Home » Ашық сабақтар » Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастырудың тиімді жолдары

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығын өзара ұйымдастырудың тиімді жолдары

 Баланы  бұзуға,  түзеуге  себеп  болатын
  бір  шарт  –  жас   күнде  көрген  өнеге
Жүсіпбек  Аймауытов

                                                                                                

Бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты педагогтар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басты рөлде екенін айта отырып, бірлесе жұмыс жасау керек. Әрбір педагог ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға, тәрбиешіге деген көзқарасы өзгерер еді.
Отбасы тәрбиесінде кездесетін сәтсіздіктер ата-аналардың пеадгогикалық сауатсыздығынан және оларда тәрбие жұмысын жүргізуге қажетті тәржірибенің жоқтығынан болады. Балаларды тәрбиелеудің дұрыс жолын табу үшін ата-аналарға көмектесу тәрбиешілердің бірден бір міндеті болып табылады. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата-ана педагогика-психологиялық әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс. Ата-аналардың барлығы да жақсы, алайда тіпті нағыз керемет адамның өзі де өмірдегі ойлау стерео типіне байланысты білімінің жетіспеушілігінен (мысалы, жас ерекшеліктері), тәжірбиесінің аздығынан қателесуі мүмкін. Сондықтан, кейбір жағдайларда ата-аналар өздерінің пікірлерін жалғыз дұрыс пікір деп санап, ешкімді тыңдағысы келмей, мәселеден бастарын аулақ салып барлығы дұрыс деп көрсететіндері кездесіп жатады. Бала үшін басты мәселе үнемі қолдары босамайтын және оған уақытының бір бөлігін қиюға қолдары тимейтін жақын адамдар түсінбестігі болып табылады. Балалар көбінесе ықылас, қамқорлық, қолдау, мейірімді қарым-қатынастың тапшылығынан азап тартады. Алуан түрлі ата-аналар кездеседі, сол себепті олармен өзара қарым-қатынас құру барысында тәрбиешіге қиындықтар тууы мүмкін. Бала балабақшаға жалғыз келмейді, олар бізге ата-аналарымен және жақын туыстарымен келеді. Балабақшаға келген кезде әрбір ересек адам кездейсоқ жүрген адам емес. Ол бала үшін белгілі бір ақпарат көзі болып табылады. Балабақша жайында ересектердің балаға айтқан ақпараты жағымды болған сайын педагог пен бала арасындағы өзара іс-әрекет үйлесімді болады. Бұл үрдіс екі жақты, сондықтан бала тарапынан жағымды қарым-қатынас ата-аналардың балабақшаға қатынасын және оның педагогикалық ұжыммен ынтымақтастығы сапасына әсерін тигізеді. Мақаламда жас, жұмысты енді бастап келе жатқан тәрбиешілер мен  ата-аналарымыздың арасындағы қатынас барысында өзара түсіністікке қол жеткізудің бірқатар жақсы танымал, кейбір жағдайда аңғармай жіберіп алатын тиімді тәсілдеріне көңіл аударғым келеді. Сонымен, ата-ана балабақшаға жұмыс пен үй, тірлік пен қамқорлық әлемінен келеді, алайда оның көңіл күйі әрқашан да шаттықта бола бермейді. Оны тәрбиешінің қалай қарсы алуының өзі олардың бұдан арғы диалогы дұрыс қалыптасуына әсерін тигізеді. Көптеген тәрбиешілердің үндемей келіп немесе немқұрайлы сәлем беріп қабағы түнерген ата-аналарды қарсы алуы ықтимал. Ата-аналардың осындай мінез құлық стерео типін өзгертуге көмек көрсету аса маңызды.
