Жеңіс күнінің 73 жылдық мерейтойына орай, Алматы қаласы, Талғар ауданы, Ақдала ауылы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар жалпы білім беретін № 44 мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Баятова Жазира Нурсагатовнаның ұйымдастыруымен «Отты күндер ер есінде, Жеңіс күні ел есінде» деген тақырыпта мектепшілік іш-шара өтті. Оқушыларды патриоттық тұрғы да тәрбелеу және бір ауыздан бірлікке шақыру мақсатында ұйымдастырылған шараның алар орны ерекше екенін айта кеткенді жөн көрдім. Оны Отан үшін соғыс кезінде ұшақтың, оқ пен артиллерия сондай ақ танктердің гүрсілдеген дыбысынан құралған көріністен көрдік. Әдетке айналған дәстүр, еліміздің жүрек жұтқан жауынгерлерін бір минут үнсіз еске алумен басталды. Ер-азаматқа бергісіз қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүк туралы жыр оқылды. Қатысушылар, қазақ тарихына тоқталып, бастан өткен қиын кезеңді ұмыттырған тәуелсіз елдің тұғыры биік болсын деп тілек білдірді. Айта кетуіміз керек, қасық қаны қалғанша қызмет еткен ер-азаматтар ешқашан ұмытылмайды. Қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлай алған мектеп ұжымының дайындығының нәтижесі жоғары. Ең бастысы –еркіндік жасасын!
Жадыра Бағашар
Білім айнасы
Талғар ауданы