«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ Ақтау қаласының №2 орта мектебі базасында бастауыш және жоғары сыныптарға орыс тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған «Оқу қызметіндегі критериалды бағалау жүйесі» тақырыбында семинар өткізді. Семинар бастауыш және жоғарғы сынып сабақтарында критериалды бағалау жүйесін қолдану бойынша тәжірибе алмасу мақсатын көздеді.
Семинар барысында №2 орта мектептің орыс тілі пәні мұғалімдері Т.В. Подковальникова «Государственные праздники», А.А. Каракузиева «Космос. Планеты солнечной системы», Г.С. Аюпова, Э.Ю. Қыдырбаева «Қ.Мырза Әли «Мен істейтін жұмыс бар» тақырыптарында ашық сабақтар көрсетті.
Сондай-ақ, №2 орта мектеп мұғалімі И.В. Жадько «Развитие профессиональных навыков педагогов в рамках внедрения обновленного содержания среднего образования РК» тақырыбында тренинг өткізді.
Сабақтарда оқытудың заманауи талаптары, уақыт межесінен шығу үшін дайын материалды пайдалану әдістері, интербелсенді әдістер, бастауыш мектептегі сабақта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру және сабақта бағалау мен кері байланысты тиімді пайдалану мәселелері қарастырылды.
Семинар «Оқу қызметіндегі критериалды бағалау жүйесі» тақырыбындағы дөңгелек үстелмен қорытындыланды. Дөңгелек үстелде сабақ процесінде тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, критериалды бағалау жүйесін тиімді қолдану мәселелері талқыланып, қатысушылар бір-бірімен пікірлесіп, тәжірибе алмасты.
Мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолдануға керекті білім, әдіс-тәсілдерді, заманауи сабақты жоспарлау мен критериалды бағалауды сабақта тиімді пайдаланудың интербелсенді әдістерін үйренді.
Қ.АСАНОВА,
Жаратылыстану-ғылыми (гуманитарлық)
пәндерді оқытудағы инновациялық
технологиялар мен әдістер кафедрасының
аға оқытушысы.