Home » Мақалалар » Оқушының білім деңгейін көтерудегі жұптық жұмыстың тиімділігі

Оқушының білім деңгейін көтерудегі жұптық жұмыстың тиімділігі

Қай ел болмасын өзінің ұрпағының өркендеп өсуіне, қалыптасуына, дамуына тікелей көңіл бөліп, басты назарда ұстауда. Қазіргі таңда дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі заманауый талапқа сай болу керек. Сондықтан,  мұғалімінің басты мақсаты оқушыға тиянақты білім беру және сол білімін өмірде қолдана алатын деңгейге жеткізу. Мұғалімнің  сабаққа жоспар құру кезінде шығармашылығы мен ізденісі көп талап етіледі.  Осындай  шығармашылық пен ізденістің нәтижесінде оқушыға сапалы әрі табысты оқуына жол ашу. Сондықтан біз сабақта жұптық жұмыстарды көбірек қолданамыз. Бұл жаңа тақырыптың мәнін ашуға, өзіндік пікірі мен көзқарасын білдіруге мүмкіндік береді.

Жұптық жұмыс өз ойын сенімсіз, баяу әрекет ететін балалар үшін тиімді. Өйткені жанындағы жұптың ойын тыңдау кезінде, тапсырманы жұптасып орындау кезінде оқушының ішкі ойын түсінуге көмектеседі. Оқушылардың жұпта әңгімелесу арқылы оқушының не айтқысы келетінін, қандай ой қосатынына біршама көмегі тиеді. Жұпқа беретін жұмыстарды бір сарынды емес баланың қызығушылығын туғызатындай етіп ресурстарды алдын ала дайындаймыз.

Жұптық жұмыс кезіндегі барлық оқушылар ұйымшылдықпен жұмыс істеу кезіндегі сәтінен көрініс

Мәселен математикадан «Белгісіз азайтқышы бар теңдеу» тақырыбында сабақта жүргізілген жұптық жұмысымыз сәтті өтті. Әр жұптың алдында қалам, қағаз, бірнеше моншақ салынған қорап, сандық калейдоскоп таратылды. Жұбымен ойната отырып өз беттерінше білім алуына, оқуға деген ынта-ықыласын туғыздық. Жұппен жасалатын жұмыстың шартымен немесе ережесімен мұқият таныстырылған жұмыс өз нәтижесін беретіне де көз жеткіздік. Жұптағы әр бала өзінің берген тапсырмасын мұқият бақылап, жұбының жауабын шыдамдылықпен күте білуге, төзімділікке бағытталатынын тағы да байқатты. Жұптағы оқушылар алдарындағы ресурстар арқылы теңдеулер құрастырып, шешуге машықтанды. Бірінші ойыншы екінші ойыншыға бірнеше моншақ салынған қорапты ұсынды. Екінші ойыншы қорапты моншақты санап, оның санын есінде сақтай отырып, қорапты бірінші ойыншыға қайтадан ұсынды. Содан кейін бірінші ойыншы қораптың ішінен бірнеше моншақты көрсетпей алып, алақанына қысып отырып, «Менің қолымда неше моншақ бар?», — деп қорапты екінші ойыншыға ұсынды. Ал екінші ойыншы моншақты қайтадан санай да, бірінші ойыншының сұрағына жауап береді. Осы тапсырманы ойын арқылы орындау барысында айырма мен азайғыштың мәні бойынша белгісізді табуға бар қызығушылықтарымен қатысқанын көрсетті.

Қорыта келе, жұптық жұмыс оқушының өз бетімен ізденуге талпынады. Өз бетінше шешім қабылдауға жүрексінбейді.

 

Р.Т.Иманкулова,
Райымбек батыр атындағы №50
«Қазғарыш» мектеп-лицей
директорының орынбасары
А.Т.Ержанова
бастауыш сынып мұғалімі

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.