы өтті

%d0%bd%d1%83%d1%802 Ел іші – өнер кеніші! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Астана қалалық білім басқармасының қолдауымен, №53 «Мерей» балабақшасы ұжымының  ұйымдастыруымен «Тәуелсіз елдің  — ұланымыз!» атты шығармашылық байқау өтті. Мектепке дейінгі даярлық білім ошағы өнерпаз жастарға толы болды. 82 бөбекжайдан бір-бір өнерпаз қатысып, егемен елдің әсем әндерін шырқады. Байқау шарты бойынша қатысушылар жас ерекшеліктеріне қарай өзара бақ сынасты. Сайысқа қатысқан бүлдіршіндер өнерін Астана қалалық білім басқармасының мектепке дейінгі білім бөлімінің әдіскері Светлана Нұрмаханқызы мен №57 «Салтанат» балабақшасының меңгерушісі әділ қазылық етті. Олардың орындау шеберлігі, сахналық киімі және өзін сахнада еркін ұстауына қарап баға берді. Шара аясында, алғаш болып сөз алған Светлана Нұрмаханқызы байқауды ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау көрсету арқылы ұлттық өнерімізді мейлінше қадірлеп, құрметтеуге ықпал ету, өнерлі балалардың есімдерін тауып, халыққа насихаттау бүгінгі іс-шараның басты мақсаты. Екі кезеңге созылған байқаудың қорытындысы ертең белгілі болмақ. Жеңімпаздар анықталып, арнайы дипломдармен, алғыс хаттармен марапатталады. Кіл мықтыда кім мықты демекші, бүгінгі байқауда өз бағын сынап, өнерін ортаға салатын жастарға тек жеңіс тілейміз! Егеменді еліміздің еңсесі биік тұрғанда ертеңгі болашағымызда айқын.

Г.Алтынбекқызы
«Білім айнасы»

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.