Қазақстанның оңтүстік өңірінің топырақ-климат жағдайы жоғары сапалы көкөніс дақылдарын өсіруге өте қолайлылығымен ерекшеленеді. Көкөніс дақылдарының өндірістік өнімділігін арттырудың негізгі жолы өзіндік құны төмендетіп, бәсекелестікке қабілетті өнім өндіру қажет. Қызанақ жемістерінің өнімі шаруа қожалықтарының негізгі кіріс көзі болып табылады.
Бірақ бұл бағалы дақылдың жалпы өнімі қазіргі таңдағы жалпы өнімнің 70% астамы қайта өңделсе, ал республиканың концервілеу өнеркәсібін және елді мекеннің сұранысын толық қамтамасыз ете алмай отыр. Қызанақтың отандық өндірістегі сорттарының талапқа сай өнімділігін арттыру және оның тұқым сапасын жақсатудың негізгі жолы, қолайлы мерзімде және тиімді тәсілмен өсірудің оңтайлы әдістерін сұрыптап, толық қанды өнім түзуге ыңғайлы жағдай жасау қажет.
Жеміс өнімдерін салыстыра отырып, егістік тұқым өнімдерін және қызынақтың отандық жоғары сапалы перспективалық сорттарын әр түрлі мерзімде көшетпен және көшетсіз тәсілдермен өсіру Қазақстанның оңтүстігі жағдайында мүлдем немесе аз зерттеу жүргізілген. Осыған байланысты, қызанақ сорттарының өнімділігіне және тұқым сапасын арттыруды анықтау мақсатында егу мерзімі және өсіру тәсілін зерттеу өзекті мәселе, республикада қызанақ жемісінің өндірісін ұлғайту және өнімділігі мен тұқым сапасын жоғарылатудың маңыздылығы ерекше.
Оңтүсік Қазақстан облысы жағдайында қызанақ көшеттерінің ерте пісетін сорттарын — сәуір айының бірінші он күндігінде 40-45 күндік егу ұсынылады, орташа және кеш пісетін сорттарды сәуір айының ІІ-ІІІ он күндігінде егу ұсынылады. Сонымен қатар, мамыр айының І-ІІ он күндігінде көшеттерді егуге болады. (Хакимов Р.А., Аббасов А.М., 2006; Ермолова Е.В., 2007; Аббасов А.М., Азимов Б.Д., 2008 ).
Тәжірибе жүргізуге қажетті мәліметтердің болмауы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажеттілігін айқындайды және қызанақтың отандық перспективалы сорттарын өндірістік және тұқымдық мақсатта өсіруде ғылыми тұрғыда дәлелденген қолайлы мерзімде және тиімді өсіру тәсілін пайдалану жұмыстың ғылыми өзекті екенін айқындайды.
Біздің зерттеудегі мақсатымыз, Оңтүстік Қазақстан облысы жағдайында қызанақтан өндірістік және тұқымдық мақсатты қамтамасыз ететін жоғары өнім алу үшін ғылыми тұрғыда дәлелденген өсіру тәсілін қолданып, отандық сортарды орташа –ерте, орташа, орташа-кеш қолайлы мерзімде көшеттерді отырғызудың тиімді жолдарын қарастыру.
Қызанақты өсіру тәсілі мен көшеттерді егу мерзімінде дақылдың перспективалы сорттарының өсіп-дамуына, кезең аралық ұзақтығына, өсімдіктің жер беткі бөлігінің қарқынды өсуіне, өнімділігіне және жеміс сапасына әсерін анықтау;
Зерттеуге Оңтүстік Қазақстан облысындағы қызанақтың пісу мерзімі бойынша ерекшеленетін және тұқымдық өнімділігі жоғары аудандастырылған: ерте пісетін – Ранний-83, орташа мерзімде пісетін — Меруерт және кеш пісетін — Оливия отандық сорттар алынды. Бастапқы элиталы тұқымды оригинатор: Қазақтың көкөніс және картоп шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтынан сорттық және егістік сапасының ерекшелігіне қарай таңдап алдық.
Зерттеу зерзатына: дақылды көшетті және көшетсіз өсіруді салыстыра отырып, өсіру тәсілі мен көшеттерді егу мерзімінің қызанақ сортарын тұқымдық және азық-түліктік мақсатта өсіруге баға беру, тұқымды беткі қабатқа егу (5-10 сәуірде), көшеттерді 6-7 жапырақ түзуде сәуірдің 20-25 жұлдызында отырғызу, 5-10 мамырда, 20-25 мамырда, және 10 маусымда көшеттерді отырғызып, өсіру тәсілі мен көшеттерді егу мерзімінің өнімділікке, қызанақ сорттарының тұқымдық және егістік сапасы анықталды.
Зерттеу жұмыстары Сайрам ауданы, Ақбай елді мекенінде орналасқан Сайрам мемлекеттік сорт сынау учаскесінде жүргізілді. Зерттеу далалық тәжірибе жүргізу және мөлдектерге жайластыру бағыты бойынша орындалды. Далалық тәжірибеде жемістің өнімділігі, тұқымның өнімталдығы, тұқым ұрпағына қарай жеміс өнімділігі анықталды; зертханалық жағдайда жемістен алынған тұқым саны, 1000 тұқым массасы, физикалық қасиеті, тұқымның өнгіштігі, өсу энегиясы анықталды. Далалық тәжірибе 4-реттік қайталама бойынша жүргізілді. Өсімдіктерді орналастыру үлгісі 70х40 см.Мөлдек екі қатарлы, есептегі мөлдек көлемі 7,42 м2. Тәжірибе барысында өсімдіктің негізгі өсу кезеңдеріне фенологиялық бақылау, биометриялық өлшеу, жеміс өнімділігіне есепжүргізілді, жемістің биохимиялық және тауарлық сапасы, тұқымның өнімділігі және шығымы анықталды. Жеміс және тұқым өнімділігін есептеу нәтижелері статистикалық өңделіп дисперсиялық тәсілмен талдау жүргізілді. Зерттеу әдістемелік мәліметтерге сүйеніп, талаптарға сәйкес: Методика полевого опыта (Доспехов Б.А., 1985); Методические указания по селекции овощных культур на пригодность к механизированной уборке (1985); Методика опытного дела в овощеводстве и бахчеводстве (Белик В.Ф.,1992), негізге алып жүргізілді.
