Ой адам баласының жетекші көзі десек артық айтқандық емес. Өйткені адам дұрыс ойлау арқылы сыртқы ортаға өз көзқарасын білдіре алады. Тұжырым жасайды. Яғни, «ой ойласаң тең ойла, тең ойласаң кең ойла» деп халық даналығында айтылғандай дұрыс ойлау, кең ойлау адамның болмыс-бітімінің дұрыс қалыптасып, кеғ мінезді және әрбір істе дұрыс шешім шығара алуына тікелей әсер етеді.
Ал жаңа өсіп келе жатқан жеткіншек үшін ойдың маңызы қаншалықты деп ойлайсыз? Әрине әрбір алдына мақсат қойған адам сөзсіз қоғамда белгілі бір тұлғаға айналып, өз орнын тапқысы келеді. Бұл орайда жеткіншектің ойын дұрыстап, ой ойлау кеңістігін кеңейтудің маңызы зор.
Адам бірден ойлы бола салмайды. Жағын жағын көреді, бағдар жасайды, қоғамның белсенді тұлғаларымен араласу арқылы бір ой түюі мүмкін. Бұл ой оның алғашқы мақсаттарының, армандарының жетекшісі болатындығы анық.
Сондықтан жас жеткіншектің, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыруда бірнеше маңызды факторларды ескерген абзал. Ең алдымен баланың қызығушылығын анықтау. Және бұл қызығушылықтар арқылы оның айналасындағы өзге де қызығушылақтарға жол ашу. Мәселен, спортпен айналысудың денсаулыққа пайдасының зорлығын, кітап оқу арқылы адам дұрыс ойлау қабілетін дамытатындығын саналы түрде жеткізу.
Баланы мұндай маңызды нәрселерге тартуда бір нәрсені ескерген жөн. Оқушы да ойын баласы. Сондықтан бұл қажеттіліктен шектен тыс мқлшерде дағдыға айналып кетпесін қадағалау керек.
Жалпы мектеп оқушыларының логикалық ойлау қабілетін арттырудағы тағы бір маңызды фактор, оларды қоғамның белсенді тобымен жиі кездестіру. Олардың өмірі арқылы қоғамда адамның жетістікке жетуіне, үлгілі адам болуы .шін мүмукіндіктердің мол екендігін паш ету. Бұл орайда, өзінің көз алдындағы тұлға арқылы бала ойлау қабілетін шыңдай түсетіндігі анық.
Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруда мен жоғарыдағы бірнеше қарапайым ғана мәселелерге тоқталып өттім. Бұл менің ұстаздық көзқарасым. Жалпы ойлау қабілетін арттырудың практикалық тұрғыда сан түрлі мысалдары бұған дейін де келтірілген. Дегенмен қарапацым ғана қағидалардың маңызы зор екенін есвтен де шығармаған абзал.
Солтанғажы Рая,
Астана қаласы №84 мектеп-лицейі
бастауыш сынып мұғалімі