Home » Мақалалар » Оқушы тұлғасына үйлесімді қолайлы білім беруде жаңартылған білім берудің маңыздылығы

Оқушы тұлғасына үйлесімді қолайлы білім беруде жаңартылған білім берудің маңыздылығы

«Бұған дейін жасалғандардың бәрін одан да

жақсырақ етіп жасауға болады».

 Генри Форд.

 

Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы — заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты- бәсекеге қабілетті маман дайындау. Жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруші ұстаздар қауымымен  жасалған жұмыс, атқарылған міндет пен жеткен жетістіктерді ой елегінен өткізіп, алда тұрған басты міндеттерді айқындайтын, негізгі мәселелер жөнінде ой түйіндеуге, пікір алысуға мүмкіндік беретін, білім сапасын жаңа серпіліспен  бастауға бағыт беретін  білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.

Оқудың тиімді бағасын және оқыту үшін тиімді бағаны түсіну оқыту мен оқудағы барлық жаңа тәсілдермен тығыз байланысты. Соңғы зерттеу жұмыстары біздің ұғымымызда қалыптастырушы бағалау үдерісінің едәуір дамуына және оны оқыту мен оқуды қолдау үшін пайдалану мүмкіндігіне ықпал етті. Жаһандану мына заманында жаңа формация мұғалімі білім беруде білім алушыны білімділік, іскерлік, шыңармашылық әдістерге баулудың жолдарын іздестіре отырып, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Бағалау жүйесі де түбегейлі өзгеріске ұшырап, критериялдық бағалау жүйесіне өтеді. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығымен өлшенеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады: қалыптастырушы бағалау және жиынтық бағалау. Жаңа формация  мұғалімінің табысы қазіргі кездегі жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана білуде. Баға қою барысында оқытушы білімгерлерге мақсатты түрде берілетін тапсырмаларды ретімен орындау міндеттеледі. Осы орайда бағалаудың мақсатын негізге аламыз — білімгердің қай баспалдақта тұрғандығын, ары қарай не істеу керек, міндеттеріне жету жолдары қандай болу керектігін көрсетеді.

Еліміздің болашағы орта мектептен толық қанды сапалы білім алған, оның бағдарламасын толық меңгерген баладан, яғни оқушыдан шығары анық, өйткені, ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар бүгінгі мектеп оқушысы.

-Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Болашақ маман оқушының мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асырып, пайдаға асыра білуі керектігін түсінуі керек. Үнді халқының тарихи тұлғасы Махатма Гандидің «Егер сен болашақтағы өзгерісті байқағың келсе, сол өзгерісті уақытында жаса» деген ілімін негізге ала отырып, оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа жетелеп, жақсы істі бастап отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың кепілі.

 

Карымсакова Жадра Джумабековна,
Алишева Сабина Едигеевна
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық
колледжінің педагогика пәнінің оқытушысы
Тараз қаласы

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.