Тренинг уақыты: 40 мин.
Тренинг мүмкіншілігі: 14-17 жас аралығындағы балаларға арналған тренинг жаттығулары
Мақсаты:
-Оқушылардың бір-біріне көмектесу мүмкіншілігін тудыру;
-Эмоционалдық психологиялық қатынасты қалыптастыру;
-Өз күшіне сенімділіктерін арттыру;
-Эмоционалдық қысымды төмендету.
Тренинг шарты:
- Тренинг мүмкіндігін көрсету;
- Топ ішіндегі қарым-қатынасты жетілдіру,
- Топтың өзара бір-бірімен байланысын дамыту;
- Өз шешімі мен міндетіне сенімді және тұрақты болу.«Біздің топтың ережелері»Шарты: негізгі ережелерін талдау және оны бекіту.Ережелер:
- Нұсқау: топтағы қарым -қатынастын уақытын қадағалау. Біздің топқа лайықты, ыңғайлы ережелерін таңдап оны қабылдауымыз керек. (Қатысушыларға өз пікірін қосуға болады)
- Мақсаты: тренингтегі негізгі жұмыстың ережелерін бекіту.
- Осы топта айтылған сөздер осы жерде қалады.
- Айтар алдында «Қол көтеру» ережесін сақтау
- Бір-бірімізге жылы көзқараспен қарау
- Шын жүректен және дұрыс жауап беру
- Бір-бірімізге бөгет жасамай тыңдау
- Бір-бірімізді тыңдау және қабылдау.
Жаттығу №1. «Танысу»
Мақсаты: Балаларға жайлы психологиялық ахуал тудыру. Достық қарым-қатынас орнату.
Уақыты: 5мин.
Шарты: Әр қатысушы өз есімін айта отырып, сүйісті ісін қоса айту.
Жаттығу №2 «Салат»
Уақыты:10 мин
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы эмоционалдық қысымды төмендету. Топты ұйымшылдыққа жетелеу.
Шарты: Оқушыларды шеңберге отырғызу. Шеңбердің ортасында тақтардың саны бір адамға жетпеуі керек. Оқушыларды «алма», «банан», апельсин», «йогуртке» бөлу. Жүргізуші: «Қазір тұрады…..» бір жемістің атауын атайды, сол аталған жеміс иегері орыннан тұрып орын алмасады. Бұл : алма, апельсин, банан, йогурт. Орынсыз қалған бала ойынды жалғастырады.
Жаттығу №3. «Ұшақ жасау»
Мақсаты: эмоционалды қысымды төмендету, бір — бірін түсіне білуге үйрену
Уақыты: 15 мин.
Шарты: бірінші тапсырма бойынша балаларды топқа бөлу. Барлық топтар бір уақытта, сөзсіз, ыммен ұшақ жасау тиіс. Топтарды бақылау.
Екінші тапсырма күрделі. Барлық топтар бір уақытта, бір қолмен бірлесе ұшақ жасауы тиіс. Топтарды бақылау.
Үшінші тапсырма: Жасаған ұшақтарын топ жетекшілері ұшырады. Алысқа ұшқан ұшақ топ иегерлері жеңімпаз атанады.
Жаттығу №4 « Ұжымдық сурет»
Мақсаты: өзара түсінушілікке, ұйымшылдыққа баулу.
Уақыты:10 мин.
Шарты: Топқа бөлу. Балалар қатармен тұрып, бір бірден плакатқа сурет салады. Әр қатысушы алдындағы баланың суретін жалғастырады. Соңында ұжымдық сурет шығуы тиіс. Топ суреттері салыстырылады. Өзара бағаланады.
Тренинг бағыты
Уақыты: 5 мин
Жүргізушінің соңынан, қимыл мен сөзін қатысушылар қайталайды.
- Мен өзімді қандай болсам да жақсы көремін
- Кішкентай болғым келеді
- Үлкен болғым келеді
- Семіз болғым келеді
- Арық болғым келеді
- Көңіл күйсіз болғым келеді
- Көңілді болғым келеді
- Мен өзімді қандай болсам да жақсы көремін
- Бұның барлығы келеді!!!!!
Кері байланыс. Жалпы тренинг бойынша кері байланыс жасау. Не ұнады, не ұнамады. Қандай жаттығуды орындау қиынға түсті?
Тренингке қатысқандарыңа рахмет. Осы тренингте жүргізілген жаттығулар өз көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Тренинг уақыты: 40 мин.
Жауапты:
Күні:
Тренинг мүмкіншілігі: 14-17 жас аралығындағы балаларға арналған тренинг жаттығулары
Мақсаты:
-Оқушылардың бір біріне көмектесу мүмкіншілігін тудыру;
-Эмоционалдық психологиялық қатынасты қалыптастыру;
-Өз күшіне сенімділіктерін арттыру;
-Эмоционалдық қысымды төмендету.
