Home » Баяндамалар » Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер

 

Бүгінгі таңда басты мәселе болып отырған – жас ұрпақтың сапалы білім алуы. «Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырды адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші» дегенінің өзі – үлкен көрегендіктің белгісі. Білім саласының дамуы көшінен қалмай ілгерілеу басты мақсатымыз. Сол көшке ілесе алмасақ- бізге сын.  Еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздарың еншісінде екені айтпаса да белгілі.  Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы теориялық оқуға негізделген тәсіл кең  таралған. (Hattie, 2009). Осыған орай педагогтердің біліктілігін арттыру курсының үшінші (негізгі) деңгейлі бағдарламасы негізіне сүйене отырып, өз тәжірибемде жеті модульді сабақтар топтамамда қамтыдым.

Осы біліктілікті арттыру курсының негізгі бағдарламасы – мұғалімнің білім беру мен оқытудағы әдіс-тәсілдері жаңа бастама болып отыр. Сол бағдарлама сындарлы оқытуға негізделіп отыр. Бұл теория оқушының тапсырманы орындауда алған білімдерін бұрынғы білетіндерімен ұштастыру болып табылады. Оқушы сабақ барысында жан-жақты дамып, сыныптастарынан үйренеді, бір-бірін үйретеді.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер жекелеген құбылыс немесе дағды емес. Осы іске тартылатын тетіктер мыналар: оқыту әдісін таңдау: жүйелі ойлауға үйрету; оқушының талантын зерттеу және анықтау; сандық технологиялар саласындағы жоғары құзыреттілікті дамыту болып табылады.

Осы жаңа тәсілдерді қолдануда «диалогтік оқытудың маңызы» және «қалай оқу керектігін үйретуді» басшылыққа алдым. Оқыту мен оқудағы оқушы мен мұғалімнің арасындағы байланыс ол диалог арқылы болары сөзсіз. Осы диалогтік оқыту сабақ барысында тиімді қолданылғанда оқушылар өз ойларын, көзқарастарын білдіріп, еркін сөйлеуіне, дамуына көмектеседі. Ал «қалай оқу керектігін үйретуде» оқушы алған білімін есте сақтап, өз бетімен іздене отырып, жауапкершілікке үйретеміз. Қалай оқу керектігін үйрету бұл оқушының «өзін-өзі реттеу» болып табылатыны анық. Бұл үдерісте оқушылар түсінеді, бақылайды, өздерін қадағалап қабілеттерін шыңдайды. Онда оқушының жас ерекшеліктерін де ескеруге тырыстым. Берілген тапсырмалар арқылы өзін-өзі реттей отырып білімге құштарлығын ояту болып саналады. Табыс, ұмтылыс және тиімді тәсілдерді қолдау арасындағы негізгі байланысты қалыптастыратын болғандықтан, метатану ұғымын бір оқушының «қалай оқу керектігін үйренуі» деп қарастыруға болады. Шанк пен Циммерман (1994) балалардың өз оқуын бақылау мен мониторингі үдерісінде дербестігін қалыптастыруға баса назар аударады. Өз бетінше жұмыс істеу және даму ниетін авторлар метатанудың маңызды аспектісі ретінде таниды. Оқудың табысты болуы ынталандыру, әлеуметтік және эмоциялық себептер арасындағы күрделі әрекеттік пен метокогнетивті білімге байланысты.

Оқушылардың өзін-өзі реттеу үшін топтық жұмыстың орны ерекше болды. «Сыныптағы бірлескен жұмыс оқытылатын пәннің мазмұнын берумен  шектеліп қана қоймайды, ол сонымен қатар, мұғалімнің ынтымақтастық атмосферасында оқуды қамтамасыз етуіне бағыттайды» деген ойды ескере отырып оқушылармен сабақты бастамас бұрын, өзара ынтымақтастық атмосферасын құрып алу керектігіне көзім жетті.

Себебі топ мүшелері бірге жұмыс жасауға тырысты, топта ынтымақтастық атмосферасын құра отырып, жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруге мүмкіндік туды.

Әр ұстаз сабағында міндетті түрде сұрақ-жауап әдісін қолданатыны сөзсіз. Сол арқылы оқушының сабақты қаншалықты меңгергенін біліп отырамыз деуге болады. Сұрақ қоюдың  төмен және жоғары дәрежелі болып бөлінетін екі түрі бар.

Төмен дәрежелі сұрақтар «ашық» немесе «дұрыс емес» деп бөлінеді. Ол жаттап алуға бағытталып бағаланып отырады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтарда оқушы жан-жақты ойланып, іздене отырып жауап беруге тырысады. Сонымен бірге оқушыға сұрақтар қойғанда тақырыпқа байланысты түрткі, сынама, бағыттау сұрақтар арқылы білімдерін бекітуге болады.

