Home » Жаңалықтар » Павлодарлық жас астрономдар Мәскеу қаласын таң қалдырды

Павлодарлық жас астрономдар Мәскеу қаласын таң қалдырды

Павлодарлық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономиялық клубының тәрбиеленушілері «Гагарин оқулары» атты Халықаралық жастар ғылыми конференциясының іріктеу кезеңіне табысты өткен болатын. Жас павлодарлық ғалымдар конференцияның лауреттары атанып 1-ші жүлделі орындарға ие болды. Бұл жылғы конференция 43-ші рет өткізіліп, сонымен қатар әйгілі конструктор  В.П. Мишиннің 100-жылдық мерейтойына орай ұштастырылған еді. Жас ғалымдарға Гагарин оқулары  инновациялық аэрокосметикалық технологиялар саласында пікір алмастыратын алаң бола алады. Көптеген жас ғалымдар, конструкторлар, инженерлер, ұшқыштар мен ғарышкерлерге бұл ғылыми конференция болашақ мамандықтарына керемет септігін тигізді.  Гагарин оқулары ең алғаш рет 1974 жылы Ғарышкерлер күні қарсаңында Мәскеу авиация институтында көктем мезгілінде өткен болатын. Бұндай студенттік іс-шаралар ғылыми конференциялар өткізудің дәстүріне айналды. Конференцияның бағдарламасына атақты ғалымдар, Ресей ғылым академиясының ғылым докторлары қатысты. Биылғы жылы Ресей мен Украин елінен қатысушылары көптеп қатысты. Қазақстан елінен Павлодарлық Оқушылар сарайының «Антарес» клубы жалғыз болды. Біздің байтақ елімізді «Антарес» клубынан төрт тәрбиеленуші таныстырды. №3 дарынды балаларға арналған гимназия оқушысы Айжан Тусупаева және №43 мектептің оқушысы Алексей Беличенко «Аэростатная ступень для запуска ракет» атты жұмысымен баяндама жасады.

Облыстық көпсалалы  дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы, жас астрономшы Қобланды Еренғайып, «Тенгри» полигоны жайлы ғылыми-зерттеу жұмысын ұсынды.

№40 павлодарлық мекептің оқушысы Яков Теребецкий «Марсоход.kz» атты жылжымалы ғарыш аппараты туралы айтып берді. Барлық оқушылар 1-ші орындарға иеленіп, конференция лауреаттары атанды.

Ұйымдастыру комитеті павлодарлық оқушыларды жоғары бағалап, болашақта Мәскеу авиация институтының студенттері атануға, ғылыми жобалармен айналысуға ұсыныс білдірді.

Сонымен қатар, жас астрономшылар Мәскеу қаласының қызықты жерлерімен танысты. Олар «Жұлдызды қала» ғарышкерлерді дайындау орталығына экскурссияға барды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.