Жаттығу №1. «Жағымды сөздер»
Мақсаты: Балаларға жайлы психологиялық ахуал тудыру. Достық қарым
қатынас орнату.
Уақыты: 10 мин.
Шарты: Топқа бөлу. (банан, ананас топтары) ішкі шеңбер тұрады. Сыртқы шеңбер сағат тілі бойынша жүріп, ішкі шеңберде тұрғандарға жылы сөздер айтады. Белгі бойынша орындарын ауыстырады. Екі топ орындарын ауыстырады.
Жаттығу №2. «Дыбыстық гимнастика»
Уақыты:7 мин
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы эмоционалдық қысымды төмендету. Т
Шарты: Гимнастиканы бастамас бұрын жүргізуші жаттығудың шаотын түсіндіреді. Бұл жаттығуды орнымыздан тұрып, арқамызды тік ұстауымыз керек және тыныштықты сақтауымыз қажет. Ең бірінші терң дем аламыз, сосын дем шығарған кензде қатты және бар күшімізбен дыбысты айтамыз.
А -бүкіл ағзаға жағымды әсер етеді
Е -ауыз кеңірге әсер етеді
И -миға, көзге, мұрынға, құлаққа әсер етеді
О -жүрекке және өкпеге әсер етеді.
Жаттығу №3 «Атомдар мен молекулалар»
Мақсаты: эмоционалды қысымды төмендету, өзіне сенімділігін арттыру.
Уақыты: 10 мин
Шарты: Әр қатысушы жеке – атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құрайтынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады. Ойын бірнеше рет қайталанады.
Қорытынды: неге барлығы кіре алмады?
Ойыннан шыққандар несімен ерекшеленеді.
Жаттығу №4 « Әй, жарайсың!»
Мақсаты: Жағымды қарым қатынас орнату. Өзіне сенімділігін арттыру.
Уақыты:5 мин.
Шарты: Балалар жұпқа бөлінеді. Кезекпен өз жетістіктерін айтып, «Әй, жарайсың!» деп қолдап, қолпаштап отыру.
Жаттығу №5 «Аффирмациялар»
Мақсаты: Оқушының өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Уақыты:5 мин.
Шарты: Қазір көптеген психологиялық әдебиеттер шығарылуда. Әр түрлі мәселелерді шешуде көмектесетін афирмациялар ойлап табыңыз.
Мысалы: бір адамның ісі алға басса, өзіңіздің жұмысыңыз жүрмесе өзіңізге деген қатынасыңызды өзгертіп, «Менің қолымнан келеді» аффирмацияны қолданыңыз. «Мен жетістіктің адамымын», «Менің жағдайым күннен-күнге жақсаруда» т.с.с.
Тренинг бағыты
Уақыты: 5 мин
Жүргізушінің соңынан, қимыл мен сөзін қатысушылар қайталайды.
- Мен өзімді қандай болсам да жақсы көремін
- Кішкентай болғым келеді
- Үлкен болғым келеді
- Семіз болғым келеді
- Арық болғым келеді
- Көңіл күйсіз болғым келеді
- Көңілді болғым келеді
- Мен өзімді қандай болсам да жақсы көремін
- Бұның барлығы келеді!!!!!
Кері байланыс. Жалпы тренинг бойынша кері байланыс жасау. Не ұнады, не ұнамады. Қандай жаттығуды орындау қиынға түсті?
Тренингке қатысқандарыңа рахмет.
Тренинг уақыты: 40 мин.
Жауапты:
Күні:
Тренинг мүмкіншілігі: 14-17 жас аралығындағы балаларға арналған тренинг жаттығулары
Мақсаты:
-Оқушылардың бір біріне көмектесу мүмкіншілігін тудыру;
-Эмоционалдық психологиялық қатынасты қалыптастыру;
-Өз күшіне сенімділіктерін арттыру;
-Эмоционалдық қысымды төмендету.
Жаттығу №1 «Шетел тілі»
Мақсаты: Жағымды психологиялық ахуалды тудыру.
Уақыты: 10 мин.
Шарты: Жүргізуші қатысушыларға шетелше сөйлесуге ұсынады. Сол себептен әр топқа белгілі бір өлең шумақтарын беріледі.
Жили у бабуси
Два веселых гуся
Один серый,другой белый
Два веселых гуся.
Бұл өлеңді басқа тілдерде айтып көрейік. Оны істеу өте оңай. Барлық дауысты дыбыстардың орнына басқа әріптерді қою керек.
Ж?л? у б?б?с?
Дв? в?с?л?х? г?с?
?д?н с?р?й , др?г?й? б?л?й.
