Home » Ашық сабақтар »       Пайдалы дәрумендер

      Пайдалы дәрумендер

 Сабақтың мақсаты: Балаларға көкөністер мен жеміс жидектердің адамға пайдасы жайлы түсіндіру. Оның кұрамы дәрумендерге бай екендігін түсіндіру. Сөйлеу кезінде сөзді анық айткызу, мәнерлі айтып жаттықтыру. Еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтыц көрнектілігі:
Суреттер жеміс пен көкөністердің.
Сабақтүрі: ашық сабақ.      
Сабақ әдіс-тәсілі: Баяндау, түсіндіру, қайталау.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сәлемдесу
2. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
3. Такырыппен таныстыру.
Шаттық шеңбері:
Тәрбиеші балармен бірге шеңберге тұрып жасайды:
Кәне шеңбер құрамыз
Қолымызды созамыз.
Бір отырып, бір тұрып
Оңга, солга қараймыз.
ІІ.Жаңа сабақ:
1. Әңгіме.
2. Суретпен жұмыс.
3. Тақпақтар.
4. Мазайка.
5. Ойын «Жеміс пен көкеніс».
ІІ.Жаңа сабақ:
1.Сұрақ-жауап:
-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

-Күз мезгілі.
-Күз мезгілдерін атаңдар?
-Қыркүйек, қазан, қараша.
-Күзде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Күн суық болады, жапырықтар сарғаяды, жеміс пен көкеністер піседі.
Суықта тоңып, ауырып қалмас үшін не істеу керек?
Қалың киініп, көп жеміс пен көкеністерді жеу керек.
Ал жемістер мен көкеністерді қайдан аламыз?
Жеміс жидекті ағаштардан аламыз.
Көкөністерді бақшадан аламыз.
2. Суретпен жұмыс
Балалар, мына суреттегі жеміс пен көкөністерді атаңдар. Олардың қайсысы ағаштарда және бақшада өседі?
(Алма, алмұрт, жүзім, банан, мандарин, лимон — ағашта өседі)
(Қызанақ, қияр, картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат — бақшада өседі),
Балалар, бұл жемістер мен көкеністер өсіп келе жатқан сендерге өте қажет онда дәрумендер көп.
3. Тақпақтар.
Балалар кім жеміс пен көкөніс туралы тақпақтар біледі?
1) Нарттай қызыл алманын,
Мәз болады алғандар,
Жазда әдемі киіппен.
Тілді балдай үйірем. (алма)
Сопақша көк өнім бар,
Пайдалы мөлдір сөлім бар Піскен кезде жайнайсың Менің атым киярмын. (қияр)
Көкөніс бұл қалаулы,
Жасамас онсыз палауды (сәбіз)
Өте жақсы балалар такпақтар біледі екенсіңдер.
4. Мазайка: Тақтадағы ілінген суреттерге карап мазайка күрастырамыз. Оларды екі мозайка кұрастырамыз. Оларды екі топка бөледі: Олар жемістер, көкөністер.

5.Ойын: «Жеміс пен көкеніс»

Ойын мақсаты: Жылдамдыққа, татулыкка, достыққа тәрбиелеу.

Ойын шартты: Балаларды екі топқа бөледі.

Бір топ жемістер, екінші топ көкөністерді жинайды. Бірінші бітірген топ жеңімпаз болады.

III. Қорытынды.

  • Балалар, сендер жемістер мен көкөністер жайлы көп біледі екенсіңдер. Сабақ сендерге ұнады ма? Көп рахмет.

Балаларды бағалау, мадақтау.

 

Ш.Джапарова,
Жамбыл облыстық әкімдігінің білім басқармасының
«Саңырау нашар еститін
балаларға арналган облыстық «Мейірім»
арнайы түзету мектеп — интернаты коммуналдық
мемлекеттік мекемесінің тәрбиешісі      

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.