Home » Жаңалықтар » ОҚЫТУ ПРОЦЕССІНЕ АҚТ ҚҰРАЛДАРЫН ЕНГІЗУ

ОҚЫТУ ПРОЦЕССІНЕ АҚТ ҚҰРАЛДАРЫН ЕНГІЗУ

Заманауи қарқынмен дамып келе жатқан педагогикалық қауымдастықта «Өрлеу» АҚ Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ   сабақ өткізу барысында ақпараттық және техникалық құрылдарды пайдаланудың тиімділігіне аса назар аударады.

Оқыту процессіне АҚТ енгізу мекеменің жақсы ақпараттық-техникалық қамтамасыз етілуімен бығыз байланысты.    Атап айтсақ, «Қазақстан Республикасында көптілді білім беру және білім мазмұнын жаңарту жағдайында қазақ тілі пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту» тақырыбындағы курс шеңберінде аға оқытушы А.С.Нурмухамбетова қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған сабақтарда планшеттік компьютерлерді кеңінен пайдаланады. Тыңдаушылар практикалық сабақтарда Movavi Видеоредакторымен жұмыс жасау барысында өз шеберліктерін шыңдап, аса қызығушылықпен сабақтар мен конкурс материалдарын өңдейді.

Оқушы қай жаста болса да, сабақтарда заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану оқыту процессін қарқынды, есте қалатындай етіп, оқып жатқан пәнге қатысты жағымды эмоцияларды қалыптастырады.  Заманауи білім берудің міндеттерінің бірі — білімді жай ғана ұғынудан құзыреттіліктерді қалыптастыру – жүзеге асырылуда.

 

 

Нурмухамбетова А.С.,

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қостанай облысы бойынша

ПҚ БАИ кафедрасының аға оқытушысы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.