Home » Мақалалар » Оқытуда педагогикалық идеяларды қолдану – оқушы қызығушылығын арттыру жолы

Оқытуда педагогикалық идеяларды қолдану – оқушы қызығушылығын арттыру жолы

Қазіргі таңда мұғалімнің оқытудағы мақсаты – өз ойын айта білетін, ғылыми ұғымдар мен ғылыми тілді өз бетінше игерген, интеллектуалды ойлау қабілеті дамыған шәкірт қалыптастыру. Мектептегі оқу үрдісі оқушылардың ізденімпаздығын, танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетінің дамуына жол ашуы қажет. Оқыту үрдісі екі жақты үрдіс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс – әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың ізденімпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтар мен психологтар пікірі, оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласы өз еркімен әрекет жасауына байланысты дегенге санайды. Мұғалімдерге қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, жоғары интеллектілік, терең білімділік, кәсіби сауаттылық болса, екіншіден, одан олар ертеңгі келер күннің бүгінгіден де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күші – білім мен адамдар арасындағы татулық екенін оқушыларға іс – әрекет арқылы ұғындыру.

Қазіргі кезде елімізде білім берудің  жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алды. Бұл оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-­әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалып жатыр. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көпнұсқалық қағидасы бекітілген, білім мекемелерінің педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Бастауыш мектеп оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы.

Оқыту процесінің көптүрлілігіне қарамастан — дидактикалық, компьютерлік, проблемалық, модульдық және басқа — жетекші педагогикалық қызметті іске асыру мұғалімнің еншісінде қалып отыр. Оқу-тәрбие процесіне қазіргі заманғы технологиялардың енгізілуіне байланысты мұғалім мен тәрбиеші кеңесшінің, ақылшының және тәрбиешінің қызметін одан әрі игеруде. Мұғалімнің кәсіптік қызметі арнаулы, пәндік білімдермен ғана шектелмей, педагогика мен психологияның, оқыту мен тәрбие технологиясы салаларының қазіргі заманғы білімдерін де қамтитын болғандықтан мұғалімнен арнайы психологиялық — педагогикалық дайындық талап етіледі. Осы негізде педагогикалық инновацияны қабылдау, бағалау және іске асыруға дайындық қалыптасады.

Инновация — жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді.

Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс. Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттеушісі, тұтынушысы және насихатшысы қызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымындағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс тандап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.

Әрбір мұғалім педагогикалық идеяларды жүзеге асыра отырып, оқу мен оқыту жолында өздерінің көздеген мақсаттарына қол жеткізе алады. Педагогикалық идеяларды қолдану арқылы болашақ ұрпақты білім нәрімен жеткілікті деңгейде сусындата алады.

Болашақта өркениетті елдердің жоғары технологиясын меңгерту, дүниежүзілік білім кеңістігіне шығу — бүгінгі күннің мақсаты.

Оқыту технологиялары оқушының тұрақты жоғары нәтижелерге қарай біртіндеп сатылай жылжуын, жаңа оқу ақпарлары мен біліктіліктерді меңгеру мақсатына жақындау деңгейлерін әр қырынан бағалау және өзін — өзі бағалау мүмкіндіктерінің туындауын қамтамасыз етеді.

Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе — оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс. Педагогтердің педагогикалық идеяларды жүзеге асыруының нәтижесін көру және олардың озық тәжірибелерін тарату, таныту мақсатында «Өрлеу» БАҰО АҚ мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдары үшін бейне-сабақтар мен бейне-дәрістердің жыл сайынғы «Педагогикалық идеялар панорамасы» Республикалық конкурсын ұйымдастыруда.

Конкурстың мақсаты — бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибені жинақтау және насихаттау, педагогтардың ақпараттық-коммуникациялық және технологиялық құзыреттіліктерін арттыру.

Конкурстың міндеттеріне үздік педагогикалық практикаларға қолжетімділікті қамтамасыз ету; білім беру қызметкерлерінің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту; «Өрлеу» педагогтардың біліктілігін арттыру Ұлттық порталында үздік бейне-сабақтар мен бейне-дәрістер қорын жасау жатады.  Астана қаласы бойынша мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік, жоғары білім ұйымдарынан барлығы 150-ден астам материал келіп түсті. Материалдар авторларымен бірге талданып, қаралып, ұсынымдар беріліп, педагогтерге әдістемелік қолдаулар көрсетілді. Бұл конкурс болашақта озық педагогикалық тәжірибені насихаттауға және жинақтауға, педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыруға ықпал етеді деп сенеміз және  педагогикалық идеялар мен инновациялық тәжірибе алмасу алаңына айналып, бәсекеге қабілетті ақпараттық білім беру ортасын жасауға, профессор-оқытушы құрамын инновациялық қызметке ынталандырады деп күтеміз.

 

Ф.Б. Ғалымжанова,
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Астана қаласы бойынша
ПҚ БАИ кафедра меңгерушісі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.