Дв? в?с?л?х? г?с?
Польский «Э», испанский «И», французский «Ю», немецкий «У», английский «А», японский «Я».
Жаттығу №2 «Ай мен күнді тап»
Уақыты: 10мин
Мақсаты: Оқушылардың бойындағы эмоционалдық қысымды төмендету. Өзара түсінушілікке баулу.
Шарты: Қатысушылар екі топқа бөлінеді. Ыммен, мимикамен көрсету арқылы өз туған айлары мен күндері бойынша сапқа тұру қажет. Қатесіз, шусыз орындаған топ жеңімпаз атанады.
Жаттығу №3 «Аңшылар»
Мақсаты: эмоционалды қысымды төмендету, өзіне сенімділігін арттыру.
Уақыты: 10 мин
Шарты: Барлық қатысушылар бір қолмен бір-бірін аулау керек. Қолын тигізген бала ойыннан шығады.
Жаттығу №4 «Қолтырауын»
Мақсаты: Жағымды қарым қатынас орнату. Өзіне сенімділігін арттыру.
Уақыты: 10 мин.
Шарты: Жүргізуші бір оқушыға жасырылған сөзді айтады, (мамандықты) оқушы сол мамандықты мимикамен, ыммен көрсетеді. Ал қалғандары оны табу керек. Тапқан оқушы ойынды жалғастырады.
Жаттығу №5 «Сиқырлы сандық»
Мақсаты: Оқушының өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.
Уақыты:5 мин.
Шарты: Сандықтың ішіне парақшаларға жазылған жылы сөздерді таңдап, сол қасиетке лайықты қатысушыға сыйлайды. Соңында бір бірін қошеметтеп, алғыс айтады.
Тренинг бағыты
Уақыты: 5 мин
Жүргізушінің соңынан, қимыл мен сөзін қатысушылар қайталайды.
- Мен өзімді қандай болсам да жақсы көремін
- Кішкентай болғым келеді
- Үлкен болғым келеді
- Семіз болғым келеді
- Арық болғым келеді
- Көңіл күйсіз болғым келеді
- Көңілді болғым келеді
- Мен өзімді қандайц болсам да жақсы көремін
Бұның барлығы келеді!!!!!
«Біздің жағымды қасиеттеріміз». Тренинг
Мақсаты: оқушылар бойында жағымды қасиеттерді аша білу. Өзгелердің жақсы жақтарын көру. Пікірлерімен келісу, түсіну, қабылдау.
- «Біз қандаймыз?» жаттығуы
- Орындарынан тұрып жүру арқылы бір-бірімен көздерімен амандасады, мен қоңырауды соққанда, кездескен екі адам әңгімесін бастайды, бір-біріне сұрақтар қояды:
- Түріне қарап, қандай адам екенін, мінезін айту;
- Түріне қарап, қандай мамандық иесі бола алатындығын айту;
- Қандай рөлге жақын екендігін және қандай рөлге ұқсамайтындығын айту.
- Қоңырау соғылғанда, тағы да араласып, ойын әрі қарай жалғаса береді.
- «Менің ең сүйікті кейіпкерім» жаттығуы
- Психолог: Көздерінізді жұмып, ертегі әлемінде жүрмін деп елестетіңіздер. Ертегі әлемінде барлық кейіпкерлер жүр, өздеріңіздің ұнататын бірнеше кейіпкерлеріңіз де бар. Олар сізбен амандасып, қарсы алуда. Бірақ сіз, олардың ішінен ең жақын, ең өзіңіз жақсы көретін кейіпкеріңізді алып қаласыз. Енді көзімізді ашамыз.
- Қандай кейіпкерді таңдадыңыз?
- Неге Дәл сол кейіпкер сізге ұнайды?
- Осылайша барлығынан сұрап, анықтап болған соң, төмендегі тапсырма ұсынылады:
- Енді осы таңдалған кейіпкерлер арқылы, барлықтарыңыз бірігіп бір ертегі құрастыруларыңыз керек, кейіпкерлер бір-бірімен үйлесімділік табу қажет.
- Талдау: — Құрастырған ертегінің негізгі идеясы қандай?
- «Тілек тілеу»
- Қортындылауды өздеріне жасау.
- Қорытынды: Тренинг соңында оқушылардың алған әсерлерін білу. Көңіл – күйлерінің көтерілгендерін байқау.
- Шеңбер бойында отырып, ұнаған түсті таңдап, жанындағы адамға жақсы тілектер тілей отырып, сол түспен сол адамның ұнаған жеріне саусағының ұшымен бояуды жағу (қолына, бетіне, алақанына).
Ж.Б. Ордабаева
№25 жалпы орта білім беру мектебінің педагог психологі
Павлодар қаласы