Ергазинова Жазира Турсынбаевна
КМҚК №3 «Балбөбек» бөбекжайы.
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Білім беру саласы: Таным
Мақсаты: Оң жақта — сол жақта кеңістік түсініктерін қалыптастыру, өзінен тікелей бағыттағы кеңістікті ажырата білуге үйрету.
Міндеттері: Тәуліктің қарама-қарсы мезгілдерін айыра білу: таңертең-кеш, күндіз-түн; үлкендер мен балалардың іс-әрекетінен тәулік мезгілін ажырата білу;
Балаларға жапсырманы дайын пішіндерге кезектілікті сақтай отырып жапсыру тәсілдерін үйрету; қағаз бетінде бағдарлауды (сол жақта — оң жақта) жалғастыру.Педагогтің нұсқауын дұрыс орындауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Қоян, саңдық, ашықхат заттардың оң жақ немесе сол жақ екенін көруге болатын суретер, пішіндер қызыл, сары, жасыл.
Сөздік жұмыс: Оң жақта, сол жақта, дөңгелек, таңертең, түсте, кешке, түнде.
Қостілділік: Оң жақ-правый, сол жақ- левый, дөңгелек-круг, таңертең-утром, түсте-обед, кешке-вечером, түнде-ночь.
Іс-әрекет кезеңдері: Шаттық шеңбері.
Балалар бізде бүгін ерекше сабақ себебі, біздің топқа қонақтар келіпті, олай болса, өзімізді жақсы жағынан көрсетейік.
Жұмбақ.
Тәрбиеші жұмбақ жасырады, балалар шешуін табады.
— Қоян келеді.
— Балалармен амандасады.
— Балалар, тәрбиеші қоянмен амандасады.
Қоянның қолында сандық болады.
Қоян мына сандықта не бар, балаларға не әкелдің?- деп тәрбиеші сұрайды.
Қоян айтады, мен мына сандыққа салып сыйлық әкелдім, менің тапсырмаларымды орындасаңдар сандықты сендерге беріп кетемін, орындай алмасаңдар сандықты бермей алып кетемін дейді.
Тәрбиеші: Балалар не істейміз бәріміз бірге қоянның тапсырмасын орындаймыз ба?
– Балалар;
— ия деп айтады.
Қоян: Олай болса менің қолымда үш ашықхат бар, яғни үш тапсырма осы үш тапсырманы орындасаңдар, сандықты сендерге қалдырып кетемін деп, үш ашықхатты тәрбиешінің қолына береді.
Ол үш түрлі ашықхат болады. (Қызыл, Сары, Жасыл.)
Тәрбиеші: Ашықхаттарды алып балаларға көрсетеді, ал балалар тапсырманы орындап сандықты алып қалуға дайынсыңдар ма?Балалар — ия дейді.
Олай болса бірінші қызыл ашықхатты таңдайық — деп бір баланы шақырады, Алия келе ғой маған қызыл ашықхатты тауып берші дейді.
Алия қызыл түсті ашықхатты көрсетеді. Ашықхат-конверт орысшасын айтады.
Жарайсың Әлия отыра ғой орныңа.
Тәрбиеші қызыл түсті ашықхатты ашып ішіндегі тапсырманы оқиды.
Тәуліктерді ажырата білу. Балалар бұл ашықхатта «сөйлемді аяқта» ойыны деп жазылып тұр екен.
Олай болса мен сендерге сұрақ қою арқылы сөйлемнің басын айтамын, сендер жалғасын айтасыңдар,ал олай болса бастаймын.
— Сендер балабақшаға қай уақытта, қай мезгілде келесіңдер?
— Балалардың жауаптары.
-Таңертеңгі уақытта.
— Түскі асты қай уақытта ішесіңдер?
— Түскі уақытта.
— Ал, аналарың-әкелерің сендерді үйлеріңе қай уақытта алып кетеді ?
— Кешкі уақытта.
— Ал, қай уақытта ұйықтаймыз?
— Түнде.