Мысалы: төмендегідей жасауға болады; ата-ананың аты-жөні қалай екенін еске түсіріңіз, оны жылы шырай қалыпта елестетіңіз, күлімсіреңіз, оны сенімді түрде есіммен атаңыз, көзіне қарап тұрып сәлемдесіңіз. Сіздің баланы және оның ата-анасын көргеніңізге қуанышты екендігіңіз туралы сөзіңіз оның нәтижесін арттырады. Әрине бірінші кезден бастап мұндай нәтижеге қол жетпеуі мүмкін, алайда тәрбиешінің шыдамдылығы мен табандылығы біршама уақыттан кейін ата-ананың мейірімді және ілтипатты қатынасы өзіндік үлесін алуға ұмтылатындығына себеп болады. Тәрбиешінің мұндай қарым-қатынасын көрген балалар тез арада жағымды сөздер айтуға дағдыланады және өздері де мейірімділік пен жылы шырайлықтың үлгісін көрсетеді. Ата-анамен әңгіме барысында оны жиі-жиі есімімен атап айту пайдалы, өйткені осының өзі кез келген адамды қоршаған топтағы адамдардан ерекшелейді; ата-ананы есімімен айту тәрбиешінің оған мүдделі екендігін және ықыласпен қарайтындығын көрсетеді, бұл өзара қарым-қатынастағы қашықтықты сақтайды. Енді ата-ана арасындағы маңызды диалог – көңіл қоя тыңдау жайында. Ата-ананың қандай да болмасын пікір немесе сенімдерді айту барысында өзінің табандылығы мен артық негативін азайту үшін оны ықыласпен тыңдау қажет, бұл тәрбиешінің ата-ананың не айтып тұрғандығын нақты білдіруін көрсетеді.  Ата-анамен сындарлы өзара қарым-қатынастың тағы бір маңызды элементі – бұл тәрбиешінің жағымды ойды пайдалану қабілеті, яғни кез келген қалыптасқан жағдайдан жағымды нәрсе көру. Кез келген жағдайда көңіл қоя тыңдау арқылы мейірімділік, жарқын жүзділік және құрмет таныта отырып, ата-аналардың алдында жағымды қасиеттерін аша отырып, сіз күнделікті мына қарбалас өмірде оған әдемілік пен жарқындықты көруге, кез келген қиын жағдайда пайдалы тәжірбие алуды, жылдам өтіп бара жатқан күндерден қуаныш пен бақытты сәттерді табуға және ләззат алуға мүмкіндік бересіз. Сіз оларға өз баласын сүйіспеншілік пен қолдау, түсіністік пен табыстылыққа деген сенімнің қоршауында өсіруіне жағдай жасайсыз. Ата-аналармен «Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас қ
ұзіреттілігін арттыру жолдары» атты тренинг-семинар ұйымдастыруға болады.
Мақсаты:
  Ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымдарға тарту,  баланы тәрбиелеу мен дамыту процесінде өзара әрекеттерінің түрлі стратегияларын құру, отбасылық тәрбиені іске асыруда психологиялық, педагогикалық қолдау көрсету.
Міндеттері:
— Педагог пен ата-аналар арасында тиімді серіктестік құру, мектепке дейінгі ұйым қызметіне белсенді қатыстыру.
— ата-ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.
— ата-ана мен педагог арасындағы қарым-қатынастың ерекшеліктерін психологиялық жаттығулар арқылы көрсету.

