Home » Баяндамалар » Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы – сапалы білім берудің үздік жүйесі

Отбасы мен балабақша ынтымақтастығы – сапалы білім берудің үздік жүйесі

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің»

 

              Қоғам үшін әр уақытта,әр отбасында өсіп келе жатқан ұрпақтың дені сау, рухани бай, еңбекке, білімге құштар болып өсуі – ең жоғарғы тілек, ең биік мақсат.оның қуат алатын қайнар бастауы – отбасы. Отбасы – өмірге сәби әкеліп, оны тәрбиелеп қалыптастыруда және ұрпақ жалғастыруда теңдесі жоқ орын. Сондықтан да балаға ата-ана тәрбиесінің орнын ешкім алмастыра алмайды.
Ұлы педагог А.С.Макаренко «Балалардың алдында беделді болуды қаламайтын ата-ана жоқ. Бірақ қалай, қай бағытта өнеге беріп, өсіріп келе жатқанын ойламастан бала санасына өктемдік жасап тәрбиелейтін ата-ана баршылық», — деп айтып өткен. Отбасы-жан-жақты, үздіксіз тәрбиенің негізгі институты. Ата-ана бастапқы, алғашқы тәрбиешілері.ал қай бағытта,қалай өнеге беруді әрі қарай бірлесе жалғастырушылар, біздер – тәрбиешілер.
Өскелең ұрпақтың жарасымды жетілуіне, ақыл-ой, дене тәрбиесінің дұрыс дамуына, адамгершілік қасиеттерінің жоғары деңгейде қалыптасуына отбасы мен балабақша тәрбиесінің ынтымақтастығы – басты міндет болып табылады. Отбасы және балабақша ынтымақтастығын нығайту және әрі қарай жандандыру мақсатында балабақша не мектепке дейінгі мекемелерде түрлі ата-аналармен жұмыстар жүргізіледі. Бұл жұмыстар ата-ана мен бала, тәрбиеші мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты жақсарта түседі, демек оқу-тәрбие үрдісіндегі біршама міндеттердің орындалуына жол ашады. Ата-аналарды балабақша өмірімен толықтай таныстыру, балаларының оқу барысындағы нәтижелерін көрсету.
№67 «Шұғыла» балабақшасында балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету мақсатында «Ата-аналармен жұмыс» атты апталығы өтті. Барлық топтарда ата-аналармен түрлі семинарлар, тренинг сабақтар, сан-қилы сауалнамалар мен қызықты пікірталастар жүргізілді. Менің «Балдәурен» ортаңғы тобымен өткізген ата-аналармен ұйымдастырған ашық оқу іс-әрекетімде ата-аналар өз пікірлерін ашық айтып, түрлі ұсыныстар, талап-тілектерін білдірді. Біз, тәрбиешілер ата-аналарға балалардың оқу-тәрбие үдерісінің нәтижесін арттыру мақсатында психологиялық дәрістер мен кеңестерін ұсындық. Әр түрлі ситуациялық сұрақтар қою арқылы біршама мәселелердің өзіндік шешімін қарастырдық. Ата-аналарға тәрбиешілер тарапынан түрлі тапсырмалар беріліп жатты. Ата-аналар ұжыммен де, жеке дара тапсырмаларды орындап және оларды қорғап жатты. Ертегілер еліне саяхат жасап балалар да, ата-аналар да ертегі қойылымын көрсетіп берді.
Қорыта келгенде қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуында отбасы мен балабақшаның рөлінің ерекше екендігін, ата-аналардың балабақшамен, тәрбиешімен тығыз байланысының рөлі өте үлкен және аса маңызды мәселе болып отыр.

 

Даулетбаева Айжан Серикбаевна
№67 «Шұғыла»  балабақшасы тәрбиеші
Астана қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.