Home » Мақалалар » Патриоттық тәрбие – татулық пен табысқа бастайды

Патриоттық тәрбие – татулық пен табысқа бастайды

Еліміздің болашағы жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік – отбасы тәрбиесі болса, екінші бесік – білім беру мекемесі. Қазіргі кезеңде патриотизм тақырыбы, оның ішінде қазақстандық патриотизм мәселесі қоғамдық, мемлекеттік, мәдени — рухани тақырыптардың өзегіне айналуда. Патриотизм идеясы жастарға білім мен тәрбие берудің барлық бағдарламасынан көрініс табуы керек.
Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, жаужүрек бабалар рухына сай ұрпақ болып қалыптасу – патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда мектебімізде белгілі деңгейде әртүрлі шаралар жүргізілуде. Біздің тәрбиешілеріміздің тәрбие жұмыстарының негізгі мақсаты: рухани дүниесі бай, денсаулығы мықты, әлеуметтік тұрғыда белсенді, бастамашыл, шығармашыл, инновациялық, әлеуметтік-мәдени өзгерістерге қабілетті XXI ғасырға лайықты, елін сүйген патриот тұлға қалыптастыру. Аталған міндеттер мен мақсаттар болашақ студент жастар бойында өр рухты қалыптастыруға; ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге, білім алуға деген жауапкершілікті күшейтуге; азаматтық және патриоттық құндылықтарды, көзқарастар мен сенімдерді қалыптастыруға; мемлекетіміздің рәміздері – Елтаңбаны, Туды, Әнұранды мақтаныш етіп, оларға құрметпен қарап, қастерлеуге; ұлтымыздың тарихымен мәдени мұрасына құрмет көрсетуге тәрбиелейді. Өз халқыңның тарихының өнегелі жақтарын білу, өз еліңнің кешегі және бүгінгі қаһармандарын мақтаныш ету, олардың ерлігіне тағзым ету, оларға сай болу патриотизмнің басты құрамдас бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыда алғанда, республикамыздың оқу-тәрбие мекемелерінде белгілі деңгейде әр түрлі шаралар жүргізілуде. Қоғамдық – гуманитарлық бағыттағы пәндер мектептерде, орта арнаулы және жоғары білім беру мекемелерінде оқытылуда, тарихтың жарқын беттері бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихатталуда, қаһармандарымыздың есімдері ұлықталып, олардың аттары елді мекендерге, көшелерге, мектептерге, түрлі мекемелерге берілуде. Алайда тарихтың ақтаңдақтарын жеткіліксіз оқып-үйрену, түрлі тарихи және ғылыми теориялардың арасындағы келіспеушіліктер мен айырмашылықтар, жастардың төл тарихына деген қызығушылығының айтарлықтай аз болуы, өзге, әсіресе батыстық идеология мен теориялардың басымдық ықпалы бұған көп кедергі жасауда. Көп ретте жастардың бұқаралық, тіпті кейде арзан мәдениетке елтіп, этномәдени, дәстүрлі, ұлттық бастаулардан алыстап кетуі, өкінішке қарай, қалыпты және кеңінен тараған үрдіске айналды. Біздің ойымызша, одан шығудың басты жолы — қазіргі білім беру мекемелерінде этномәдени білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлу.

Патриоттық сананы қоғамдық өмірде бекітетін бірден-бір арнайы оқу орындары мен басқа да білім мен тәрбие беру мекемелері. Олардың көмегімен патриоттық сана қоғамдық өмірге бекітіліп, мемлекет тарапынан қолдауға және бағдарлауға ие болады. Ендеше, біздің мектебіміздегі тәрбиеленуші түлектері кәсіби нығаюға бет алуының жоғары деңгейімен, Қазақстанның атын әлемдік деңгейде асқатауымен шынайы іс жүзінде қатысуға деген белсенді қызығушылығымен, қоғамдық өмірдің түрліше жақтарына, өзінің әлеуметтік бағдарларына деген даралық көзқарастарымен ерекшеленуі тиіс. Олар еліміздің спорт саласында болашақ олимпиада чемпиондарын даярлайтын анықтаушы күші де болып табылады. Олай болса, жастардың тұрмысы мен болмысына, тәлімі мен тағылымына үстірт қарауға болмайды.

Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қарқынды дамуы тәрбие процесін жөнге келтіру мен оның бағыттарын айқындаудың қажеттілігін нақты түрде ұғынуға әкелді. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру мен денсаулық сақтау ісінің дамытылуының «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы басым бағыттар қатарына азаматтылықты, еңбексүйгіштікті, адамгершілікті, адам құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауды, Отанға, отбасына, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға бағытталған білім берудің тәрбиелік қызметін қосады. Патриотизмге тәрбиелеудің ұзақ мерзімді мақсаты — азаматтарды біріктіру, азаматтарға Тәуелсіздіктің құндылықтары мен жетістіктерін ұғындыру, оларды мемлекеттік рәміздер мен идеология төңірегіне топтастыру. Бұл — ұзақ мерзімді мақсат. Оған қол жеткізудің басты жолы — толеранттылық, бірлік, өзара көмек, қайырымдылық т.б. Бұлар біздің мемлекетіміздің басты жоспарлары мен мақсаттарында толықтай көрініс тапқан, алайда олар жалпы ұлттық құндылықты бағыттарды нығайту бойынша жастар саясатын жоспарлы жүргізбейінше жүзеге аса алмайды. Жастар үшін осындай тәрбиелік мәнді істердің бірі — әр түрлі деңгейлер мен мазмұндағы тәрбиелік шаралар, мемлекеттік мерекелерді атап өту, түрлі патриоттық акцияларды ұйымдастыру мен жүргізу. Олардың ішінде жыл сайын өткізіліп отыратын ҚР мемлекеттік рәміздерінің күнін тойлау ерекше орын алады.

Кешенділік, салмақтылық, орнықтылық, ерлік, толеранттылық, қарапайымдылық, еңбекке қабілеттілік, шын берілгендік пен жауапкершілік — патриоттық тәрбие саясат ағынындағы қазіргі заманғы шаралардың басты сипаттары. Сондықтан қазақстандық патриотизм мен елдің экономикалық әлеуеті тығыз байланысты. Қазіргі патриотизм XXI ғасырдағы Қазақстанға қажетті еңбек өнімділігі мен мәдениеттің ұйымдастырылуына пара — пар деуге болады: бүгінгі күні ол халықтың ішкі «жинақылығын», халықтың қоғам мен мемлекет мүдделеріне белсенді түрде қызмет етуін білдіреді.

Тәуелсіз елдің биік те қасиетті ұғымдарының бірі — отансүйгіштік біздің халықты біріктіретін Қазақстанның бірлігі мен жалпыұлттық идеясының негізі болып табылады. Ол аса маңызды стратегиялық, ұлттық, мәдени және т.б. проблемаларды шешуге бағытталған қоғамның маңызды мобилизациялық ресурстарының формасы. Мемлекеттің саяси құжаттарында нақты белгіленген патриотизмнің ықтималды нәтижесі ел азаматтарының нақты іс-әрекеттерінен көрінуі тиіс. Себебі, азамат, патриот болу үшін батыр немесе асқан ерекше адам болудың қажеті жоқ. Тек өз Отанынды жеткілікті дәрежеде сүюің, ол үшін қам жеуің, оның барлық қиындығы мен қуанышын бірге бөлісуің қажет.

Г. Авуталив
«Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық маманданырылған мектеп – интернат колледжі» РММ тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.