Home » Ашық сабақтар » Отбасы сүйіспеншілігі

Отбасы сүйіспеншілігі

Ермаханова Гүлшат Садыққызы
№109 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
3 б сынып жетекшісі

 

 

Мақсаты: Отбасы туралы ұғымын тереңдету. Ата-ананы құрметтеуге, сыйлауға үйрету.

Адамгершілікке, ізеттілікке, имандылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайдтар, суреттер, постерлер Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз

Ата-ананы құрметтеп

Бас иеміз біз.

ІІ Кіріспе

Шынымен де, балалар. Өздерің тақпақта айтқандай ата-ананы құрметтеуіміз керек.

Өйткені…

(Оқушылар жауап береді)

 

ІІІ. Негізгі бөлім

Суретпен жұмыс

 

Үш топқа қиынды сурет бойынша сурет құрастыру. «Отбасы» туралы сурет шығады. Әр топтан қандай суреттер құрастырылды? Оған қандай тақырып қояр едің? (отбасындағы адамдар суреті)

 

Отбасы мүшелерін атайықшы.

Ата, әже, әке, шеше, аға, тәте, іні, қарындас, сіңілі.

 

-Осы кісілер бірге тұратын мекенін отбасы деп атайды екенбіз.

Отбасы-ол ең жақын адамдардың ошағы.

 

Отбасы –тәлім-тәрбие мектебі. Адам өнеге-үлгіні отбасынан алады. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқорлық жасау, адалдық, әдептілік, еңбексүйгіштік отбасының үлгі-өнегесі болып табылады. Отанды сүю, ана тілін құрметтеу, табиғатты аялау да отбасынан басталады.

 

Отбасы –сүйіспеншілік пен шаттықтың ордасы.

  1. Топтық жұмыс

 

І топ: Бес жолды өлең

  • топ:Мақалды жалғастыр

 

  • Балапан ұяда не көрсе, Ұшқанда …

 

  • 2) Отан — ….

 

  • топ: Топтастыру: Отбасы

Бағалау

 

  • Өлең оқу

 

  • Ата-Айғаным

 

  • Әже –Назым
  1. Әке –Жансая

 

  • Апа – Инабат
  1. Қарындас – Нұрымжан

 

ІҮ. Қорытынды

  1. Бейнебаян

 

  1. Ұлағатты сөздер

А) Ата-анаңа ауыр сөз айтпа.

Ә) Ата-анаңды өмір бойы сыйла.

Түйіндеме

Отбасы — сүйіспеншілікті сезінуге үйретеді;

жақсылыққа жетелейді;

еңбектенуге, білім алуға көмектеседі;

үлкендерді құрметтеуге, кішілерге қамқор болуға тәрбиелейді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.