Home » Жаңалықтар » Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі

Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі

  «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалында «Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі» атты семинар-тренинг өтті

   «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінің ұйымдастыруымен облысымызда «Партия жобаларын іске асырудағы БПҰ-ның рөлі» тақырыбында семинар болып өтті.  Іс-шараға қоғамдық кеңесінің мүшелері, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, бастауыш партия ұйымының төрағалары мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Семинарды «Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының орынбасары, Саяси менеджмент мектебінің аймақтық лекторы Нұрлан Несіпбеков, «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалының заңгер-консультанты Шора Шұғайұлы жүргізді.

Семинардың күн тәртібінде «Қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы және БПҰ-ның партия жобаларын іске асырудағы рөлі туралы мәселелер қаралды.

«Нұр Отан» партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, келісім шарт бойынша СММ-нің аймақтық лекторы Нұрлан Несіпбеков қазақ тілінің латын графикасына көшуі туралы баяндама жасады.

Өздеріңіз білетіндей, латын графикасының формасы жасалды, енді оның тұз, дәмін келтіруіміз керек. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10-жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық. Ал қазіргі уақытта қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Сондықтан, Елбасының шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет, — деді ол.

Ал, партия Сарысу аудандық филиалынан келген «Игілік» бастауыш партия ұйымының төрағасы Асхат Абзалбеков бастауыш партия ұйымдары жұмысы туралы өз ойын ортаға салды:  — Семинар-тренинг қорытындысы бойынша қатысқан БПҰ төрағаларына «Нұр Отан» партиясы саяси менеджмент мектебінің сертификаттары табысталды. БПҰ мүшелері партия жарғысы талаптарына сәйкес жұмыс атқаруда. Партиялық жобаларды іске асыруда өте белсенді. Мысалға келтіретін болсам, «Бақытты отбасы – бақытты отбасы аясында» жетім балаларға, аз қамтылған отбасынан шыққан отбасыларға оқу құралдарын алып бердік, — деп сөзін түйіндеді.

Сонымен қатар, семинар-тренигте әрбір бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен төрайымдарын ортаға шығарып, топтық ойындар ойнатылды. Онда іс-шараға жиналған бастауыш партия ұйымдары 4-топқа бөлініп, әр топ партия мен халық арасында атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып өтті.

Жамбыл облысы баспасөз басқармасы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.