Home » Мақалалар » Оқу –әдістемелік жұмысты ұйымдастыру – сапалы білім кепілі

Оқу –әдістемелік жұмысты ұйымдастыру – сапалы білім кепілі

Білім беру үдерісін жетілдіруде колледждің инженер- педагогтарымен жұмыс жасайтын әдістемелік кабинеттің белсенді, тиімді жоспарланған жұмысының маңызы зор.Колледж әдістемелік жұмысында педагогтардың кәсіби шеберлігін шыңдап, жоғары деңгейге жетуін қамтамасыз ету үшін оқу процесінің ұйымдастырылуын, құрылымы мен мазмұнының сәйкес және сапалы болуын алға қойып отыр.Әдістемелік қызмет құрылымының негізін пәндік әдістемелік комиссиялар құрайды. Колледжде барлығы 16 пәндік  әдістемелік комиссия жұмыс жасайды. Пәндік әдістемелік комиссиялар пәндер мен мамандықтарды кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету және жетілдіру, инновациялық педагогикалық және ақпараттық технологияларды іске асыру, педагог қызметкерлердің кәсіптік деңгейін арттыру іс-шараларын ұйымдастырады.

Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауда оқытушылар заман талаптарына сай оқыту әдістемесі мен бағдарламаларында инновациялық технологияларды қолдануы бүгінгі күннің басты басымдылығы.Қазіргі кезде білім беру процесіне келесі инновациялық технологиялар жан-жақты енгізілуде: дамыта оқыту,модульдік оқыту технологияларын, ойын элементтерін, оқытудың интерактивті әдісін, сыни ойлауды, оқытудың ұжымдық және жобалық әдісін .

Колледжде кәсіптік білім берудегі халықаралық тәжірибені оқып үйрену және соның негізінде еңбек нарығына сай алдыңғы қатарлы технологияны енгізу іс-шаралары жан-жақты жүргізілуде.

Оқытушыларымыз бен студенттеріміздің облыстық, республикалық, халықаралық деңгейлердегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізулері де, педагогикалық ұжымның шығармашылық жұмыстарының басты көрсеткіші болып табылады. Оқытушылар мен студенттердің ғылыми ізденістері, баяндамалары  республикалық, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар материалдары жинағында басылып тұрады. «Жас ғалымдар арасындағы этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісіне аранлаған ғылыми жұмыстар» республикалық байқауына колледждің арнайы пән оқытушысы Мырзабаева Динара қатысып жүлделі орынды иеленді. Колледждің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтымен біріге отырып «Білім берудегі инновациялар мен тәжірибе:уақыт талабы» тақырыбында және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » білім қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасы» тақырыптарында облыстық деңгейде педагогикалық оқулар өткізілді. Нәтижесінде материалдар жинақтары басылымнан шықты. Облыстық педагогикалық оқуларға қатысып үздік жұмыстар көрсеткені үшін бірінші дәрежелі дипломдармен Меңліқұлов Нұр, Садықова Ұлбосын, Молдабаева Назира марапатталды. Өрлеу: «SMART – педагог кәсіби табысқа апарар жол» тақырыбындағы республикалық байқауға информатика пәнінің оқытушысы Жүнісова Жазира қатысып дипломмен марапатталды. «Мәңгілік Елдің міртебелі мұғалімі»  республикалық жобасына Барысов Жасұлан, Меңліқұлов Нұр, Олжабаева Анар, Садықова Ұлбосын қатысып төсбелгі иегері атанды. «Билингвалды оқыту (екі тілде): ағылшын тілі-тұлғаны интеллектуалды дамудың заманауи ресурсы» тақырыбындағы облыстық ғылыми-практикалық конфернцияда Садықова Ұлбосын үздік баяндамашы номинациясын иеленді. «Үздік кәсіби орыс тілі пәнінің оқытушысы — 2017» облыстық байқауына Досаева Сауле қатысып «Үздік панорамалық сабақ» номинациясымен марапатталды. «Үздік авторлық бағдарлама» республикалық байқауының I орын иегері орыс тілі пәнінің оқытушысы Ильясова Клара. Сонымен қатар республикалық «Үздік педагог -2015» байқауының жеңімпазы Ермұхан Бауыржан және де «Үздік педагог -2018» байқауының жеңімпазы Айтенова Мағырипа  колледжіміздің ең үлкен мақтанышы.

