Home » Жаңалықтар » ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕГЕН МӘЖІЛІС

ОҚЫТУ САПАСЫН АРТТЫРУДЫ КӨЗДЕГЕН МӘЖІЛІС

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспарында, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында және  «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016- 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында айқындалған міндеттерді орындау мақсатында 20-тамызда Алматы қаласы Білім басқармасы «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми әдістемелік зертхана жетекшісі Тюкачева Елена Владимировнаның жетекшілігімен №178 лицейдің мәжіліс залында жалпы білім беретін мектеп, гимназия, лицей директорларының жаңа оқу жылына арналған дәстүрлі тамыз кеңесі өтті.

Білім беру жүйесіндегі жетістіктерді бағалап, кемшілікті саралайтын кеңеске қатысушыларды құттықтау сөзінде «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры, педагогика ғылымдарының докторы Садвакасова Р.А. жаңа оқу жылының өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес Институтта өткізілген орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары мен педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған қалалық, республикалық, халықаралық деңгейдегі курсаралық ісшараларға жан-жақты тоқталды. Сонымен қатар, Институт директоры еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы жаңа бастамалардың сәттілікпен орындалуына тілектестігін білдірді.

«Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми әдістемелік зертхана жетекшісі Тюкачева Е.В. сөз кезегінде жаңа оқу жылындағы бағдарламаның ерекшеліктеріне тоқталды. ЮСИМАС Халықаралық ментальді арифметика академиясының аймақ бойынша директоры Жылқыбаева  Г.С. баланың зейінді болуына ментальді арифметиканың ықпалы мол екендігін ерте жастан қатысқан балалардың ғажайып жетістіктерін мысалға келтіре отырып баяндады. Мәжіліс барысында оқыту сапасын арттыруды көздеген Институт пен Білім басқармасы басшылары өзара тығыз байланыста еңбек ету арқылы нәтижелі жетістіктерге қол жеткізетініне сенім білдірді.

Іс-шара соңында «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ директоры Р.Садвакасова, «Қалалық әдістемелік кабинет» ғылыми әдістемелік зертхана жетекшісі Е.Тюкачева білім беру жүйесінде елеулі еңбегімен ерекше жетістіктерге қол жеткізген мектеп директорларына Алғыс хаттарын тапсырды.

 «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Алматы қаласы бойынша
Қоғаммен байланыс және
баспа қызметі бөлімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.