— Түнде ұйықтаймыз, ал жаттығуды қашан жасаймыз?
— Таңертең.
Ой жарайсыңдар балалар,қандай ақылдысыңдар тамаша.
Ал, енді осының бәрін қимылмен көрсетіп берейікші,қимылмен көрсету.
— Ой жарайсыңдар балалар,қандай ақылдысыңдар бәрекелді.
— Қоянда мақтайды.
— Ал балалар осымен бірінші тапсырманы орындадыңдар жарайсыңдар.
Енді екінші тапсырманы орындайық. Ол үшін біз сары түсті ашықхатты алып ашайық. Әмина келе ғой маған сары түсті ашықхатты алуға көмектес.
Әмина таба алмаса басқа баланы көмекке шақыру. Орысшасын сұрау.
Екінші ашықхатты ашып тапсырманы ашып оқу.
«Айырмашылығын тап»ойыны.
Тақтаға екі бірдей сандықтың суретін ілу.
Балалар бұл ненің суреті?
— Балалар сандықтың.
Балалар айырмашылықты таппас бұрын маған айтыңдаршы тамақты қай қолымызбен жейміз?
Оң қолдарын көтеру керек, білмесе көмектесу,ал нанды сол қолымызға ұстаймыз.
Яғни мына сандықтарда біреуі оң жақта, біреуі сол жақта тұр.
Оң жақтағы сандықта құлып бар, ал сол жақтағы сандықта құлып жоқ. Оң жақтағы сандықтың аяғы бар, сол жақтағы сандықтың аяғы жоқ. Неліктен?
Балалар айырмашылығын табады.
Жарайсыңдар балалар өте жақсы.
Қоян да мақтайды.
Тәрбиеші: Балалар, бәріміз сергіту сәтін жасап жіберейік.
Сергіту сәті:
Ұзын құлақ сұр қоян.
— Балалар орындарына отырады.
— Тәрбиеші ал,енді үшінші тапсырманы орындайық, бізде қандай түсті ашықхат қалды?
— Балалар, жасыл деп айтады,орысшасын айтады.
— Үшінші тапсырманы ашып оқиды.
«Шамдарды жақ»ойыны.
Тәрбиеші бағдаршам туралы өлең оқиды.
— Балаларға сұрақ қояды.
— Бұл өлең не туралы?
— Балалар,Бағдаршам — светафор деп айтады.
— Тақтаға бағдаршамның суретін ілу. Сұрақтар қою балаларға.
— Суретте неше бағдаршам бар?
— Оның неше көзі бар?
— Олар қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
— Олардың түстері қандай?
— Балалар сұрақтарға жауап береді.
— Балалар бағдаршамның көздері сөніп қалыпты. Енді оны түрлі-түсті жапсырмалардың көмегімен жағуымыз керек.
— Бағдаршамға көздерін жағуға көмектесеміз бе?
— Онда тәрелкедегі дөңгелектерді алып, бағдаршамның көздерін жағайық.
— Балалар бағдаршамның көздерін жапсырады.
Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар деп мақтайды, кей балаларға жекеленген көмек көрсетеді.
Қоян тапсырмаларды орындағаны үшін мақтап, сандықты беріп қоштасып кетеді.
Қорытынды: Тәрбиеші сабақты сұрақ-жауап арқылы қортындылайды,
сандықты ашады, ішінен тәтті дөңгелек тоқаштар салынған, балалар қонақтармен қоштасады.
Таңертең тәулік бөлігімен таныстыру; осы сөздерді сөйлеу барысында қолдану; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен-кіші) және санына қарай (бір-көп) салыстыруды үйрету; қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту. Шыдамдылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеу. | ||
Көрнекілік | Ойыншық қоян, перде, заттардың оң жақ немесе сол жақ екенін көруге болатын сурет, әр балаға жұмыс дәптері және жай қарандаштар. | |
Сөздік жұмыс | Оң жақта, сол жақта, дөңгелек. | |
Қос тілдік | Сол жақта-слева, оң жақта-справа, дөңгелек-круг. | |