Ал оқушының берген жауабы қате болған жағдайда, оларды бірден тоқтатып, қате деуге болмайды. Жіберген қатесі арқылы ойланып түзетуге мүмкіндік берілуіміз керек. Сол қатесінен сабақ алуы керек. Немесе оларды тақырыпқа қарай бағыттап сұрақ қоя отырып дұрыс жолға түсуіне көмектесуіміз қажет. Егер қате жауабын бас изеп қабылдай берсек оқушы  «мен білемінге» салынып тақырыпты меңгермей қалуы да мүмкін. Білім берудің диалогтік тәсілдерін дамытуда мен сабақтарымда сұрақ қою арқылы оқушының: Сындарлы сөйлеуіне ынталандыруға, білімге құштарлығын оятуға, сыни тұрғыда ойлауға ықпал етемін, бір-бірін үйретіп, үйренуге,пікір бөлісіп, оны құрметтей білуге, өздерін және өзгені бағалай білуге, бірімен бірі диалогтік қатынасқа түсуге, ойын жинақтап, талдауға үйренетіндігін, кез келген жағдайды шешуде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы және өзгелер арасында серіктестік құру арқылы ой бөлісетіндігін дамыта алдым.

Білім алуда пікірлесу, сұрақ қою барысында серіктестерінің айтқандары елеулі орын алады деп білемін. Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу, сұраққа жауап беру оқушылардың білім алуының ажырамас бөлігі деп білемін.

Оқушылардың білім алуда сұраққа жауап беруі, ізденуі, тыңдауы мен сөйлеуі арасында байланыс анағұрлым нәтижелі болатынына көзім жетті. Оқушылар шағын топтарда жұмыс жасай отырып, бір- бірімен пікір алмасып, идеяларын ортаға салып, баға бере біледі. Оқушы қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы білімдерін шыңдайды. Өзімнің әдебиеттік оқу пәнімде оқушыларға түрлі деңгейдегі сұрақтар қойдым. Қойылған сұраққа  оқушылар жауап бере отырып, дәлелдеуге тырысты. Өтілген әр тақырыпқа байланысты оқушыларға түрткі, сынама сұрақтар қоя отырып, білгендерін ортаға салуға бағыттадым.

Тәжірибе кезінде 8 сынып оқушыларымен «Тіл мәдениеті», «Сөз бен тілге байланысты мақал-мәтелдер», «Сөз қолданудың негізгі принциптері», «Мәтінмен жұмыс» тақырыптарында Кембридж бағдарламасының 7 модулін қолдандым. оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер мұғалімдер үшін ғана емес , оқушылар үшін де қызықты және тиімді екеніне көзім жетті.

Мектептегі тәжірибеде бұрынғы дәстүрлі сабақтарда қойылатын сұрақтарды қоймауға тырысып, олардың сыни тұрғыда ойланып жауап айтуларын талап етіп, дамыттым.

Ал дәстүрлі сабақтарда қойылған сұрақтар бала ойының дамуына кедергі болатынын және ойын тежейтініне көзім жетті. Оқушы жауабын дәлелдей алмай құр айта салғанын түсіндім. Сондықтан оқушының айтылған жауаптарынан кейін «неге?» сұрағын қою арқылы дәлелдеуге үйреттім. Сол кезде оқушы ойын жинақтап, тез шешім қабылдап сұраққа жауап айта алды. Ғылыми тәжірибенің өзінде диалогтің маңызды рөл атқаратыны анық. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнетивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.

Выготскийдің оқыту модулі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады, деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуге мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болу мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар  оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, «жақын арадағы даму аймағы» аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.

Жоғарыда айтылған зерттеушілердің сөзіне толықтай қосыламын. Қай оқуды алсам да әңгімелесу арқылы жүзеге асатыны белгілі. Әңгімелесу оқушының өзін-өзі реттеуге, білімін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан мұғалім оқудың түрлі тәсілдерін дұрыс, тиімді қолдана білуі керек. Оқушы жан-жақты ойланып жұмыс жасай алатын болады. Олар оқытудың мынадай тәсілдерінмен жүзеге асады: оқушылардың іс әрекетін арттыру үшін мүмкіндік тудырады. Іс-әрекет танымдылығы мектептегі оқу процесіне білім, білік, дағдыларымен қатар нақты оқыту пәнімен қалыптасады. Себебі мен сабақтарымды диалог құру арқылы жүргіздім. Оқушыда сабаққа деген қызығушылық пайда болды. Талдау барысында тақырып төңірегінен шыға алды. Өз ойын, пікірін айтып атсалысты. Онда оқушының ойын ұштаудағы, тиімді білім берудегі және құзыретті тұлға қалыптастырудағы тиімді тәсіл. Себебі диалог мынадай қарым-қатынасты негіздейді: «мұғалім мен оқушы» және «оқушы мен оқушы». Бұл үрдіс менің бұрынғы сабақтарымда да орын алған. Алайда өткізген дәстүрлі сабақтарымда үстіртін ғана сұра-жауап ретінде  жүріп отырғанына көзім жетті. Өйткені оқушылар «иә» немесе «жоқ» деген жауаптар арқылы қысқа жауап беріп отырды. Себебі диалогті бұлай қолдану оқушының терең ойлауына, алған білімін талдап, сараптауына мүмкіндік бермегенін түсіндім. Егер оқушы ортада өз пікірін еркін жеткізе алмаса, ол білімін толықтырып, жетілдіре алмайды. Сондықтан диалогтік қарым-қатынас жоғары деңгейде болу керек.