Колледж ұстаздарының біліктілігін арттыру жұмысы назардан тыс қалмайды, белгіленген жоспарға сай білімдерін жетілдіріп отырады.2017-2018 оқу жылында барлығы 130 оқытушы мен өндіріс шеберлері білім жетілдіру курстарынан өтті.Оның ішінде «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, КЕАҚ «Кәсіпқор»Холдингі», «Зияткерлік технологиялар институты» біліктілікті жетілдіру порталынан білімдерін жетілдірді. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан инженер-педагогтардың біліктілігін арттыру мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Осы саладағы жүйені әлемдік стандартқа сәйкестендіруге алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибені зерделеп қолдануға бірнеше жобалар енгізілді. Колледжде жақын және алыс шет мемлекеттерден біліктілігін көтеріп, тағылымдамадан өткен оқытушылар да жетерлік.  Солардың бірі:Ермұхан Бауыржан Бақытжанұлы Израиль, Белоруссия мемлекеттерінде  халықаралық дәрежеде іс-тәжірибеден өтсе, Есахаева Данагүл Алдабергенқызы 2015 жылы Туркия мемлекеті, Стамбул қаласында  және Өтепова  Мира Кеңесқызы, Жапахова Гүлнар Өтешқызы, Үйсінбаева Гүлмира Тоқшылыққызы Беларусь мемлекетінде, Жунусова Жазира Кенжебекқызы 2017 жылы Ұлыбритания мемлекеті, Глазго қаласы «Глазго Каледониан университетінде», Молдабаева Назира Асылбекқызы 2017 жылы Малайзия, Азия және Тынық мұхит инновациялар және технология университетінде халықаралық дәрежеде алған  білімдерін оқытушылар арасында кеңінен талдап, тәжірибе алмасты.

Ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жай күйіне,педагогика,психология талаптарына жауап беретін пәндер бойынаша оқу құралдары мен әдістемелік құралдар дайындалып басып шығарылуда.       Атап айтсақ «Мал өнімдерін өндіру технологиясы» Әлібаев Е.Т, Ермұхан Б.Б, «Клиникалық диагностика» Абдукаримова З.С, «Электротехникалық материалдар» Қайырқұлова З.Т, Үйсінбаева Г.Т, «Еңбек қорғау» Құдайбергенов Н, Жаданов А, Есахаева Д , Айтенова М, «Русский язык» Майгельдиева Ш.М, Мусурманкулова Г.А т. б. оқытушылардың оқу құралдары оқу процесіне республика көлемінде пайдаланылуда. Колледждерде әдістемелік жұмыстарды жүргізуге арналған әдістемелік ұсынамдар да облыс көлемінде қолданылуда  «Жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру» Э.Аймбетова, М.Қарақұл, «Өндірістік диплом алдындағы тәжірибені жүргізу әдістемесі» Нурпейсова А.А, Утепова М.К, Жүнісова Ж.К, «Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде сапалы маман даярлаудағы оқу зертханаларының маңызы» Нурпейсова А.А, Асанбекова З.К

Бүгінгі таңдағы қоғамдық-саяси әлеуметтік экономикалық, мәдени салалардағы жаңа уақыт талабына сай орын алып отырған жаңаша өзгерістер білім беру саласына, соның ішінде кәсіптік білім беруге де өз әсерін тигізіп, білім маазмұнын, оқыту әдістемесін дамытуға және жетілдіруге себеп болып отыр. Жаңаша білім берудің талабына сай оқыту ісінің сапасын арттыру мақсатында колледждің оқу үдерісінде әдістемелік кабинет жоғарыда аталғандай игі істердің ұйытқысы әрі жаршысы іспетті.

 

Аймбетова Эльмира Сейткәрімқызы
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары  колледжінің әдіскері

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.