Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелудің жолдарын көрсету керек. Бастауыш сыныптарда жекелеген пәндер бойынша оқу материалын терең меңгертуге оқушылармен жүргізетін практикалық, шығармашылық жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізуге болады. Оқушылардың танымдық қабілеттерін дамытуда жеке пәндер бойынша кеңейтілген тапсырмалар мен жаттығулар орындатудың тиімділігі зор.Оқушының танымдық қабілеттері практикалық іс-әрекет, түрлі кеңейтілген, құзырлылық, деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы дамиды. Логикалық ойлауы ой әрекетінде, білімді меңгеру, тіл үйрену үстінде дамиды. Оқушылардың ақыл-ой белсенділігін өрістету олардың тұлға ретінде жетілуінің маңызды саласы болып табылады. Сондықтан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында ойлау, сөйлеу, тілін дамыту әрекеттерін жүзеге асыру тәсілдеріне үйрету қажет. Сондықтан оқушыларға тапсырмалар бергенде талдауға, жинақтауға, салыстыруға, топтауға арналған тапсырмалар олардың логикалық ойлауын, тілін дамытатындай болуы керек.Біз яғни №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімдері оқушылармен осындай жүйеде істеп келе жатырмыз.
Қазіргі таңда білім саласының алдында дайын білімді, білік, дағдыларды меңгерген, өмірдің кез келген сындарында, практикалық жағдайларда қолдана білетін, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаңалықтар ашатын, өзіндік ойлау, жұмыс жасау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға етіп қалыптастыру міндеті қойылып отыр.
ТАЖИЕВА САЙЕРА АВДУЛБОРИЕВНА,
Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылының №10 «Қарабұлақ» жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі