Home » Ашық сабақтар » Оқушы мәдениеті

Оқушы мәдениеті

Мақсаты: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту.

Әдіс-тәсілдері: сауалнама, «Мен оқушымын», «Сіз балаңызды білесіз бе?», «Жүректен жүрекке», топтық жұмыс.

Көрнекілігі: плакат, шарлар, гүлдер, буклет, макет, таратпа қағаздар, қол

Өтілетін  барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі

 Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бүгінгі біздің «Оқушы мәдениеті» атты өнеге сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйсінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл- ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз- ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

І. Қызығушылықты ояту : Психологиялық ахуал.

1.Тренинг.

— Балалар! Шеңберге тұрамыз!. Біздің ойын «Мен — оқушымын!» деп аталады. Мен сендерге допты лақтырамын, ал сендер оны маған: «Мен — оқушымын, өйткені мен оқи аламын», немесе «Мен — оқушымын, өйткені мен жаза аламын, … армандай аламын, есептей аламын» деген сөздерді тауып айтып, допты қайтарасыңдар.

Ә). Ата-аналарды  топқа бөлу

Әр оқушыларға қолдар ұсынылады, оқушылар ата-аналарына ұсынады және сол түспен топқа бөлінеді.

ІІ. Ой қозғау.

«Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы. Салыстыру.
Әр топтан бір ата-ана мен оқушы шығады. Әр топтың ата-аналарына сұрақ қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Сұрақтар:

І,ІІІ топ                                                                   ІІ,ІҮ топ
1. Балаңыздың аты — жөні…                         1. Балаңыздың аты — жөні…
2. Балаңыздың ең жақын досы…                 2. Балаңыздың жақын досы…
3. Сүйікті пәні…                                                3. Сүйікті оқитын сабағы…
4. Сүйіп тыңдайтын әні…                              4. Кімдердің әндерін тыңдайды…
5. Сүйікті тағамы…                                          5. Сүйікті шырыны…
6. Жақсы көретін түсі…                                  6. Жақсы көретін түсі…
7. Жақсы көретін телебағдарламасы…     7. Жақсы көретін мультфильмі…

8. Аяқ киімінің өлшемі…                                 8. Аяқ киімінің өлшемі…
9. Сынып жетекшісінің толық аты жөні     9. Орыс тілі мұғалімі кім….

ІІІ. «Қазақ хандығы. Бірлік» көрініс.

ІҮ. I-топ. Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ. Оқушы мен оқушы мәдениеті дегенді калай түсінесіздер?

III—топ. Оқушы мен ұстаз мәдениеті дегенді калай түсінесіздер?

IҮ—топ. Оқушы мен ата-ана мәдениеті дегенді калай түсінесіздер?

Ү. Байазаров Алиханның орындауында «Жастар» күйі.

ҮІ. Жағдаяттар беру. 
ҮІІ. 1 — жағдаят: Баланың бастан кешкен сезімі 
Сіздің іс-әрекетіңіз? 
Бір нәрсеге ашулы 10 жасар ұлыңыз мектептен келе сала: «Құрысын мектеп!» деп күйіп піседі. « Бармаймын мектепке».

2-жағдаят:

Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты қуанып келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай болмақ?
3-жағдаят:

-Анашым, мен бүгін сабаққа бармай-ақ қояйыншы, үйге берілген өлеңді жаттаған жоқпын, текке 2-лік алып қалармын. Апайға телефон соғып «Ауырып жатыр» деп айта салыңызшы.. 
4-жағдаят:

Ұлыңыз немесе қызыңыз мектептен қатты ренжіп келді. Пән бойынша сайыстан жүлдеге иеленген жоқ екен. Сіздердің келесі әрекеттеріңіз қалай болмақ?
ҮІІ. Жақсы бала белгісі (Бауыржан, Назерке, Санжар, Ақтолқын)

Жәди Шәкен

Аға көрсең иілген,
Іні көрсең күйінген.
Жақсы бала белгісі,
Ұстаздарды сүйінген.
Сабақ көрсе жаттаған,
Кірсіз киім сақтаған,
Жақсы бала белгісі,
Ата үмітін ақтаған.
Е
рте тұрып төсектен,
А
улақ жүрер өсектен,
Ж
ақсы бала белгісі
«5» алады есептен.
А
на тілге ағып тұр,
К
өршілерге жағып үр.
Жақсы бала белгісі,
Ш
ам шырақтай жанып тұр.

ҮІІІ. Би «Тентегім»

ІХ. «Жүрек жылуы» жаттығуы.
Қатысушыларға кішкене жүрекшелер таратылады.
«Тілек білдіру» тренингі. Мұнда бір-біріңізге тілек айтасыздар, яғни айту кезінде ол адамды құшақтап тұрып немесе басқаша да іс-қимылмен тілек білдіресіз.
Талдау: — сізге тілек білдіргенде өзіңізді қалай сезіндіңіз?
— сіз айтылған тілекті қалай қабыл алдыңыз?
Амангельдина Көркемнің орындауында ән «Бала тілегі»

Х. Рефлексия «Бес саусақ». Ата-аналар алған әсерлерін жазады.

ІХ. Қорытынды. –Күншығыс халқының бір ойшылы былай деген екен: «Бір жылын ойлаған күріш егеді, он жылын ойлаған ағаш егеді, ал жүз жылын ойлаған бала тәрбиелейді». Балаға баланың көзімен қарап, өз заманына сай тәрбие беру – біздің басты мақсатымыз.
Құрметті қонақтар, тәрбиелеген әрбір балаларымыз – еліміздің мәртебесін асқақтатар ұландары бола берсін деген тілекпен, бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Балалар, сендер де әдепті, тәртіпті, мәдениетті оқушы болып, жарқын болашағымыздың ертеңі болыңдар!

Алшынбаева Аида Темирхановна,
«Қ.И. Сәтбаев атындағы №7мектеп-лицейі» КММ
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.