Home » Айтарым бар » О, ҚАЗАҚ, МЕН СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢМЕН СҰХБАТТАСТЫМ

О, ҚАЗАҚ, МЕН СЕНІҢ БОЛАШАҒЫҢМЕН СҰХБАТТАСТЫМ

— Жолымыз бір екен, жүр, арғы бетке бірге өтейік,
— дедім оқушы балаға.
— Сіз де пәлен автобусқа мінесіз бе?
— Иә. Сенің жасың нешеде?
— 11.
— Өскенде кім боласың?
— Ғалым боламын!

«Президент боламын!» дейтін жаттанды сөзді күтіп тұрғам, тұла бойыма қан жүгіріп өткендей болдым:
— Оһо! Бәрекелді! Ғалым боп нені зерттейсің?
— Астрономия мен гидрологияны зерттеймін.
— Біреуі аспан, біреуі су, екінің бірін осы бастан таңдап алғаның дұрыс сияқты ғой?
— Сіз Леонардо да Винчиді білесіз бе?
— Білемін.
— Сол 32 түрлі ілімді білген екен. Маған екі түрлісі қиын емес.

Ал, Қазақ деген ұлтты әлемге танытатын ғалымдарымыз ізімізді басып келеді екен. Тек бықсытып алмай, маздата берсек. Айтпақшы, «Менің атым — Қожаны» оқыпты. Тіпті риза болдым. Бағың ашылсын, болашақтың ғалымы!

О, қазақ, мен сенің болашағыңмен сұхбаттастым. Сенің әлі де әлемге әйгіленетініңе мен сендім. Әсілі, сендірді!

Айдана ШОТБАЙҚЫЗЫ

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.