Home » Мақалалар » Оқу мен оқытудағы 7 модуль

Оқу мен оқытудағы 7 модуль

Қазақстан Республикасында 2012 жылдан бастап мұғалімдердің біліктілік арттыру жүйесі жаңа мазмұндағы үш деңгейлі бағдарламаны ендіріліп, шығармашыл мұғалімдердің біліктілігін арттыра бастады. Жаңа форматтағы  «Назарбаев зияткерлік мектебі» жанындағы Педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж университеті мамандары бірлесе әзірлеген мұғалімдердің біліктілігін арттырудың деңгейлік бағдарламалары ұстаздардың бәсекеге қабілеттілігін арттырып,  оқыту сапасын дамыту мақсатында жасақталды. Аталған Бағдарлама заманауи ғылыми зерттеулердің шынайы нәтижелері мен оқытудың озық практикалық тәжірибесінің ықпалдасуын қамтып, кәсіби ынтымақтастық пен өзара білім алудың үнемі жұмыс жасайтын режимін құруға мүмкіндік беретін нақты үш кезеңге құрылымдалғандығымен ерекшеленеді. Бағдарламаның мазмұны ЮНЕСКО және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі ұсыныстарының негізгі қағидаттарымен үйлеседі.
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы жамбыл облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты деңгейлік бағдарламалардың оқу үдерісіне ендірілуіне 5 жыл толуына орай, «Оқу мен оқытудағы 7 модуль» үшінші (базалық) деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған мұғалімдерге арналған республикалық интернет-олимпиадасын ұйымдастырды. Олимпиаданың мақсаты үшінші (базалық) деңгей және«Тиімді оқыту» бағдарламалары бойынша сертификатталған мұғалімдердің курстан кейінгі үздіксіз дамуына кәсіби қолдау көрсету және қызметін бағалау. Олимпиадаға үшінші (базалық) деңгей және «Тиімді оқыту» бағдарламалары бойынша сертификатталған педагогтері қатысты. Олимпиада 17-19 мамыр аралығында «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИwww.orleu-taraz.kz сайтында өтті. Олимпиадаға Республикамыздың 3344 сертификатталған ұстазы қатысты. Оның ішінде:І жүлделі орынға ие болған 142 мұғалім, ІІ жүлделі орынға ие болған 120 мұғалім, ІІІ жүлделі орынға ие болған 162  мұғалім, жалпы жеңімпаздар саны 424. Барлық ұстаздар қатысушы сертификатына ие болды. Оның ішінде олипиадаға Жамбыл облысы бойынша 699 мұғалім қатысқан, жалпы жеңімпаздар саны 130: І жүлделі орынға ие болған 66 мұғалім, ІІ жүлделі орынға ие болған 33 мұғалім, ІІІ жүлделі орынға ие болған 31 мұғалім.
26 мамыр күні республикалық интернет-олимпиадасының Жамбыл облысы бойынша жеңімпаздарын марапаттауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Институтбасшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Медетбекова Гүлшат ОнланбековнаРеспубликалық интернет олимпиаданың жеңімпаздарын құттықтап, І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдармен марапаттады. Салтанатты кешке жиналған ұстаздар Олимпиаданың мақсатымен сай келетін «Дара ұстаз» шығармашылық алаңында жұмыс жасады. Нәтижесінде Оқу мен оқытудағы 7 модульдің идеясын қолданып жүрген дара ұстаздар анықталды, ол ұстаздарға қошемет көрсетіліп «Креативті мұғалім», «Шебер мұғалім»,«Интеллектуалды мұғалім», «Дарынды мұғалім», «Зерттеуші мұғалім», «Шығармашыл мұғалім», «Көшбасшы мұғалім» номинациялары бойынша дипломдар тапсырылды.
Үшінші (базалық) деңгейлік біліктілікті арттыру курсынан өткеннен кейінгі мұғалімдер өз кәсіби іс — әрекеттерін «ескіше» жалғастыра алмайтындарына керісінше Бағдарламаның жеті модуль идеяларын тиімді қолдану арқылы оқушыларға қажетті дағдыларды игеруге көмектесетіндеріне тағы да көздері жетіп, бүгінгі өтілген іс — шараға алғыстарын білдіріп тарасты.

А.Қ.Тулекова
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
ПҚ БАИ Деңгейлік бағдарламалар орталығының тренері
Жамбыл облысы, Тараз қаласы.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.