Павлодар жаңалықтары
Ағымдағы жылдың 16-17 қаңтарында Алматы қаласында түрлі пәндік салалар мен қосымша білім беруді біріктірген «Педагогикалық бастамалар фестивалі» атты республикалық байқау өтті.
Оған Павлодар облысынан 18 білім беру ұйымының 25 педагогикалық қызметкері қатысты. Жаңашыл ұстаздардың білімі мен тәжірибесі бес бағыт шеңберінде сынға түсті.
Павлодар облысының намысын қорғағандар арасында үш мұғалім – І, екі педагог – ІІ, үшеуі – ІІІ орынға ие болды, төрт мұғалім байқаудың номинанттары атанды:
«Психолог сандықшасы» бағытында Павлодар қ. № 40 жалпы орта білім беру мектебінің психологі Матай Қымбат Ғаллямқызы, шебер педагогтарға арналған жеке бағытта Павлодар қаласының № 21 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рауш Ольга Ивановна және Май ауданының Е.Мұқашев атындағы жалпы орта білім беру мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Әбухасен Айдана І орынға ие болып, жүлдегер атанды.
Ал, ұстаздық шеберлігімен танылған Павлодар қаласы № 40 жалпы орта білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі Бастенова Алина Бейбітқызы және «Шығармашыл толқын» бағытында Май ауданы Кеңтүбек ауылы «Қарлығаш» балабақшасының меңгерушісі Мухамедова Зухра Димяновна жүлделі ІІ орынды қанжығасына байлады.
«Мектептік менеджмент» бағытында облыстық көпсалалы лицей-интернатының директоры Рақымжанова Армангүл Сартайқызы, Екібастұз қ. № 25 қыздар гимназиясының математика мұғалімі Ержанов Қайрат Еділұлы және Павлодар қаласы дарынды балаларға арналған № 3 гимназияның қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Исмағұлова Зәуреш Мұқашқызы ІІІ орындарды еншіледі.
Содай-ақ, Павлодар қаласы № 29 жалпы орта білім беру мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Сейтқалиева Айсана Асқарқызы, Павлодар қаласы № 22 жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Баядилова Мейрамгүл Петровна, Аққулы ауданының Б. Уахатов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салимова Мейрамгүл Сағадатқызы және Аққулы ауданының Б.Уахатов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптар мұғалімі Бикеева Қарлығаш Доскенқызы конкурстың номинанттары атанды.
«Сарбаз – 2019»
САП ТҮЗЕ, ЖАС ҰЛАН!
Жақында Павлодар қаласының № 40 жалпы орта білім беру мектебінде Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналған «Сарбаз – 2019» атты қысқы әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша финалдық қалалық жарыстар өтті. Мақсаты: мектеп оқушыларының бойында әскери-патриоттық сезімдерін қалыптастыру, қысқы әскери-қолданбалы спорт түрлерін насихаттау болды.
Іс-шараға: «Павлодар облысы Павлодар қаласының Ауған соғысы және жергілікті соғыстарының ардагерлері» ҚҚ, «Павлодар облысы Павлодар қаласының Тәжік-Ауған шекарасындағы жергілікті соғыстар мен қарулы қақтығыстар ардагерлерінің одағы» ҚБ өкілдері құрметті меймандар ретінде шақырылды.
Ақтық турнирге құрамында 28 оқушыдан тұратын № 21, 22, 25, 40, 41, 43 жалпы орта білім беру мектептерінен 7 — 10 сынып оқушыларының алты командасы қатысты. Сайыс командалардың салтанатты сап түзеуінен басталды.
Командалар пневматикалық тапаншадан атудан, Калашников автоматын бөлшектеп-құрастырудан, жалпы әскери-қорғау костюмдерін киюден, тартылудан, шаңғымен жүгіруден жарыс шартында белгіленген түрлі тапсырмаларды орындады. Мұнда қатысушылардың іскерлік, шапшаңдық, шеберліктері шыңдалып, әскери дайындық өнерін қаншалықты меңгергендері анықталды.
Солтүстік бағыттағы жарыстың қорытындысы бойынша, № 35 ЖОМ құрама командасы жеңіске жетіп (алғашқы әскери дайындықты ұйымдастырушы Аманжол Кабдрахманович Джамбусинов), II орынды № 22 ЖОМ командасы (Бақытбек Маукенұлы Нұрмұханов), III орынды № 41 ЖОМ (Амангелді Серікұлы) иеленді.
Интернационал-жауынгер Төлеген Көкумбаев мұндай патриоттық іс-шаралардың жасөспірімдерді болашақ Отан қорғаушысы болуға дайындап, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын оятатынын айтты.
Айгүл МОЛДАШ,
Павлодар қаласы