Қажетті құрал жабдықтар: семинар бағдарламасы, бала тәрбиесіне арналған жаднама, «Таяқтау оңай, тәрбиелеу қиын», «Бала нені білсе ұядан соны таныр қиядан», интеррактив тақта,  т.б.
Сабақтың түрі: семинар-практикум.

Көрнекіліктер: Отбасы суреті, бояу қарындаштар, қалам, таза парақ, ватман,  қайшы, желім.
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі сіздердің назарларыңызға ұсынылғалы отырған  «Педагог пен ата-ана арасындағы қарым-қатынас құзіреттілігін арттыру»  семинар-тренингіне қош келдіңіздер!

І. Танысу.
Ата-аналар өздерін гүлге теңеп, таныстырады. Мыс., Мен жайқалған қыр гүлімін.
ІІ. «Менің қалаған түсім».
Қазір сіздер қобдишадан қалаған түстеріңізді таңдап, әр түске сәйкес топқа бөлінесіздер.
Қызыл, сары, ақ түстер
Таңдалған түстерді интерпретациялау.
Қызыл түс — энергия түсі, ол адамды іс – әрекетке итермелеп, үнемі жігерлендіріп отырады. Жоғары сенімді, жігерлі, мінез — құлқы батыл тұлға.
Сары түс — көңілді түс, адамдармен тез араласуға көмектеседі. Бұл түсті таңдағандар – іскер, мінез-құлқы мықты, жаратылыстану пәніне жақын.
Ақ түс — өз мақсатына жетеді, дарынды әрі мәдениет саласында өнерлі.
ІІІ. «Мен сіздерге сенемін…» сергіту жаттығуы.
Жаңа инновациялық технологияны пайдалана отырып,  ата-аналардың педагогикалық білімдерін арттыру.
Тапсырма: Слайд арқылы  жасырынған бейнені тауып, тез жауап береді. Бейнеленген суретті тапқан соң, аты-жөнін айтып «мен сіздерге сенемін…» деп айтуы шарт.
Әр жауапқа рефлексия жасау: Сіз сол адамға сенім артқанда қандай сезімде болдыңыз?
ІҮ. Жағдаят.
Ата-аналар үстел үстінен үлестірмелі қағаздарды бөліп алып, ситуациялық көріністер қойып, жауап береді.
1. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер, Мысалы: түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады,….. деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да сондай сауалдарды көп қоятын болса, жауап беруге тырысасыз ба, әлде елеусіз қалдырасыз ба?
2. Сізге балабақшадағы тәрбиешіден «Сіздің балаңыз басқа балаларды ұрады» деген бірнеше шағым айтылады. Тағы көрші ата-аналардан да «Біздің баланы ұрды» деген сөз естуге тура келеді дейік. Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
3. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрасыз. Тәрбиешісі сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
Әр жауапқа рефлексия жасау: Сұраққа жауап беруде қиналдыңыз ба, ұнаған кейіпкер.
Ү. Тынығу сәті: (баяу музыканың үнімен өткізіледі.)
Терең демалайық! Құдіретті жарық түсіп тұрғанын елестетіңіздерші. Бұл қайырымдылық, бақыт, бейбітшілік және қуаныш жарығы. Қандай тамаша! Қане, сұлулықты тамашалап көрейік! Бұл таңғажайып жарық жүрегімізге тыныштық, қайырымдылық, сүйіспеншілік әкелсін. Ішкі дүниеміз тап — таза, жап — жарық болып кетті. Міне, керемет! Жүрегімізде әдемі гүл ашылып келеді. Қандай әдемі! Түрлі-түсті жапырақтар құлпырып тұр. Бұл сіздің отбасыңыз. Ал гүлдің ортасындағы дөңгелек бұл сіздің балаңыз. Бұл жәй гүл емес, сүйіспеншілік гүлі.
Рефлексия жасау: Қандай сезімде болдыңыз?
ҮІ. Жүректен жүрекке.
Ата-аналар ақ параққа балаларына тілек жазып,  гүлдің суретін салып, бояп, қиып ағашқа жапсырады. Гүлдестеге баласына деген сүйіспеншілігін жазып, өз ой — пікірлерін айтады.
Тренингті қорытындылау. Қандай әсер  алдыңыз?
Ата-анаға көз қуаныш,
Алдына алған еркесі.
Көңіліне көп жұбаныш,
Гүлденіп ой — өлкесі. – деп Абай атамыз айтқандай балаларыңыз сіздерге тек қуаныш, шаттық әкелсін!
Тренингке қатысқандарыңызға көп рахмет! Үйлеріңізге әрқашан  бақыт  гүлі толсын! Осымен тренингіміз аяқталды.

АННОТАЦИЯ

Педагог пен атана арасындағы құзіреттілікті арттырудың негізгі алғы шарттары – тәрбиешінің топ ата-аналарының  құрамын зерттеуі, ата-аналармен тұрақты байланыс орнату, ата-аналардың педагогикалық білім дәрежесі мен мәдениетін үнемі арттырып отыру.
Бұл үштік одақ ( бала, ата-ана, тәрбиеші ) жұмысын жандандыру болып табылады. Демек, бүгінгі таңда болып жатқан өміріміздегі өзгерістерге байланысты педагог пен ата-ананың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеуде  отбасының  басым  ролін  мойындай  отырып,  бірлесе  жұмыс  жасау  керек.  Әрбір педагог ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа әдістерді пайдалана отырып, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың  балабақшаға,  тәрбиешіге деген  көзқарасы арта түседі.

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Отбасы және балабақша» №5 (141) қыркүйек-қазан 2010ж.
  2. Байденко В. И. Выявление состава компетенций выпускников вузов как необходимый этап проектирования ГОС ВПО нового поколения: Метод.пособие. М., 2006.
  1. Введенский В. Н. Моделирование профессиональной компетентности педагога // Педагогика. 2003. № 10.
  2. Зимняя И. А. Ключевые компетенции — новая парадигма результата образования // Высшее образование сегодня. 2003. № 5.
  3. Конопкин О. А. Общая способность к саморегуляции как фактор субъектного развития // Вопр. психологии. 2002. № 2.

 

   

 

 

 

 

А.Қ.Таубаева
№50 «Жұлдыз» балабақшасы
МКҚК педагог-психолог
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.