Осы мақсатта диалогті жаңаша қырынан қарап, алғашқы  бетпе- бетте алған білімімді жинақтап, талдай отырып түрлендіре отырып сабақтарымда қолдандым.

Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта айтылғандай Александер `(2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым- қатынас жасаудың бір сарынды үдерісі емес, керісінше идеялар екі жақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар және мұғалімдер нәтижеге жету үшін күш- жігер жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, ол бірлескен зерттеу барысында анықталады.

Мерсердің зерттеуіне сәйкес әңгімелесу оқушының оқуының ажырамас бөлігі болып табылады. Сол әңгімелесудің бірнеше түрі бар. Олар: Топтық әңгіме оқушыларға топтық тапсырма беру барысында жүзеге асты. Топтағы оқушылар берілген тапсырманы ақылдаса отырып талқылап, ортақ шешімге келді. Бұл тәсіл сыныптағы баяу, енжер оқушының сабаққа қатысуына жол ашты. Себебі ол достарымен бір топта жұмыс істеп, сұхбаттасты. Тапсырмаларды орындап белсенділік танытты. Топ жұмысына үлес қосып, бір қырынан көрінді. Атап айтар болсам Садыков , Тұрғанбекова және Маликов деген оқушыларым топтық жұмысты талқылап және топ мүшелерінің атынан сөйлеп , ашылды.

Зерттеушілік әңгімеде оқушыларға сыни тұрғыда ойлауға тапсырма берілгенде топтық жұмыс арқылы жүзеге асырылды. Сабақ барысында тақырыпқа байланысты пікір айтып, талқылай алды.

Ғалымдардың зерттеуі бойынша нәтижелер дәлелдегендей, сабақта диалогтің орны бөлек. Оқушылар осы әдіс арқылы сабаққа қызығушылықпен қатысатын болды.  Оқытудың қай технологиясымен жұмыс жүргізсем де диалогтік тапсырмаларды қамтуға тырыстым. Жұптық және топтық жұмыстарды міндетті түрде жүргізіліп отырды. Мысалы: «Тіл мәдениеті»тақырыбы бойынша сабағымда ДЖИКСО әдісін қолдану арқылы оқушылардың арасында диалог өрбіді. Мәтінді түсіну барысында сыни тұрғыда ойлаудың ДЖИКСО әдісін қолдана отырып жүргіздім. Бұл әдістің тиімділігі оқушы өзі оқып, өзгеге де түсіндіре білуінде болды. Бұл әдісте оқушының тілі дамиды, сөздік қоры молаяды және қорытынды тұжырымды ой айта алатындығында болды. ДЖИКСО әдісін қолданғанда оқушыда қызығушылық пайда болды. Сол әдістегі бөлінген қызмет түрлеріне қызығып, мәтінді өздері оқып түсінгендерін білмей де қалды. Мәтіннің мазмұнын түсінбей қалды деген оқушы болмады, бірақ сабақ барысында топтағы енжар, баяу оқушылардың өзі соңғы бақылаушының айтқанынан түсінгенін айтып жатты.

Жалпы алғанда сыни тұрғыда ойлау жаңа әдіс- тәсілдермен тығыз байланыста. Ал сыни ойлау мен диалогтік оқу әдістерін қатар қолданғанда оқушының сабақтағы белсенділігі артады. Себебі диалог барысында сабақтарда сыни ойлауға бағыттайтын сұрақтарды пайдалану арқылы оқушы пікірін білдіріп, сұрақ қойып диалогқа түсуге жетеледім.

Бұл бағдарламада оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, нәтижесінде ойын еркін жеткізе алатын, сенімді, сыни ойлай алатын, таным белсенділігі жоғары тұлға қалыптастыру менің басты мақсатым болып табылады.Әрине дәстүрлі сабақтарды да жоққа шығаруға болмайды. Оның да алар орны бар. Бірақ жаңа әдіс-тәсілдер арқылы баланы өмірге бейімдеп дайындаймыз десем артық айтқандық болмас.

Мұғалімдік тәжірибемдегі ендігі мақсат – заман талабына сай құзіретті тұлға қалыптастыруда осы жеті модульді жүйелі қолдана отырып, өз тәжірибемді толықтыру, жетілдіру болмақ.

 

 

 

Ахмедова Күланда

Қызылорда облысы. Жаңақорған ауданы.

Жайылма ауылы. №195 мектеп гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.