Қазіргі таңда баланы тәрбиелеуде ата-ананыңда,тәрбиеші-ұстаздыңда ролі зор.Жас күнінде бала қандай тәрбие алса сол ізбен алға қарай өсетіні сөзсіз.Тәрбие кезінде отбасының,балабақшаның да алатын орны зор..Ата-ана баласына өз отбасын қадір тұтудан бастап,туған-туыс,Отан,Қазақстан деген ұғымдарды терең түсінгені, құрметтеп қарауға тәрбиелеу керек екенін ұғындыру.
Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білімді дамыту тұжырымдамасында «Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы.Ол баланың жеке бас ерекшелігін ескере отырып дамытатын орталық» делінген.Баланы тәрбиелеу,дамыту және білім беру мәселелрінде отбасы мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы нәтижесінде қол жеткізіледі деп ойлаймын.Бала тәрбиесі ана сүтімен басталып,өмір бойы қалыптасатын күрделі құбылыс екні аян.Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланып,балабақшамен байланыс арқылы одан әрі жалғасын табары сөзсіз.
«Жаста сіңген тәлімің,өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» -деп классик жазушы айтқандай
Балалық шақтан бойына орныққан,ана сүтімен даритын,ұлттық сезім нышандары сөз өнері оның болашақ шамшырағына айналып,рухани байлығын кеңейтеді деп ойлаймын.Оны туған жерге,елге,халқына деген сүйіспеншілікке, патриоттықа тәрбиелеу-аса жауапты міндеттердің бірі. «Бала тілі-бал» тақырыбында арнайы топ газетін шығарып балалардың қызықты сәттері мен өз қиялдарынан шыққан тәтті сөздерін жазып іліп қойдық. «Жылжымалы папка» ата-анамен байланыс дәптеріне ата-аналар өз пікірлерін жазып,кеңестермен танысты. «Балам өсіп келеді» тақырыбында ата-аналарға эссе байқауын өткізіп пікірсайыста талқыладық. Осы орайда өзім жетекшілік еткен сәбилер тобында өткізген «әкем,шешем және мен» спорттық сайыс, «Менің отбасым» дөңгелек үстел « Қош келдің Алтын күз» бүлдіршіндер арасында өткізілген шараларымның қосар үлесі мол болды.Қоғам үшін әр кезеңде,әр отбасында өсіп келе жатқан өрімдей ұл-қыздардың дені сау,рухани бай,еңбекке,білімге құштар болып өсуі-ең жоғарғы тілек,ең биік мақсат.Оның қуат алатын қайнар бастауы отбасы.Отбасының аса құнды ықпалы мен әсерін өмірдегі ешнәрсенің күшімен салыстыруға болмайды деп ойлаймын.
Құсайнова Гүлсая Қойтанқызы.
«Гүлдәурен» ясли бақшасының тәрбиешісі,
Атырау облысы.Жылыой ауданы.Құлсары қаласы.