Home » Мақалалар » ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ

Бексеитова АйнұрТұймебекқызы
№68 орта мектептің
ІІІ (базалық) деңгейлік курстан өткен
биология пәні мұғалімі

         Егеменді еліміздің алға қойылған басты мақсаттарының бірі – өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: «Негізгі мақсатымыз – Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі» делінген. Сол себепті әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.

Қазіргі оқу үрдісінде жаңа әдіс-тәсілдер көптеп енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, сапалы да салмақты ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, еркін сөйлеп пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде жаңа әдіс-тәсілдерді сабақтарда көптеп пайдаланудың маңызы зор. Шәкіртке терең білім беріп, оның жүрегіне адами асыл қасиеттерді үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, қоршаған ортамен санасуына ықпал етері сөзсіз. Қазіргі таңдағы көптеген оқушының өзінің ой-пікірін ашық айта алмауы, сөздік қорының аз болуы, сөзін толық жеткізе алмауы өзекті мәселенің бірі. Қазіргі заманғы сабаққа қойылатын талап – оқылатын материалдың мазмұны өмірмен байланысты болуы. Сондай-ақ, оқушылар берілген материалды өздігінен игере алуы, ал мұғалім тек бағыт-бағдар беруші тұлға болуы қажет. Осы мақсат негізінде «Оқытудың жаңа тәсілдерін пайдалана отырып оқушылардың өзіндік іс-әрекеттерін қалыптастыру» тақырыбында жұмыс істеудемін. Осы орайда, білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп,  таныта білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылуы қажет. Өз іс-тәжірибемді шыңдау мақсатында жаңа тәсілдерді қолдана отырып, 2015 жылы қаңтар айында өткен «Самғау астана» желілік қоғам бастығының басқаруымен ұйымдастырылған қалалық семинарда  «Қан айналым жүйесі. Жүректің құрылысы» тақырыбында 8 «А» сыныбында  сабақ  өткізіп қала мектептерінің мұғалімдерімен іс-тәжірибесімен бөлістім. Сонымен қатар, 2016 жылдың  қараша айында өткен мектепішілік семинарда 8 «А» сыныбында «Адам қаңқасының құрылысы, химиялық құрамы» тақырыбында сабақ өткізіп әріптестермен іс-тәжірибеммен бөлістім. Сондай-ақ, жалпы білім беретін мектеп педагогтарының біліктілігін арттыру курсы үшінші (базалық) деңгейінде меңгерген әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып 6 «А» сыныбымен «Атқаратын қызметіне байланысты тамырдың тү рөзгерістері» тақырыбында сабақ өткіздім.  Сабақ барысында оқушылар өздері саралай, салыстырып жинақтай алуға дағдыланады. Өткізілген ашық сабақтарға мектеп әкімшілігі мен бірлестік мұғалімдері жоғары баға берді. Сонымен қатар, өз білімімді жетілдіру жолында қала мектептеріндегі биология пәні мұғалімдерімен байланыс орнатып, іс-тәжірибе алмасу үстіндемін.
Жоғарыда аталған сабақтармен қатар жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастырдым. Мысалы, «Азаттық таңын аңсаған алаш арыстары», «Биология әлемінде» және кәсіптік бағдар беру бағыты бойынша «Мамандық таңдау — болашақты таңдау» тақырыптары бойынша 7, 8, 9 сынып оқушыларымен бірге сыныптан тыс іс-шараларын жүйелі жүргізу нәтижесінде оқушылар да бірқатар жетістіктерге жетті.
Сондай-ақ, менің дайындаған оқушыларым мектеп, қала олимпиадаларына, ғылыми жоба, зерде зерттеу жұмыстарына белсенді түрде қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүр. 2014 жылы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың ІІ (аудандық) кезеңінде  шәкіртім Жалғасбай Ақжан жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Ал 2014 жылы Ерден Ақбота жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңіне қатысып, ІІІ дәрежелі диплом иегері болып отыр. Сонымен қатар, Ақбота Кореяда өткен халықаралық ғылыми жобалар конкурсына қатысып, сертификатқа ие болды. 2016 жылы оқушысы Сапиева Айғаным «Жасыл экономика моделіне өту бойынша Қазақстанды қолдау» атты ЕО/БҰҰДБ/БҰҰ ЕЭК жобасы аясында өткізілген «Судың мен үшін маңызы» атты эссе байқауына қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.