Home » Мақалалар » Оқу құралдары

Оқу құралдары

Астана қаласы 31 мектеп – гимназиясы

Ищенко Нұргүл Егеубайқызы

Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары.
 Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстыру. Пән бойынша жан-жақты білім беру.
2.Оқушылардың сөздік қорын байыту, сөйлеу әрекетін, қиялын, ойлау, есте сақтау қабілетін дамыту.
3.Оқушыларды адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу, оқу құралдарын ұқыпты, таза ұстауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа дәстүрлі сабақ

Сабақтың әдісі-тәсілдері: оқу- аудару, сұрақ-жауап, дидактикалық ойындар.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, үлестірмелі кәртішкелер.
Сабақтың барысы: 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
    2. Оқушылармен амандасу.
    Сұрақтар:

-Балалар! Қазір қай жыл мезгілі?
-Кай ай?
-Аптаның қай күні?

 

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

132-бет, 1- т-ма, өлеңді мәнерлеп оқу.

  1. Жаңа сабақ.

-Балалар! Интерактивтік тақтаға назар аударыңдар.
-Нелерді көріп тұрсыңдар? -Бір сөзбен қалай атаймыз? -Дұрыс, бұл оқу құралдары.
-Біздің сабағымыздың тақырыбы: Оқу ұралдары.  /Слайд/

Жаңа сөздермен жұмыс істейміз. Оқу құралдары өте көп, әр сабаққа қажетті оқу құралдармен танысайық.
Оқу құралы — учебная принадлежность
аш — открой
жап — закрой
-Балалар! Қараңдаршы! Бұл кім, білесіңдер ме? Иә, дұрыс айтасыңдар, «Гоу,Гоу Диего!» атты мультфильмнің кейіпкері Диего. Ол орыс тілін, ағылшын тілін жақсы біледі, ал қазақ тілін сендермен үйренгісі келеді.Біздің мектебімізге келгісі келеді.

Диегоға көмектесеміз бе? Ол бізге сөмкесімен келді, бірақ оның ішінде ештене жоқ. Қалай ойлайсыңдар, онда нелер болуы керек?
Дұрыс. Оқу құралдары. Сөмкесіне бәріміз де оқу құралдарын салайық.
/Слайд/ Дауыстап қайталаңдар (қазақша, орысша, ағылшынша)

 

Оқулықпен жұмыс:
1-тапсырма. Мұғалім мәтінді оқиды.
1 қатар: мәтінді тізбектеп оқы.
2 қатар: мәтінді аудар.

Сергіту сәті:

Бір, екі, үш,

Ал, қанеки, ұш

Төрт, бес, алты, жеті

Мынау ауыл шеті

Сегіз, тоғыз, он,

Ал, қанеки, қон
Ал, балалар, қазір біз дидактикалық ойындар жасаймыз.
Тақтаға назар аударыңдар.
1 тапсырма: Дұрыс аудармасын тап.
2 тапсырма: Ұйқасын тап / ойын/

Сабақты бекіту:
• Балалар! Диего бізге көктемгі гүлін сыйлайды. Бірақ ол дара емес, тапсырмалармен. Тапсырмаларды орындайық./ Оқушылар бір –бірден тапсырмаларды орындайды.
1-Кітап не үшін керек? Кітап оқу үшін керек.
2-Өшіргіш не үшін керек? Өшіргіш өшіру үшін керек.
3-Сызғыш не үшін керек? Сызғыш сызу үшін керек.
4-Дәптер не үшін керек? Дәптер жазу үшін керек.
5-Қарындаш не үшін керек? Қарындаш сурет салу үшін керек.
Жақсы, балалар, сұрақтарға жауап беріңдер, сендерге Диего риза болды. Әдепті оқушыда барлық оқу құралдарын ұқыпты , таза ұстайды.
Диего бізбен қоштасады. Сау бол, Диего!
Ал біз күнделіктерімізді ашамыз, үй жұмысын жазамыз
Үйге тапсырма: 137- б. 4 т.(жаттау)
Бағалау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.