Көптен бері ойда жүрген іс еді. Құтты осы телефон қоңырауын күткендей көрінді.
Білім айнасы газеті мен Bilimainasy.kz сайтының жетекшісі болғандықтан мектеп, балабақша, колледждермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз. Сондай бір жұмыс барысының туындаған сұрақтарға байланысты Астана қаласының № 56 мектеп директорының орынбасары — Сәуле Амангелдіқызына қоңырау шалдым. Амандық — саулықтан соң, ол кісі өздерінің жаңа бастамасын алға тарты. Оқу орынында журналисттер қосынының барын және олар жұмысты белсене жасайтындарын айтты. Ол оқушылар бейсенбі күні бас қосатындарын хабардар ете отырып, мені де сол кездесуге шақырды, анығын айтқанда мен өзім сұрап алғандай болдым. Өйткені, меніңде жобам «Жас журналист» еді. Оқушылармен бетпе-бет кездесіп, ойларын білгім келді.
Кездестік, мәжіліс құрдық, Жас әріптестерімнің мәселені талқылап, өз ойларын ортаға салғанына тәнті болдым. Өздерінің мектептері мен ұстаздарының ұшан теңіз еңбек жасап жатқанын жарыса айтты. Болашақта үлкен жетістіктерге жету үшін еңбектерін де аямайтынын жасырмады. «Көздерінде оты бар, мен жастарға сенмін» сөзі осындай жас түлектерге арналған екен. Ата-ана, ұстаздар қауымы осындай жігерлі балалардың талабын жықпас үшін мамандық таңдауды ерте бастан қолға алып, жастарды мамандық маманымен етене аралстырған дұрыс сияқты деп ойлаймын.
Телефон қоңырауын күтіп отырған болсаңыз. Қоңырау барысыда бастаған істі аяқтау керек екеніне шешім қабылдадым.
Шағын ой толғау «Білім айнасы» газеті мен Bilimainasy.kz сайтының жетекшісі: Қуантай Амантайұлы