Home » Мақалалар » Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде

Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде

 Ағымдағы жылдың 17 мамыры күні «Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша ПҚ БАИ» базасында техника ғылымдарының докторы, КАІЅТ Институтының (Корей озық технологиялар Институты) профессоры Уон Дон Ён, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Гүлнас Ахметова, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жаумбай Қараев, «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік даму бойынша орынбасары Иса Самсаев, Алматы қаласындағы Колледждер Қауымдастығының Президенті Жантілеу Азизханов, және институттың профессорлық-оқытушылар құрамы мен тыңдаушылары қатысқан «Оңтүстік Корея тәжірибесі негізінде қазіргі заманғы білім беру трендтері» атты халықаралық семинар өтті.

Семинар жұмысын институт директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Серік Кенесбаев ашып, аудиторияны Оңтүстік Кореядан келген қонақпен таныстырды. Оның айтуынша, Уон Дон Ён мырза Оңтүстік Кореяның ең көрнекті 100 адам тізіміне есімі енгізілген, Оңтүстік Кореяның болашағы Мемлекеттік Білім беру Стратегиясының авторы және 2015 жылдан бастап Мемлекеттік Стратегия әзірлеу бойынша комиссия Төрағасы, Корей Атом энергетикалық ғылыми-зерттеу университетінің проректоры, Яньбянь Қытай университетінің проректоры қызметтерін атқарған. Сонымен бірге ғалым 100-ден астам диссертация, 10-нан астам патенттелген ғылыми әзірлеме, педагогика бойынша 20-ға жуық кітаптар жазды.

«Болашақ білім берудің жаңа парадигмасы: рецептивті білім беру» атты баяндамасында Уон Дон Ён мырза бүгінгі таңда «рецептивті бес өлшемді білім беру» теориясы балалардың креативті, интегративті, жаһандық ойлау қабілетін қалыптастыруға зор ықпал ететіндігін атап өтті. Семинар барысында ғалым қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шараны «Өрлеу» «БАҰО» АҚ Басқарма төрайымы, п.ғ.д., профессор Гүлнас Ахметова қорытындылап, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік жасаған профессор Уон Дон Ён мырзаға әріптестік қатынастағы табысты еңбегі үшін алғыс білдірді.

 

Айгүл НҰРАҚБАЕВА,
«Өрлеу» «БАҰО» АҚ филиалы
«Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің
біліктілігін арттыру институты»,
Қоғаммен байланыс және баспа қызметі
бөлімінің бас маманы

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.