Аңдатпа
Ұсынылып отырған мақалада оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары қарастырылған. Сонымен қатар, жаңа технологияларды сабақта қолданудың түрлері сипатталған.
Тірек сөздер: шығармашылық, қабілет, жаңа технология, шеберлік, тиімділік, заманауи білім, жүйе.
Қазіргі кезде мемлекетіміздегі білім беру саласындағы саясат – шығармашыл, сыни ойлайтын, өз мүмкіндігіне сенімді, әртүрлі мәселені өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау мәселесі қойылып отыр.
Ж.Тәттібаева: «Инновациялық оқыту технологиясы арқылы оқу процесі ұйымдастырылған кезде оқу материалы бойынша өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігіне байланысты өз жобасын жасай алады. Сөйтіп әр оқушы өзінің тұлғалық мүмкіндігін толық пайдалана алады»,- деген.
Бүгінгі күндері оқыту технологияларын дұрыс пайдалана білу – үлкен қажеттілік. Дегенмен көптеген жағдайда оқыту әдісін, оқыту әдістемесін, оқыту технологиясын, педагогикалық оқыту технологияларын бір-бірінен ажыратып, пайдалана білу қажет.
Ақпараттық қоғам ғасырындағы адам өмір жағдайына тез бейімделе алуы, алған білімін пайдаланып, қоғамнан өз орнын таба алуы, проблемаларды шеше алуы тиіс. Оларды өзіне сын көзбен қарап, кездескен қиындықты көре білуге үйрету қажет. Оларды дұрыс шешімдер қабылдауға үйрету жаңа педагогикалық технологияны пайдалану арқылы іске асады.
«Инновация» ұғымын қарастырсақ ғалымдардың көбі оған әр түрлі анықтамалар берген. Мысалы Э.Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» дейді.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемесінің мазмұнының өзгеруі мұғалімдерді кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін қажет етіп отыр. Ал бұл жұмыстарға қол жеткізу үшін мектепішілік әдістемелік қызметті және мұғалімдердің қызметіне бақылау жасаудың тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру қажет.
Қазіргі кезде шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдердің тынымсыз ізденуі нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысының тиімділігін арттырудың жаңа технологиялары көп.
Атап айтқанда, В.М. Шепель: «Технология — өнер, шеберлік, ептілік, іскерлік, әдістердің жиынтығы, жағдайдың өзгеруі дейді. Ал М.Чошанов технология – дидактикалық жүйенің құрамды бөлігі», — деп есептейді, ал Б.Т.Лихачев инновациялық технологияны оқу үрдісіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін жаңа педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі-бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылым емес. Қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылымы.
Инновациялық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасалады.
Қазіргі заман инновацияларының көпшілігі тарихи тәжірибемен сабақтас және өткенмен ұқсастықта. Инновациялық процесті -бұл дамуы жағынан, мақсатты бағытталған және құрылуы жағынан саналы процес қазіргі заманның идеяларын (ойларын) (теориялар, әдістемелер, технологиялар және т.б.) тарату және меңгеру, қолдану, белгілі критерийлерге сәйкес келетін және белгілі бір жағдайда өзекті және бейімделген деп тұжырымдауға негіз береді. Ол жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған, жаңа тәртіптің енуін және жаңашылық тұрғысынан оның көзқарасының өзгеруін және оның қатысушыларын ынталандыруды көздейді.
Инновациялық білім процесінің негізінде педагогиканың екі маңызды проблемасы жатыр:
— педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы;
— психологиялық-педагогикалық ғылым жетістіктерінің практикасына дейін жеткізудің проблемасы.
Білімдегі инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысында пайда болатын — теориялық та, практикалық та жаңалықтарды пайдалану болып табылады.
Мұнда білім жүйесіндегі инновация білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу; мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, оның дамуы; мектеп тәжірибелік орын ретінде бала бақшаның принципті жаңа білімдік бағдары болған жағдайда, білім беру жүйесінің мақсатын, мазмұнын, әдісін, түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттағы білім мен тәрбие беруді жүзеге асырады. Олардың дамуының негізінде факторлардың екі тобы жатыр:
— объективті факторлар инновациялық қызметтің дамуына дем беретін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау;
— субъективті факторлар инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ал инновациялық процестердің субъектілері педагог-ғалымдар, мұғалімдер және инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкерлері болып табылады. Ерекшелігі және қолдану орнына қарай жаңашылдықты енгізу бірнеше түрге бөлінеді.
Технологиялық инновациялар — бұл өнім дайындаудың жаңа тәсілі, оның шығаруының жаңа технологиялары. Әдістемелік инновациялар — бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді, қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғарғы білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды.
Қорыта айтқанда, оқытудың әдістерін сабақ барысында дұрыс қолдана білсек, баланың қазіргі өмір талабына сай, заманауи талаптарға сай мәліметтерді алуына және шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуына септігін тигізеді. Оқушылардың шығармашылығын дамытуда жаңа технологиялардың алатын орыны ерекше.
Әдебиеттер:
- Тәттібаева Ж. Инновациялық технологияларды пайдалану ерекшеліктері \\ Бастауыш мектеп – 2006. №3 – 3-6 б.
- Кирсанова В.М. Педагогическая технология в воспитательной системе. Под ред. М.Г Плохова, Ф.А. Фрадкина. — М.: Прогресс, 200
- Оспанова Қ.О. Жаңа технология туралы \\ Бастауыш мектеп – 2007. №2 – 25-28 б.
- Қазанқапова Л. Білім беруді қалыптастыру \\ Бастауыш мектеп — 2010. №3 – 9-11 б.
Анар Макенова,
№11 ЖОББМ Бастауыш сынып мұғалімі,
Екібастұз қ., Павлодар облысы