Home » Жаңалықтар » Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі

Патриоттық тәрбие – тәрбие негізі

Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.

Жастары жалын жүректі, өршіл намысты,

биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады.

Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді,

халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.

Н.Ә. Назарбаев

Қай кезде де халқымыз өзінің болашағы – жастар тәрбиесіне көңіл бөліп отырған. Ұлт пен ұлыстың аманатын арқалаған жас өскінді тәрбиелеудің жолдары мен амалдары сан тарау. Солардың ішінде шешуші рөл атқаратын тәлім мен тәрбиенің бір түрі – патриоттық тәрбие. Бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы уақыттың кез-келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп бере алатын жүректі де, білекті азамат болып өсуі керек.

Оқушы бойына патриотизмді сіңіру – үштік одақ қоғамдастығының алға қойған басты мақсаты болып саналады.

Жезқазған қаласындағы №13 жалпы орта білім беретін мектебі 2015-2016 оқу жылынан бастап ««Айбар» азаматтық-патриоттық орталығы» облыстық  әлеуметтік-педагогикалық жобасын жүзеге асыру барысында жоспарға сай жұмыс жасап келеді. 2016-2017 оқу жылында жоба аясында мектепішілік іс-шаралармен қатар қалалық іс-шаралар да  жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Жас патриоттар – Мәңгілік ел тірегі» атты жас ақындар мүшәйрасы, «Жастар – жасампаз елдің болашағы»  тақырыбында  шығарма байқауы және өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезім қалыптастыру, шығармашылық деңгейінің өсуіне ықпал ету мақсатында «Көк тудың желбірегені» атты патриоттық әндер фестивалі болып өтті. Фестивальге қала мектептерінен және балалар мен жасөспірімдер сарайынан 17 үміткер қатысып, өнерпаздар қорытынды бойынша «Алтын дауыс», «Өнерлі өрен», «Ең үздік трио», «Ең үздік дуэт», «Жас талант», «Жас патриот», «Күміс көмей әнші» номинацияларына және сертификатқа ие болды.

Мәңгілік Елдің иесі болатын, өзі өсіп-өнген шағын Отанына қызмет ететін, бабалар өсиетін адалдықпен атқаратын тұлғаны аталған жоба арқылы тәрбиелеп жатқандығымызды мақтан етеміз.

 

С.А. Кулмаганбетова

«№13 ЖОББМ» КММ

директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.