Біздің өзіміздің туған халқымызда «Жүз жылдар» атым шынын десең, бидай өсіп, ал ғасырлар атым шешемін десен бала тарбиелеу деген тамаша сөз бар.
Тарих тымымына тереңдей байлап, халық зердесіне байыптай үңілсек, ұрпақ, ертеңі келер болашақ иелерінін тарбиесі қай елдің болсын, қай кезеңнің болсын толғақты мәселесі екеніне көз жеткізу қиын емес.
Әрине, сөзімді кішкене құнарлы болу үшін Әл-Фарабидің сөзін келтіре кетейін. Осыдан мыңдаған жылдар бұрын осы үлкен ғұлама ғалым да «бұл жастар не боп барады, улкенге құрмет, кішіне ілтипат азайды, балалар еңбектен жесіренетін болды, дәстүрді сыйламайды» деген екен.
Ал біздің қазіргі жеңдейтімау. Қазақстан мұғалімдерінің алдына көп иеге зор міндет жүктейтіні сөссіз. Тәрбие процесі тек мектепте ғана іске алу керек пе? Деген сұраққа мен былай жауап берер едім: Жаң жолдастар тәрбие мектебінен тыс уақытта да өз күшін жаймауы керек, әйтпесее біз бір жақшы болып келеміз. Бала озінің қалаған, ұнатқан ісімен сабақтан тыс уақытта айналысқаны дұрыс: Олар түрлі үйірмелер, спорттық секциялар, музыка мектептері, кітапхана т.б жұмыстар болуы мүмкін. Осы жағдайда баланы бағыттайтын әрине – сынып мектептерлері мен мұғалімдері болып табылады.
Мысалы: бірінші шеңде біздің мектепке ә буынды домбыра үйірмесі, сурет үйірмесі, хор үйірмесі, шахмат және дзюдо үйірмелері бар.
Сынып жетекшінің осы кездегі ролі – әрбір оқушының жүрегіне жол таба отырып, оқушының ьрс уақытын уйірме жұмысына қарай бағыттау.
Әрбір мектепке келесі маман сынып алып, сынып жетекші болады.
Ал, сол жас маман-мұғалім сынып жетекшінің міндеттері бар екенін түсіне ме, жоқ па?
Міне, оның талаптары мынадай:
А) Сынып ұжымын ұйымдастыра отырып, пән мұғалімідерімен жұмыс жасау.
Ә) Сынып оқушыларымен біріге отырып тәрбие жұмыстарының түрлерін жинарлап, жүйелі өткірін отыру.
б)мектеп-жанұя-сыныпбайланысын жасау,бірлесе жұмыс атқару.
Әрине,әріптестер тәрбие күрделіде қиын проценсс,сен оның желісін ертең не, сарғы күні не келесі айда не келесі жылда көре алмайсың,себебі тәрбие ұзаққа созылатын процесс.міне,сол адам азамат немесе адам атына сай оқушы тәрбиелеу үшін орын алатын тәрбиесінің ролі зор.
Сыныпр жетекшісі оқушының жалпы және саяси дамуынамінезінің жеке сипаттарына (қайырымды,кішіпейіл,сезімтал,ашушаң т.б)оқу жұмыстарына нарғяраыс мен білім алу денгейінің
дәрежесі (адалдығы,ыждахаттылығы ат үсті қараушылығы)тәртіптілігі мен мінез-құлық мәдениеті, оқушылармен достық қарым-қатынасы, ұжымдағы оқушының беделі, қоғамдық жұмыстарды орындауы, денсаулығы,өмірі мен тұрмыс жағдайы, бос уақытын өткізуі, ата-ааналарына деген көзқарасы –осының бәрі сынып жетекшінің бақылауынан тыс қалмау керек.
Сынып жетекші мына қағиданы ешқашан ұмытпағаны дұрыс. «Отан отбасынан басталады».Оқушының әке-шешесімен бірлесе жұмыс жасау саналы тәрбиенің іргетасы болып саналады.
Осы жерде тамаша педагогтардың бірі В.А.Сухомлинскийдің сөзін келтіре кетейін. «адам жақсы тәрбиеші бола отырып, жақсы мұғалім ғана бола алады.егер тәрбие жұмысы жүрмесе, барлық ұстаздың мәдениет мұғалімінің білімі өлі жүк болады».
Яғни, бұдан шығатын қорытынды оқу мен тәрбие екеуі егіз, оны бір-бірінен бөлуге болмайды.
Оқушының білімі – оның басты көрсеткіші. Оқушының білімі- оқу процесі айналаны қоршаған ортаны танып білуге алып келеді, ол тек танып біліп қана қоймайды, бар адам деген үлкен сөзге лайықты қасиеттерді осы білім арқылы тамшылап жинайды.
Педагогикалық тәжірибесі мол Ш.А.Аманашвилиді алайықшы: Біз, біріншіден балаларды түсіне білуге тиіспіз. Бала кішкентай болғанмен оның істейтін ісі үлкен. Олар сағат сайын, минут сайын демалмай өмір сүреді.
Оқушыны түсіну деген оның сезімін бағалау, соның жағдайына ену деген сөз. Осындай жағдайда әрине сынып жетекшінің тәрбие жұмыстарының қызықты болуы көп нәрсенің түйіткілін шешеді. бірақ жалыны жоқ өлі істерден гөрі баланың жанына жылылық әкелер жаңашыл істер болса деймін.
Мына нәрсені әркез есімізге ұстайық, талантсыз туған бала жоқ, сол туа біткен таланты мен күш –жігерін ұқсата алмай адасып жүргендер қаншама!
Сіздерге қызықты болу үшін бір екі мысал атақты Чарльз Дарвинді алайық. Әкесі. «Сен мылтық атудан, итпен ойнап, тышқан аулаудан басқа ештеңе де білмейсің. Кейін бізді де, өзіңді де масқара етесің» деп ұрысады екен. Алайда ол өзінің табандылығы мен қайсарлығы арқасынды үлкен ғалым болды.
Ұлы ғалым Эйнштейіннің де бала кезінде физика мен математикаға қабілеті онша болмаған. Эйнштейн кейін салыстырмалы теориясын ойлап тауып, өз атағын елге жайды. Өз ойымды қорытындылай келе , В.А.Сухомлийнскийдің мына бір сөзін естеріңізге салғым келеді: «Мұғалім мен тәрбиеленушілердің ара-қатынасы аса жоғары , риясыз адамгершілік тұрғыдағы қарым-қатынасқа негізделуі тиіс. Бұл оқушы өз мұғалімін өзінің дос, пікірлесі деп білгенде, мұғалім оқушысының жеңіс қуанышы мен сәтсіз күйенішіне ортақ бола білгенде ғана мүмкін болады».
Б.Т. Тлеубаева,
Бастауыш сынып мұғалімі,
Алматы облысы,
Наурызбай ауданы.