Әр жастағы топтардың балаларына арналған ширату жаттығуларды, әртүрлі әдіс- тәсілдерді қолдана отырып өткіземіз. Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру бөлімінде « Шаттық шеңберін» құрып, балалар бір-біріне жылы лебіздер айта отырып, сөз алмасу арқылы ой-пікірлерін бөліседі, еркін пікір айта білуге, дербес әрекет етуге дағдыланады, бет-әлпеті, қимыл-қозғалысы, ым- ишара арқылы көңіл күйін байқатуға үйренеді, айналадағы қоршаған әлем құбылыстарының байланысын, себеп- салдарын анықтай білуге көмектеседі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін өткізгенде балалардың өзіне деген сенімділігін нығайтып, олардың бойына имандылық қасиеттерді даратып, жағымды ойларға бейімдейміз. Ал сергіту сәті баланың денсаулығына, психикасына тигізетін пайдасы өте зор. Әр түрлі қимыл- әрекеттер күнделікті қайталанып отырса, жүйелі түрде орындалса, балалардың бұлшық еттері қатайып, бойлары өсіп, кеуделері кеңейіп, күштері молаяды. Қимыл- әрекет өмірді ұзартады, организмнің жай-күйін жақсартады және жұмысқа, өмір сүруге қабілеттілікті арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жылдам дамитындығы байқалады. Балалардың бойы өседі, салмағы, денесі өзгереді. Балалардың жоғарғы жүйке жүйесінде үлкен өзгерістер болады.
Ширату жаттығулары
— Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында зерттеулерді жоспарлау.
— Ширату жаттығуларын өткізу үшін оқушыларды таңдап алу.
— Түрлі деңгейдегі мəтінде, жаттығуларда жəне есептеулерде белгілі бір орта мақсаттың қарастырылуын қадағалау.
— Жұпта жəне топта тиімді жұмыс істеу мүмкіндіктерін ескере отырып, жұптық жұмыстар мен шағын топтағы жұмысты қолдану.
— Түсінуді нақтылау үшін ережелерге немесе үлгілерге сəйкес кері байланыс болжамдау.
— Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қажет ететін тапсырма беріңіз немесе мысал келтіру.
— Сараланған немесе ашық сұрақ қою.
— Тұжырым жасап жəне оның дұрыстығын дəлелдеуді сұрау.
— «Сіздің бұлай ойлауыңызға не себеп болды?» деген сұрақтың мəнін қолдану.
— Белгілі бір мəтіннің немесе математикалық тапсырмаға негізделген жаттығулар тізбегін өткізу.
— Қабілетті оқушылардан нақты тапсырманы орындауға қажетті дағдыларды тұжырымдауын сұрау.
Ширату жаттығулар.
1. (Шеңберге тұрып, ән қосылғанда жүріп, ән тоқтағанда бір үстелдің қасына тоқтап, үстел үстіндегі сөзді оқиды,осылайша қайталанады.) Ойын барысында бұл кім? мынау не? деген сұрақтар қойылады.
Топқа бөлу.
түрлі түстің артына отбасы мүшелері жазылған қағаздар беріледі.Оқушылар түстер арқылы 4 топқабөлінеді.
- «Артығын тап» Үй жануарларына қатысты суреттерді табу керек одан артық болып тұрған жабайы жануарды алып тастап сабақ тақырыбын ашады.
- «Доппен лақтыру» Су,жер,аспан деген сөздерге қатысты сөздер айту арқылы доп лақтырады, Мысалы су болса – онда балық деген жауап болу керек.
- «Шеңберге тұру» Шеңберде айнала жүріп табиғат құбылыстарына байланысты сөздерге қимыл жасайды.
- 5. «Тез тап» оқушыларға мамандық түрлеріне байланысты сөздер беріледі сол мамандық түрлеріне байланысты сөздерді ым ишара арқылы көрсету.
- «Жақсы сөз» Арқамызға стикер жабыстырып мінезіне қатысты сөздер жазу,кері айналып сол сөздерді келесі адам оқу.
- «Ойлан тап» Топтағы жұмыс бір біріне өлі табиғатқа байланысты айтылған заттарды жазу оны сағат тілімен айналдырып жабыстыру арқылы табу.
- «Мақта үрлеу» Оқушылар адам тыныс алу жолдарын түсіндіргенде қолдана алады.
- «Сана ,құра » Сандарды тарату сол санға сәйкес сөз табы 4 болса арша.
- «Ішкі ,сыртқы шеңбер» ішкі шеңбер зат есім айтса сыртқы шеңбер соған қатысты сын есім айтады. Қыз-әдемі келесіде шеңбер тапсырмалары ауысады.
- «Мүсін жаса» адам дене мүшелерін өтетін кезде ермек саздан адам дене мүшелерін бөлшектей отырып жасау.
- Кез келген тақырыпқа байланысты өлең құрау.
- Пазлдар арқылы сабақтың оқу мақсатын ашу.
- «Мен дүкенге бардым» Тауар дәне ақша айналымы тақырыбына пайдалануға болады. Іс қимыл арқылы орындықта отырып алған затыңды көрсету.
- «Карлы кесек» Шашыраған сөздер арқылы сөйлем құрау.
- Шарға сөз жазу мәтін атын табу.
Жунусова Аяна Аскербековна,
Ж. Шайжүнісов атындағы орта мектеп, (шебер сынып)
ШҚО, Көкпекті ауылы