Зертханалық жағдайда тәжірибе жүргізіліп, тұқымның егістік сапасы және физикалық қасиеті анықталды, термостатта 22-25Стемпературадаөскіндер өсірілді.Өскіндер Петри чашкасында сүзгілі қағазды дистиллендірілген сумен ылғалдап, оның бетіне әр нұсқадан 100 тұқым төрт қайталама бойынша алынып өсірілді. Тұқымның өсу энергиясы 5 тәуліктен кейін, ал өнгіштігі 10 тәуліктен кейін анықталды.
Қызанақтың перспективалық сорттарының өнімділігіне және жеміс сапасына, көшеттердің өсіп-дамуына өсіру тәсілі мен көшеттерді егу мерзімінің әсері. Қызанақ дақылының Ранний-83, Меруерт, Оливия сорттарының тұқымын 5-10 сәуірде жердің жоғарғы қабатына тікелей себуді және көшеттерді отырғызу мерзімі 20-25 сәуірде, 5-10 мамыр және 20-25 мамырда,10 маусымда егуді салыстыру барысында, қызанақ дақылын көшетсіз (топыраққа тұқымды 5-10 сәуірде егу)Раний-83, Меруерт сорттарының далалық өнгіштігі 70-71 % құрады, алОливия сортыныңдалалық өнгіштігі – 67,1% көрсетті, және егуден кейінгі көктерінің пайда болуы 14-15 күнде байқалды.Көшеттер алу үшін тұқымды егуді мерзімін 20-25 сәуірде, 5-10 мамыр және 20-25 мамырға кешіктіріліп тұқымның далалық өнгіштігі барлық сынақтарда қарқынды өсуі байқалды, алғашқы көктеуден аралық кезең қысқарды. Көшеттерді пленкалы жылыжайда кассетада өсіруде, яғни 20-25 сәуірде және 5-10 мамырда егу нұсқасында сапалы өскін 45 күннен кейін алынды.
Дақылды көшетсіз өсіруде «көктеуден-гүлдеуге» дейінгі кезеңаралығы Ранний-83 сортында-56, Меруерт сортында-55 және Оливия сортында-63 күнге созылды, ал «көктеуден-пісуге» дейінгі кезең аралығы сорттарға байланысты сәйкесінше 90,93, 94 күн аралығы болды. Қызанақ дақылын көшеттермен өсіруде қайсы мерзім болмасын бұл кезең аралығы ұзарып сәйкесінше, Ранний-83 сортында 6-15 және 16-20 күнге, Меруерт сортында 10-17 және 15-21 және Оливияда бұл 3-13 және 17-24 күнге ұзарды. Кеш егу және көшет отырғызуда сынаққа алынған үш сорттың дадамубарысында кезең аралық қысқару заңдылығы байқалмады. Барлық үш сортты көшетсіз өсіруде негізгі сабақтың биіктігі, жанама бұталардың саны және жапырақ саны бойынша салыстырмалы зерттелді, көшетпен өсіру тәсіліндегі 20-25 сәуірде және 5-10 мамырда егілген нұсқада жоғары болды. Ал 20-25 мамырда егілген көшет, 10-шы маусымда егілгеннен жақсы болғаны байқалды. Жер бетіндегі сабағы жақсы өскен барлық сорттар 5-10 мамырда егілген көшеттерде байқалды; ал 10маусымда егілген көшеттердіңсабақ биіктігі төмен болды. Түзілген жеміс элементтерінің саны жағынан(гүлі және жемісі) көшеттерді мерзімде отырғызу 20-25 сәуірде және 5-10 мамырда егілген көшеттерде ең жақсы көрсеткіш байқалды, көшетсіз өсімдіктер –орташа және өте нашарөскіндер 20-25 мамырда және 10 маусымда егілген нұсқада анықталды.
Қорыта келгенде зерттеуге алынған үш сорттың да жалпы ең жоғарғы өнімділік көрсеткіштері, көшетпен өсірілген нұсқада 20-25 сәуірде егілген көшеттер де түзілді. Бақылаумен (5-10 мамырда отырғызылған) нұсқамен салыстырғанда қосымша өнімділік 1,9-4,9 т/га немесе 5,1-15,9 % товарлық -2,4-7,8 т/га немесе 7,9-17,2 % құрады. Қызанақ дақылын көшетсіз өсіруде барлық зерттеуге алынған үш сорттарда өнімділік көшетті 5-10 мамырда отырғызу нұсқасынан төмен болды және ерекше өнімділік 20-25 сәуірде байқалды. Меруерт сортында өнімділік көрсеткіші, барлық егу мерзімінде біргелкі болып, 20-25 мамыр, 10-шы маусымда егілгеннен жоғары қарағанда жоғары өнімге қол жеткізілді.
С.Н. Сапарбекова., Ш. А. Белходжаева,
Шымкент аграрлық колледжі