«Ана алдында – құрмет,
Ата алдында-қызмет» — деп халық нақылы айтқандай мен өз эсемді осы нақыл сөзден бастағым келеді.
Отбасы – адам баласының түп қазығы, алтын ұясы болып табылады. Отбасы адам үшін ең жақын ортасы, таным бесігі, үлгі өнеге бастауы. Отбасында адамның асыл және жағымды қасиеттерді дамиды. Отбасы қоғамдағы мінез-құлық дағдыларын дамытатын ең жақын ортасы болып табылады. Отбасы – бұл бақыт пен берекенің, таулық пен бірліктің мекені. «Отан отбасынан басталады» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай отбасы бала тәрбиесін қалыптастыратын ең алғашы бесігі және бала отбасының бақыты. Мен өз отбасымды өте жақсы көремін. Әке-шешемді, бауырларымды, туысқандарымды құрметтеймін. Олардың болашақта үмітін ақтау үшін жақсы білім алып, еліме өз еңбегімді сініргім келеді.
«Өзін тәрбиелей білмеген өзгеге өнеге көрсете алмайды» деп Абай атамыз айтқандай «Өзін-өзі тану» пәні адамға өмірді танып білуге құштарлықты, білім алуды, сүйікті ісіңмен айналысуды үйретуге мүмкіндік береді. Өмірде, ұқыпты, әдепті, өнерлі, ақылды, мейірімді болуды, жолдарымен таныстырады. Қоғамды бірліктің, ынтымақтың қажеттілігін түсініп, Отанына сүйіспеншілік таныта алуды үйретеді.
Айтжанова Перизат,
5 «А» сынып оқушысы,
Жакупова Қарақат Жасұланқызы
№59 орта мектебінің
Өзін-өзі тану пәні мұгалімі,
Қарағанды қаласы